Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.04.2019 № 90 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 288 "Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3701 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 желтоқсандағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы";
2) 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі бекітілсін.";
3) аталған қаулымен бекітілген қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі".
2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. М. Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н. Т. Төреғалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |