"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласы әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
3. 2015 жылғы 5 мамырдағы № 117 "2015 жылға арналған субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3923 тіркелген, 2015 жылғы 27 маусымдағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_________________А. Мамытбеков
"24" тамыз 2015 жыл
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 237 қаулысына қосымша |
Субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткізушілерден сатып
алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары
№ р/с | Субсидияланатын гербицидтердің түрлері | Өлшем бірлігі | Бір бірліктің құнын арзандату пайызы | Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге |
1 | Балерина, с.э. (Күрделі 2-этилгексилді эфир түріндегі 2,4-Д қышқылы, 410 г/л)+флора сулан, 7,4 г/л | литр | 30 | 1 026 |
2 | Барс Супер, 10% э.к. (феноксапроп-п-этил, 100 г/л+мефенпир-диэтил (антидот), 27 г/л) | литр | 30 | 1 037 |
3 | Гезагард 500, с.к. (прометрин, 500 г/л) | литр | 30 | 716 |
4 | Гоал 2Е, э.к. (оксифлуорфен, 240 г/л) | литр | 30 | 1 942,5 |
5 | Готрил, 24% э. к. (оксифлуорфен, 240 г/л) | литр | 50 | 2 328 |
6 | Гранстар, 75% қ.а.с. (трибенурон-метил, 750 г/кг) | литр | 30 | 2 1595 |
7 | Гроза, 60% э.к. (2-этилгексилді эфир, 2,4 дихлорфеноксиуксусты қышқыл, 600 г/л) | литр | 50 | 879 |
8 | Дуал Голд 960, э.к. (С-метолахлор, 960 г/л) | литр | 30 | 1 332 |
9 | Зенкор Ультра, с.к. (метрибузин, 600 г/л) | литр | 30 | 2 386 |
10 | Клиник 24, с.е.к. (глифосат, с.е.к.) | литр | 30 | 543 |
11 | Кредит Икстрим | литр | 30 | 473 |
12 | Ларен Про, с.д.т. (метсульфурон-метил, 600 г/кг) | литр | 30 | 10 767 |
13 | Лонтрел Гранд 750, с.д.т. (клопиралид,750 г/кг) | литр | 30 | 7 492 |
14 | Майстер Пауэр, м.д. (форамсульфурон, 31,5 г/л+иодосульфурон-метил-нартия, 1,0 г/л+тиенкарбазон-метил, 10 г/л+ципросульфид (антидот), 15 г/л) | литр | 30 | 2 816 |
15 | Праймер, с.д.т. (метсульфурон-метил, 600 г/кг) | литр | 30 | 12 337 |
16 | Пума Голд, э.к. (феноксапроп-п-этил, 64 г/л+йодосульфурон-метил) | литр | 30 | 1 620 |
17 | Пума-Супер 100,10% э.к. (феноксапроп п-этил, 100 г/л+мефенпир-диэтил (антидот), 27 г/л) | литр | 30 | 1 143 |
18 | Пума-Супер 7,5% м.с.э. (феноксапроп п-этил, 69 г/л+мефенпир-диэтил (антидот), 75 г/л) | литр | 30 | 989 |
19 | Раундап Экстра, 54% с.е. (глифосат, 540 г/л) | литр | 30 | 566 |
20 | Робусто, э. к. (2,4-Д қышқылдың 2 этилгексилді эфирі, 850 г/л) | литр | 30 | 502 |
21 | Робусто Супер, э.к. (2 этилгексилді эфир 2,4-Д қышқылы, 905 г/л) | литр | 30 | 513 |
22 | Секатор Турбо, м.д. (натридің иодосульфурон-метилі, 25 г/л+амидосульфурон, 100 г/л+мефенпир-диэтил (антидот), 250 г/кг) | литр | 30 | 3 663 |
23 | Стомп, 33% э.к. (пендиметалин,330 г/л) | литр | 30 | 512 |
24 | Титус, 25% қ.а.с. (римсульфурон, 250 г/кг) | литр | 30 | 39 960 |
25 | Торнадо 500, с. е. (глифосат, 500 г/л) | литр | 30 | 525 |
26 | Фуроре Ультра, м.с.э. (феноксапроп-п-этил, 110 г/л) | литр | 30 | 1 272 |
27 | Экспресс, с.д.т. (трибенурон-метил, 750 г/кг) | литр | 30 | 20 440 |
28 | Эллай Лайт, с.д.т. (метсульфурон-метил, 391 г/кг+трибенурон-метил, 261 г/кг) | литр | 30 | 19 709 |
29 | Эстерон, э. к. (2-этилгексил эфир түріндегі 2,4-Д қышқылы, 850 г/л) | литр | 30 | 545 |
30 | Эстет 905, э. к. (2-этилгексил эфир түріндегі 2,4-Д қышқылы, 905 г/л) | литр | 30 | 528 |
с.д.т. - сулы диспергерленген түйіршектер;
с.е. - сулы ерітінді;
с.е.к. - суда ерігіш концентрат
м.д. - майлы дисперсия;
с.к. - суспензия концентраты;
э.к. - эмульсия концентраты;
с.э. - суспензияланған эмульсия;
с.к. - суспензиялы концентрат;
м.с.э. - майлы-сулы эмульсия;
қ.а.с. - құрғақ аққыш суспензия;
г/л - грамм/литр;
г/кг - грамм/килограмм.