Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 16.11.2018 № 34-353/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-78/V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2816 нөмірімен тіркелген, "Уақыт тынысы" газетінің 2013 жылдың 31 қаңтарында 11 нөмірінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1.Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария, ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 9800 (тоғыз мың сегіз жүз) теңге мөлшерiнде әлеуметтiк көмек берілсін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Жұмақұлов |
Үржар аудандық | |
мәслихатының хатшысы | М. Бітімбаев |