РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Ұлан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күштері жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Бережной |
Аудандық мәслихат хатшысы | О. Сыдыков |
Ұлан аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 14 ақпандағы № 165 шешіміне қосымша |
Күші жойылған шешімдердің тізбесі
1) Ұлан аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 182 "Ұлан ауданының жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-17-130 нөмірімен тіркелген, 2010 жылы 11 маусымда "Ұлан таңы" газетте жарияланған);
2) Ұлан аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 05 наурыздағы № 239 "Ұлан ауданының жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" Ұлан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 182 шешімге өзгертулер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3804 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);
3) Ұлан аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 300 "Ұлан ауданында жер учаскелері үшін төлемақылық базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Ұлан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 182 шешімге өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4381 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).