Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 172 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37-бабының 8-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 480 Заңының 27-бабына сәйкес, ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын; "2010 жылғы 29 қазандағы "Интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне және қамаудан босатылған азаматтарға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" әкімдіктің № 807 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 25 қазандағы № 509 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 21 қарашадағы № 2727 тіркелген); "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгертулер енгізу туралы" 2014 жылғы 27 наурыздағы № 74 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 4 мамырдағы № 3286 тіркелген); "2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 292 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 25 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 4 наурыздағы № 3718 тіркелген); "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 69 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 113 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 мамырдағы № 3956 тіркелген); "Бородулиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 149 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2015 жылғы 25 тамыздағы № 205 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 4150 тіркелген); "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы" 2016 жылғы 26 ақпандағы № 33 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 17 наурыздағы № 4422 тіркелген); "2016 жылға Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 263 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" 2016 жылғы 26 ақпандағы № 34 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 24 наурыздағы № 4428 тіркелген); "Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 807 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" 2016 жылғы 9 маусымдағы № 114 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 13 шілдедегі № 4601 тіркелген).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Лазуринге жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г. Акулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады