Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 165 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұлан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 182 "Ұлан ауданында жер учаскелері үшін төлемақылық базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-17-130 нөмірімен тіркелген, "Ұлан таңы" газетінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 36 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 2 тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Бережной |
Аудандық мәслихат хатшысы | Н. Сейсембина |