РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 18–бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 183 қаулысына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің № 72 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9946 нөмірімен тіркелген) сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1. Ауданның ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға мынадай әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылсын:
1) жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит.
2. "2014 жылға арналған ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Зайсан аудандық мәслихатының № 29-8/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 21 қаңтарда 3646 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпандағы аудандық "Достық" газетінің № 89 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | Г. Ахтанова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Д. Ыдырышев |