"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 - бабына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Зырян ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3711 нөмірімен тіркелген, "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газеттерінде 2015 жылғы 19 наурыздағы № 12 газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Зырян ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің:
бөлім "Мемлекеттік органның құзырына қарайтын мекемелердің тізілімі" жаңа редакцияда жазылсын:
"Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Зырян-Вет" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі | А. Кәрімов |