"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 69 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелу тізілімінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3814 тіркелген, аудандық "Пульс района" газетінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 30 (6858) жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
Аталған каулымен бекітілген Ереженің:
"2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген бөлімнің 17-тармағының 1), 5), 9), 10), 11) тармақшалары алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Нұрғожинға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Г. Акулов |