"Зырян ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 ақпандағы N 34 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 ақпанда N 3709 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 25.02.2016 № 62 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Зырян ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Зырян ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы Зырян ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 2532 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3431 тіркелген, "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газеттерің 2014 жылғы 7 тамыздағы № 31 жарияланған).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зырян ауданының әкімі Е.Сәлімов

  Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 9 ақпандағы
№ 34 қаулысымен бекітілген

"Зырян ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Зырян ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Зырян ауданы аумағында кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм саласында басшылықты жүзеге асырады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070800, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Зырян қаласы, Совет көшесі, 18.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Зырян ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Зырян ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: Зырян ауданы аумағында кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда және туризмді дамыту аумағында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
      15. Бөлімнің міндеттері:
      1) кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;
      2) Зырян ауданы аумағында сауда қызметін реттейді;
      3) туристік қызметті дамыту мәселелері жөніндегі мемелекет саясатының негізгі бағыттарын іске асырады;
      4) туристік қызметке жәрдемдеседі және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
      16. Бөлімнің функциялары:
      1) Зырян ауданы аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;
      2) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
      3) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 05.05.2015 N 213 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) бәсекеге қабілетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірісін дамыту үшін жағдай жасайды;
      5) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      6) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      7) Зырян ауданының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
      8) аудан әкіміне Зырян ауданы аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды және ұсынуды жүзеге асырады;
      9) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
      10) Зырян ауданы аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
      11) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;
      12) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;
      13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 05.05.2015 N 213 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Зырян ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
      6) Зырян ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении положения о государственном учреждении "Отдел предпринимательства, промышленности и туризма Зыряновского района"

Постановление акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 09 февраля 2015 года № 34. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 27 февраля 2015 года № 3709. Утратило силу - постановлением акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 25 февраля 2016 года № 62

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 25.02.2016 № 62 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала
      В соответствии со статьей 39 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Зыряновского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить положение о государственном учреждении "Отдел предпринимательства, промышленности и туризма Зыряновского района", согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата Зыряновского района от 8 июля 2014 года № 2532 "Об образовании государственного учреждения "Отдел туризма Зыряновского района"" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3431, опубликованное в газете "Пульс! Зыряновска" и "Көктас таңы" от 7 августа 2014 года № 31).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Зыряновского района Е. Салимов

  Утверждено
постановлением акимата
Зыряновского района
от 9 февраля 2015 года № 34

Положение о государственном учреждении "Отдел предпринимательства, промышленности и туризма Зыряновского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства, промышленности и туризма Зыряновского района" (далее - Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляет руководство в сфере предпринимательства, промышленности и туризма на территории Зыряновского района.
      2. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждается в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 070800, Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Зыряновский район, город Зыряновск, улица Советская, 18.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел предпринимательства, промышленности и туризма Зыряновского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.
      11. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета Зыряновского района.
      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.
      13. Режим работы Отдела устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения

      14. Миссия Отдела: обеспечение реализации основных направлений государственной политики в области развития предпринимательства, промышленного потенциала, торговли и туристской деятельности на территории Зыряновского района.
      15. Задачи Отдела:
      1) осуществляет государственную поддержку предпринимательства;
      2) регулирует торговую деятельность на территории Зыряновского района;
      3) реализовывает основные направления государственной политики по вопросам развития туристской деятельности;
      4) содействует туристической деятельности и создание благоприятных условий для еҰ развития.
      16. Функции Отдела:
      1) создает условия для развития предпринимательской деятельности и инвестиционного климата на территории Зыряновского района;
      2) обеспечивает создание и развитие в регионе объектов инфраструктуры поддержки малого и среднего предпринимательства и инновационной деятельности;
      3) исключен постановлением акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 05.05.2015 № 123 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
      4) создает условия для развития отечественного производства конкурентоспособных товаров, работ и услуг;
      5) осуществляет в пределах своей компетенции государственный контроль за соблюдением размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары;
      6) осуществляет организацию выставок и ярмарок;
      7) реализует государственную политику и осуществляет координацию в области туристской деятельности на территории Зыряновского района;
      8) осуществляет сбор, анализ и предоставление акиму района информации о развитии туризма на территории Зыряновского района;
      9) разрабатывает и внедряет меры по защите районных туристских ресурсов;
      10) координирует деятельность по планированию и строительству объектов туристской индустрии на территории Зыряновского района;
      11) оказывает содействие в деятельности детских и молодежных лагерей, объединений туристов и развитии самодеятельного туризма;
      12) предоставляет туристскую информацию, в том числе о туристском потенциале, объектах туризма и лицах, осуществляющих туристскую деятельность;
      13) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 16 с изменениями, внесенными постановлением акимата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 05.05.2015 № 123 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      17. Права и обязанности Отдела:
      1) вносить на рассмотрение руководству района предложения по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      2) в рамках компетенции, предусмотренной законодательством Республики Казахстан привлекать работников других отделов местных исполнительных органов района для рассмотрения и совместной разработки вопросов, касающихся деятельности Отдела;
      3) инициировать проведение в установленном порядке совещаний по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      4) запрашивать в рамках компетенции установленной законодательством Республики Казахстан от других государственных органов, должностных лиц, организаций и их руководителей, граждан информацию необходимую для выполнения своих функций;
      5) давать консультации по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;
      6) представлять необходимые материалы и информацию в пределах своей компетенции и в рамках законодательства в случае официального запроса об этом юридических и физических лиц;
      7) выполнять иные обязанности, входящие в компетенцию Отдела.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство Отделом осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности акимом Зыряновского района в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия руководителя Отдела:
      1) в установленном законодательстве порядке назначает на должности и освобождает от должностей работников Отдела;
      2) в установленном законодательством порядке осуществляет поощрение и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Отдела;
      3) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;
      4) утверждает должностные инструкции работников Отдела;
      5) представляет интересы Отдела в государственных органах, иных организациях;
      6) утверждает штатное расписание Отдела в пределах лимита штатной численности и структуры, утвержденных постановлением акимата Зыряновского района;
      7) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      8) обеспечивает равный доступ мужчин и женщин к государственной службе в соответствии с их опытом, способностями и профессиональной подготовкой;
      9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      21. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества, приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности.
      23. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством и настоящим Положением.

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения

      24. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.