РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабы 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасының 50-тармағына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қоса берілетін жалдау ақысы мөлшерлемесін есептеу тәртібі анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары И. Е. Тұрниязға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданының әкімі | А. Тоқтаров |
Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "20" ақпан № 54 қаулысына қосымша |
Коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі
1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасының 50-тармағына сәйкес дайындалған және коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалға беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтайды.2. Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін (тұрғын емес қорын) мүліктік жалға беру кезіндегі жалдау ақысының жылдық есебі келесі формула бойынша есептеледі:
Ап = Бс х S х Кт х Кск х Кр х Квд/12 ай,
болғанда:
Ап – жылына қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың баланстағы мемлекеттік тұрғын емес қордағы нысандарын жалға алу ақысының мөлшерлемесі;
Бс – жылына 1 шаршы метр үшін ең аз базалық мөлшерлеме (республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңымен бекітілген 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді (бұдан былай – АЕК), теңге);
S - жалға берілетін алаң, ш. м.;
Кт - құрылыс түрін есептеу коэффициенті;
Кк - тұрғын емес үй-жайдың түрін есептеу коэффициенті;
Кск - жайлылық деңгейін есептеу коэффициенті;
Кр - аумақтық орналастыруды есептеу коэффициенті;
Квд - жалдаушы қызметі түрін есептеу коэффициенті;
Аудандық коммуналдық меншіктегі жылжымайтын нысандарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде сағатқа жалдау ақысының есебі, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Ам=Бc x Sч x Кт x Кк x Кск x Кр x Квд/12 ай,
Амч= Ам x Чм / 30,42 x 8
Ам – айына жалдау төлемі, теңге;
Бс – жылына 1 шаршы метр үшін ең аз базалық мөлшерлеме (республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңымен бекітілген 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді (бұдан былай – АЕК), теңге;
Sч – сағатқа жалға берілетін аудан, ш.м.;
Амч – айына сағат бойынша жалдау төлемі сомасы, теңге;
Чм - айына жалдау сағат саны;
30,42 – айына орташа күн саны;
8 – жұмыс күнінің ұзақтығы, сағат.
3. Коммуналдық мүлік объектілері үшін жалдау ақысы мөлшерлемесін есептеу кезіндегі қолданылатын коэффициент:
4. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқада тұтынылмайтын заттарды (энергиямен қамтамасыз ету, және сумен жабдықтау және су буру жүйелерінің көліктерін, құрал-жабдықтарын, табыстау қондырғыларын қоспағанда) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жылдық жалдау ақысының есебі осы формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = С х Nam/100 х Кп, мұндағы:
Ап - жабдықтарды, көлік құралдары және басқада тұтынылмайтын заттар үшін бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі;
С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтың қалдық құны;
100 пайыз тозуы есепке алынған жабдықтарды, көлік құралдары және басқада тұтынылмайтын заттарды (көліктерді, құрал-жабдықтарды, энергиямен қамтамасыз ету, және су бұрғызумен жабдықтау жүйелерінің табыстау қондырғыларын қоспағанда) жалдау (жалға беру) кезіндегі қалдық құны бастапқы (қалпына келтірілген) құны 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam - Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті мөлшері (Салық кодексі);
Кп - төмендету коэффициенті (алпыс пайыздан аса жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттардың тозуы кезінде - 0,8 мөлшерінде сауда-саттық (делдалдық) қызметтен басқа халыққа қызмет көрсету саласын дамыту және өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсыну кезінде - 0,5 мөлшерінде қолданылады).
5. Көлік, жабдықтар, энергиямен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне табыстау қондырғыларын мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезіндегі жылдық жалдау ақысының есебі төмендегі формуламен жүзеге асырылады:
Апл= П x Nam /100,мұндағы:
Апл – көлік, жабдықтар, энергиямен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне табысту қондырғылары жылдық жалға алу есебінің мөлшерлемесі;
П – бухгалтерлік есеп деректері бойынша активтердің бастапқы құны;
Nam – негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердің тура (тең өлшемді) әдіспен есептеп шығарлған амортизациялық аударым нормалары.