Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 15.11.2017 № 308 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Т. Каимулдинов |
Жарма ауданының әкімінің 2015 жылғы "26" маусымдағы № 208 қаулысына қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналардың ақы төлемінің мөлшері
Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру өлшемі (теңге) | Тәрбиеленушілердің саны (адам) | Бір айға бір тәрбиеленушіге орта есеп шығыны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір айға ата-аналардың төлемақысы (теңге) | |||||
Бала-бақша | Мектеп жанындағы кіші орталық | Бала-бақша | Мектеп жанындағы толық күнді кіші орталық | Бала бақша | мектеп жанындағы кіші орталық | |||
республикалық бюджет | жергілікті бюджет | республикалық бюджет | жергілікті бюджет | |||||
19 019 | 21 524 | 8 482 | 8 482 | 645 | 365 | 20 272 | 8 482 | 7 000 |