"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 69 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 113 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 мамырда № 3956 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 172 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 23.09.2016 № 172 қаулысымен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 69 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелу тізілімінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3814 тіркелген, аудандық "Пульс района" газетінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 30 (6858) жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
      Аталған каулымен бекітілген Ереженің:
      "2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген бөлімнің 17-тармағының 1), 5), 9), 10), 11) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Нұрғожинға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г. Акулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады