"Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы N 82 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 наурызда N 3743 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 261 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 12.05.2016 № 261 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Үржар ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Ж.Байсабыров

  Үржар ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 19 ақпандағы
№ 82 қаулысымен бекітілді

"Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      Ескерту. Ереже 61 тармақпен толықтырылды -- Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 18.09.2015 № 483 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Үржар ауданы аумағында мектепке дейінгі тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асырады.
       2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071700, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Жамбыл көшесі 19.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Үржар ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: Үржар ауданы аумағында білім, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру.
      15. Бөлімнің міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
      3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздер мен мемлекеттiк тiлдi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
      4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
      5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
      6) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерiнiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу орындарында қоғамдық тәртiптi сақтау;
      7) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерiн дамыту;
      8) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
      9) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшiн ғылыми базаны дамыту;
      10) әлеуметтiк және бiлiм беру функцияларын, сондай-ақ ерiктi қызмет қағидатына негiзделген олардың құрылымының ерекшелiгiн ескере отырып, спорттың барлық түрлерiн дамытуға жәрдемдесу.
      16. Бөлімнің функциялары:
      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
      4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
      5) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
      6) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
      7) аудан (қала) ауқымында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
      8) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      10) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;
      11) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      12) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
      13) негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс беруiн және солармен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      14) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
      15) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
      16) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
      17) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
      18) жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасайды;
      19) аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;
      20) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
      21) Үржар ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;
      22) Үржар ауданы аумағында аудандық дене шынықтыру - спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      23) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;
      24) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;
      25) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;
      26) Үржар ауданы аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      27) Үржар ауданы аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;
      28) аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады және бекiтедi;
      29) ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      30) дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;
      31) Үржар ауданы аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi және олардың халыққа қолжетiмдi болуын қамтамасыз етедi;
      32) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
      33) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспiрiмдер мектептерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
      34) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      17. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үржар ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
      6) Үржар ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың тізбесі

1) "Найманбай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "Ақтамберды атындағы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Қайынды орта мектебі-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Бейсембай Сахариев атындағы Бахты орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) "Тасбұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) "Қарабұйрат орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) "Қызылбұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) "Алтынрасин орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) "Крупская атындағы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) "Кішкенетау орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) "Қарабұта орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) "Көктал орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) "М.Горький атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) "Абай атындағы орта мектеп-лицей және балабақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) "Науалы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) "Турсабеков атындағы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) "Бұғыбай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) "Ауезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) "Жанай орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) "Жарбұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21) "Батпақты негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22) "Теректі негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23) "Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24) "Барқытбел орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25) "Мақаншы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26) "Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27) "Көгөзек орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28) "Қаратұма орта мектебі және балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29) "Ер Қабанбай атындағы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30) "Сағат орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31) "Тасарық негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
32) "Мешітбай Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп-бақша және мектеп жанындағы интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
33) "Қарақол орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34) "Лайбұлақ орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35) "Габдуллин атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36) "Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37) "Егінсу орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
38) "Көлденең орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
39) "Некрасовка орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
40) "Қ.Игенбайұлы атандағы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
41) "Көктерек орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
42) "Қарабұлақ орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
43) "Жүзағаш орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
44) "Қаратал орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
45) "Б.Майлин атындағы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
46) "Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-балабақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
47) "Жансүгіров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
48) "Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
49) "Қазымбет орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
50) "Благодарный орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
51) "Алтыншоқы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
52) "Үржар ауданы әкімдігінің Балбөбек балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
53) "Үржар ауданы әкімдігінің Ер Төстік балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
54) "Үржар ауданы әкімдігінің Балдырған балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
55) "Үржар ауданы әкімдігінің Балауса балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
56) "Үржар аудандық балалар шығармашылық үйі" мемлекеттік мекемесі;
57) "Үржарайым сауықтыру-демалыс лагері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
58) "Е.Рахмадиев атындағы Үржар балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
59) "Болашақ" жекеменшік балабақшасы;
60) Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады