Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 90 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 сәуірде № 5631 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (Г.Рахметова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары А. Досжановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  2019 жылғы 12 сәуір № 90
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
қаулысына қосымша

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 288 "Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3701 тіркелген, 2014 жылы 13 желтоқсанда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған);

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 69 "Жергілікті атқарушы органның бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті сақтанушы, сақтандырушы және агенттің беретін ақпараты мен құжатының нысандарын және мерзімдерін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3890 тіркелген, 2015 жылы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № 146 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 288 "Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3948 тіркелген, 2015 жылы 17 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 156 "Коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3979 тіркелген, 2015 жылы 26 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 226 "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4061 тіркелген, 2015 жылы 13 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      6. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 133 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4403 тіркелген, 2016 жылы 26 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      7. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 190 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 226 "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4485 тіркелген, 2016 жылы 30 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      8. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 тамыздағы № 253 "Аудандар және Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемдерін (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4528 тіркелген, 2016 жылы 25 тамызда "Орал өңірі" және "Приуралье" газетінде жарияланған);

      9. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 347 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 тамыздағы № 253 "Аудандар және Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемдерін (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4608 тіркелген, 2016 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      10. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 150 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 223 "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4820 тіркелген, 2017 жылы 30 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      11. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 329 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 69 "Жергілікті атқарушы органның бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзімдерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5048 тіркелген, 2018 жылы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      12. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 43 "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5092 тіркелген, 2018 жылы 28 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады