РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үржар ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3743 болып тіркелген, "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінде 2015 жылғы 19 наурызында № 39-41 санында жарияланған) қаулысына төмендегідей толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінде:
бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің, тізбесі төмендегі тармақпен толықтырылсын:
60) "Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Үржар ауданы әкімінің орынбасары С.Садвакасовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Зайнулдин |