РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Ж.Байсабыров |
Үржар ауданы әкімдігінің 2015жылғы "19" ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген |
"Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071700, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы №122.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлім қызметін қаржыландыру Үржар ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Бөлім миссиясы: Үржар ауданы аумағында тұрмыстық-коммуналдық, әкімшілік-шаруашылық және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді уақытында қайта жаңғырту және құрылысын жүргізу, аймақтың сәулеттік-қала құрылыстық саласының бәсекелістікке қабілеттілігін қамтамасыз ету, жергілікті тұтынушыны сапасыз жобалық және жобалық-сметалық құжаттамадан қорғау, ауданның қоршаған ортасы мен тіршілігін толыққанды қалыптастыру, отын-энергетикалық секторын дамыту арқылы аумақ экономикасының энергия қорына қажеттілігінің өсуіне және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кешенін жетілдіру, қоғам экономикасының қолжетімді, сапалы коммуналдық және көлік қызметіне қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталған көлік және коммуникация саласындағы мемлекет саясатын нәтижелі жүргізу.15. Бөлімнің міндеттері:
1) аудан аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы және жол шаруашалығы қызметін үйлестіру. Тұрғын үй құрылысы саласында әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың жоспарларын әзірлеп келісуге қатысу;
2) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауданның елді мекендерін көркейту жұмыстарының орындалуына бақылауды іске асыру;
3) шығыс Қазақстан облысының Әкімінің іс-әрекеттері Бағдарламасы мен оны жүзеге асыру іс-шараларының жоспарын орындауға қатысу;
4) өңірлік инвестициялық бағдарламаны әзірлеу және оның орындалуына бақылау;
5) аудандағы елді мекендердің аумақтарын көркейту және инженерліқ қамтамасыз ету, тұрғын үй қорын, ғимараттар мен құрылыстарды сақтау және күтудің жоспарларын әзірлеу;
6) бөлім алдына қойылған міндеттердің орындалуына бағытталған мемлекеттік қаражатты үлестіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
7) жергілікті бюджеттің қаражаты есебіне тұрғын үй-коммуналдық, жолаушы және жол объектілерінің құрылысына біріңғай тапсырыс беруші қағидасы бойынша әрекет етеді;
16. Бөлімнің функциялары:
1) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін
белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
3) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
4) аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын сақтау (консервациялау) жөнінде, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
6) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих
және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;
7) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
8) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру;
9) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
10) ведомстволық бағыныстағы аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
11) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы жаңғырту туралы шешім қабылдау;
12) осы ауданның аумағындағы ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады, аудандық коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, ауылішілік ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстардысалуға рұқсат береді;
13) ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр
желілерін және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
14) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
15) аудандық маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
16) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады;
17) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
18) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
19) мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;
20) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;
21) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
22) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
23) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
24) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Аудан аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметінің барлық субъектілерімен орындалуға міндетті болып табылатын елді мекендерде құрылыс жүргізу, көркейту және көркемдік безендіру мәселелері бойынша өз құзыры шеңберінде шешім қабылдауға;
2) Бөлім құзыры шеңберінде құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметіне тексеру жүргізуге;
3) Бөлім жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті қызметтер, ұйымдар, кәсіпорындардан ақпаратты сұратуға және алуға;
4) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстарды еңгізуге құқылы:
5) ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобильдер жолдарын дамытудың негізгі бағыттары жөнінде аудан әкіміне және басқармаларға ұсыныстар енгізу;
6) жергілікті органдармен басқа органдардың ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының индикативті жоспарларын, облыс және аудан әкімінің іс-әрекеттері бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралары жоспарын және өңірлік бағдарламаларын орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
7) жергілікті атқарушы органдарына ауданның даму жоспарлары мен бағдарламаларына кедергі келтіретін олардың қабылдаған актілерін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
8) өз құзыры шеңберінде орындалуы міндетті нұсқамалар және нормалық актілерге ұсыныстар енгізу;
9) өз құзыры шеңберінде коммуналды меншіктегі мүлікке ие болуды, пайдалануды және билік етуді іске асыру;
10) тұрғын үй-коммуналдық, жолаушы және жол шаруашылығының кәсіпорындарын құру, қайта құру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
11) заңнамамен бекітілген өзге құқықтарды іске асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.19. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үржар ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
6) Үржар ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Бөлімге қарасты ұйымдардың тізбесі
1) Үржар ауданы әкімдігінің Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;2) Үржар ауданы әкімдігінің "Мақаншы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны.
3) "Алакөл тазалық" ЖШС