"Зырян ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 38 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 қыркүйектегі № 337 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 қыркүйекте № 4152 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 311 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 13.09.2016 № 311 қаулысымен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 - бабына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Зырян ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3711 нөмірімен тіркелген, "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газеттерінде 2015 жылғы 19 наурыздағы № 12 газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Зырян ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің:
      бөлім "Мемлекеттік органның құзырына қарайтын мекемелердің тізілімі" жаңа редакцияда жазылсын:
      "Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Зырян-Вет" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зырян ауданының әкімі А. Кәрімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады