Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 288 "Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № 146 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 шілдеде № 3948 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 90 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.04.2019 № 90 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 288 "Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3701 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 желтоқсандағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы";
      2) 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі бекітілсін.";
      3) аталған қаулымен бекітілген қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі".
      2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. М. Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н. Т. Төреғалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 11 ноября 2014 года № 288 "Об утверждении перечня участков недр, содержащих общераспространенные полезные ископаемые, подлежащих выставлению на конкурс"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 16 июня 2015 года № 146. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 14 июля 2015 года № 3948. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 12 апреля 2019 года № 90

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 12.04.2019 № 90 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 11 ноября 2014 года № 288 "Об утверждении перечня участков недр, содержащих общераспространенные полезные ископаемые, подлежащих выставлению на конкурс" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3701, опубликованное 13 декабря 2014 года в газетах "Орал өңірі" и "Приуралье") следующие изменения:
      1) заголовок изложить в следующей редакции:
      "Об утверждении перечня участков недр, содержащих общераспространенные полезные ископаемые, подлежащих выставлению на тендер или аукцион";
      2) пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Утвердить прилагаемый перечень участков недр, содержащих общераспространенные полезные ископаемые, подлежащих выставлению на тендер или аукцион.";
      3) заголовок приложения, утвержденного указанным постановлением изложить в следующей редакции:
      "Перечень участков недр, содержащих общераспространенные полезные ископаемые, подлежащих выставлению на тендер или аукцион".
      2. Государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Западно-Казахстанской области" (Давлетжанов А. М.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно-Казахстанской области Турегалиева Н. Т.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким области Н. Ногаев