РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру барысы туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 132 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасын орындау мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Зырян ауданы мәслихатының 2014 жылғы 26 маусымдағы № 31/6-V шешімімен бекітілген Зырян ауданының басқару тәсімі шеңберінде Зырян ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Зырян ауданының туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Зырян ауданының туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
3. Құрылған "Зырян ауданының туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі Зырян ауданының әділет органдарында тіркелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Зырян ауданы әкімі аппаратының басшысы А.А. Светашқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі | Е. Сәлімов |
Зырян ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 2532 қаулысымен бекітілген |
"Зырян ауданының туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Зырян ауданының туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады, туризм саласында басшылықты жүзеге асырады.2. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 070804, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Зырян қаласы, Ленин көшесі, 78.
9. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Зырян ауданының туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлім қызметiн қаржыландыру Зырян ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Бөлімнің жұмыс тәртiбi iшкi еңбек тәртiбiнiң қағидаларымен белгiленедi және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуi тиiс.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
13. Бөлімнің миссиясы: туристiк қызметті дамыту мәселелері жөніндегі мемлекет саясатының негізгі бағыттарын iске асыруды қамтамасыз ету.14. Мiндеттерi:
1) туристiк қызметті дамыту мәселелері жөніндегі мемлекет саясатының негізгі бағыттарын iске асыру;
2) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау.
15. Функциялары:
1) Зырян ауданының аумағында туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады және үйлестiрудi жүзеге асырады ("Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 12-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы (бұдан әрі- Заң));
2) Зырян ауданы аумағында туризмдi дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың жергілікті атқару органына бередi (Заңның 12-бабы 2-тармағы 2) тармақшасы);
3) аудандық туристiк ресурстарды қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және енгiзедi (Заңның 12-бабы 2-тармағы 3) тармақшасы);
4) Зырян ауданы аумағында туристiк индустрия объектiлерiн жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiредi (Заңның 12-бабы 2-тармағы 4) тармақшасы);
5) балалар мен жастар лагерьлерiнiң, туристер бiрлестiктерiнiң қызметiне және өз бетiнше туризмдi дамытуға жәрдем көрсетедi (Заңның 12-бабы 2-тармағы 5) тармақшасы);
6) туристiк ақпаратты, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат бередi (Заңның 12-бабы 2-тармағы 6) тармақшасы);
7) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады (Заңның 12-бабы 2-тармағы 7) тармақшасы).
17. Құқықтары мен мiндеттерi:
Бөлім:
1) Аудан басшылығының қарауына Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге;
2) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау және бірлесіп орындау үшін ауданның жергілікті атқару органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыруға;
3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер өткізуге бастама жасауға;
4) басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдар мен оның басшыларынан, азаматтардан өзінің міндеттерін орындауға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасы құзыреттілігі шегінде сұрауға құқылы.
Бөлім:
1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктеме беруге;
2) заңды және жеке тұлғалардың ресми сұрауы болған жағдайда өз құзыретінің шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпараттар беруге;
3) Бөлім қызметкерлерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілер этикасын сақтауын қамтамасыз етуге;
4) Бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.18. Бөлім басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Бөлім басшысының құзыреті:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін қорғайды;
6) Зырян ауданы әкімдігі қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілік алады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құзыретті жүзеге асырады.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
20. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
21. Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
22. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.