"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-78/V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 шілдедегі № 34-391/V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 шілдеде № 4068 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 қарашадағы № 34-353/VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 16.11.2018 № 34-353/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-78/V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2816 нөмірімен тіркелген, "Уақыт тынысы" газетінің 2013 жылдың 31 қаңтарында 11 нөмірінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1.Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария, ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 9800 (тоғыз мың сегіз жүз) теңге мөлшерiнде әлеуметтiк көмек берілсін.".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Жұмақұлов
      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы М. Бітімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады