Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11451 тіркелді

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануы тиіс және 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                         А.Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ____________________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 6 мамыр

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _____________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 14 мамыр

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 27 мамыр

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 сәуірдегі  
№ 4-4/306 бұйрығымен   
бекітілген       

Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.
      2. Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) және биопрепараттарды сатып алу шығындарын өтеуге арналған субсидияларды төлеу (бұдан әрi – субсидия) тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізуші - арнайы жарақтандырылған өндірістік биозертханалары мен биофабрикалары бар Қазақстан Республикасында биоагенттерді (энтомофагтарды) өндіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға және/немесе биоагенттерді (энтомофагтарды) өткізуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті;
      2) гербицидтерді жеткізуші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген гербицидтерді өндiрудi (формуляциялауды) және (немесе) сатуды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға.
      4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (астананың) жергілікті атқарушы органының қаулысымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) келісімі бойынша:
      1) субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары;
      2) субсидияланатын биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың түрлері және биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізушілерден сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған субсидиялар нормалары бекітіледі.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (астананың), жергілікті атқарушы органының қаулы жобасын Министрлікке келісуге ұсынған кезде белгіленген субсидия нормасын негіздейтін құжаттар (өтінімдерде көрсетілген алаңға ғылыми негізделген енгізу нормаларын ескере отырып, субсидиялауға жататын гербицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттар (бұдан әрі - тауар) түрлерінің көлемдері бойынша есептер, өтінім берілген тиісті гербицидтер немесе биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттар түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттар) қоса беріледі.
      5. Облыстың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрi – облыс басқармасы), республикалық маңызы бар қаланың (астананың) жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрi – қала басқармасы) гербицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар құнын субсидиялау жөніндегі ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын оны бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиісті интернет-ресурсқа орналастырады.

2. Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау тәртібі

1-ші параграф. Субсидия алушылар

      6. Субсидия:
      1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында гербицид жеткізушіден гербицидтер сатып алған кезде шығындарын өтеу үшін;
      2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды биоагенттерді (энтомофагтарды) биопрепараттарды жеткізушіден сатып алған кезде шығындарын өтеу үшін;
      3) оларды арзандатылған құны бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізу шартымен биоагенттерді (энтомофагтарды) биопрепараттарды өндіруге биоагенттерді (энтомофагтарды) биопрепараттарды жеткізушілерге төленеді.

2-ші параграф. Субсидия алу шарттары

      6. Субсидия мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
      1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі - бөлім) немесе қала басқармасына:
      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гербицидтерге субсидиялар алуға;
      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға субсидиялар алуға өтінім (бұдан әрі - өтінім) бергенде;
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биоагенттерді (энтомофагтарды) биопрепараттарды сатып алған биоагенттерді (энтомофагтарды) биопрепараттарды жеткізуші арқылы тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімді (бұдан әрі – төлем туралы өтінім) беруге құқығы бар. Мұндай жағдайда субсидия биоагенттерді (энтомофагтарды) биопрепараттарды жеткізушіге төленеді. Егер биоагенттерді (энтомофагтарды) биопрепараттарды жеткізуші арқылы бірнеше ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері берілген жағдайда, биоагенттерді (энтомофагтарды) биопрепараттарды жеткізуші бөлімге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізуші арқылы берілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімін (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімі) ұсынады;
      2) өтінім берушіде ауыл шаруашылығына арналған жерді пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында жер учаскелері болғанда.

3-ші параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі

      8. Субсидиялар:
      1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінім берген гербицидтердің түрлері мен көлемдерін (өтінімде көрсетілген егістік алаңына қолданудың ғылыми негізделген нормасын есепке ала отырып) және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен гербицидтердің түрлері мен гербицидтердің 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормаларын;
      2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінім берген биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың түрлері мен көлемдерін (өтінімде көрсетілген егістік алаңына қолданудың ғылыми негізделген нормасы) және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың түрлері мен сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 грамына (данасына) арналған субсидиялар нормаларын негізге ала отырып есептеледі.
      9. Сатып алынған гербицидтердің 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялардың нормалары пайыздық арақатынаста құруы тиіс:
      1) сатып алынған отандық өндірістің гербицидтерінің құнынан 50 %-ға дейін қоса алғанда;
      2) сатып алынған шетелдік өндірістің гербицидтерінің құнынан 30 %-ға дейін қоса алғанда.
      Бұл ретте осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген гербицидтер түрлеріне арналған субсидиялар нормаларын белгілеген кезде отандық және шетелдік өндірістің гербицидтеріне арналған субсидиялардың мөлшерлері арасындағы айырмашылық Қағидалардың осы тармағында белгіленген айырмашылыққа барабар сәйкес болуы тиіс.
      10. Сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған субсидиялардың нормасы пайыздық арақатынаста биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнынан 40 %-ға дейін қоса құруы тиіс.
      11. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші құны субсидия нормасына есептелген гербицидтердің және биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнынан төмен гербицидтерге және биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға өтінім берген жағдайда, субсидия есебі нақты сатып алынған гербицидтер және биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар құнынан есептеледі.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші құны субсидия нормасына есептелген гербицидтердің және биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнынан жоғары гербицидтерге және биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға өтінім берген жағдайда, субсидия облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған және (немесе) биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған субсидиялардың нормасына есептелген гербицид және немесе биоагент (энтомофаг) және биопрепарат құны бойынша субсидия төленеді.

4-ші параграф. Субсидиялар төлеу тәртібі

      11. Бес жұмыс күні ішінде бөлім (қала басқармасы) аудан әкімдігінің (қала басқармасының) интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер берген өтінімдерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілер берген төлем туралы өтінімді немесе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімін қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды орналастырады.
      13. Бөлім (қала басқармасы) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілер төлем туралы өтінімді немесе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізілімін ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде:
      1) өтінімді осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысына;
      2) төлем туралы өтінімді;
      3) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізілімін тексереді.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге өтінімді қабылдаған кезде өтінімнің қабылданғаны туралы еркін нысанда қолхат беріледі.
      14. Бөлім өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда өтінімді облыс басқармасына жібереді, теріс шешім жағдайында – субсидия бермеудің себебін көрсете отырып ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні жазбаша түрде хабардар етеді.
      Бұл ретте бөлім осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия бермеудің себебін көрсете отырып, субсидия беруде теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тізбесі) жасайды, оны облыс басқармасына ұсынады.
      15. Бөлім (қала басқармасы) төлем туралы өтінімді және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімін тексеруді аяқтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды  жеткізушілердің тізілімін жасайды.
      Бөлім тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушілердің тізілімін жасағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушіге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушілердің тізілімін облыс басқармасына жібереді, теріс шешім жағдайында – субсидия бермеудің себебін көрсете отырып биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушіні жазбаша түрде хабардар етеді.
      Бұл ретте бөлім осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия бермеудің себебін көрсете отырып, субсидия беруде теріс шешім қабылданған биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізбесін жасайды (бұдан әрі - жеткізушілер тізбесі), оны облыс басқармасына ұсынады.
      16. Облыс басқармасы өтінімдер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімі түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады.
      17. Қала басқармасы өтінімдерді және тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің жасалған тізілімін тексергеннен кейін екі жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге және (немесе) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және (немесе) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады, теріс шешім болған жағдайда, субсидиялар бермеудің себебін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні және (немесе) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіні жазбаша түрде хабардар етеді.
      Бұл ретте қала басқармасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін және жеткізушілердің тізбесін жасайды.

5-параграф. Субсидиялау жөніндегі есептілік

      18. Облыс басқармасы (қала басқармасы) 2015 жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Министрлікке:
      1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гербицидтерге субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпаратты;
      2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биоагенттерге (этномофагтарға) және биопрепараттарға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпаратты;
      3) субсидия бермеудің себебін көрсете отырып субсидия беруде теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер туралы ақпаратты;
      4) субсидия бермеудің себебін көрсете отырып субсидия беруде теріс шешім қабылданған биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілер туралы ақпаратты береді.
      Гербицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың (астананың) әкімдіктерінің интернет-ресурстарында 2015 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей орналастырылады.

Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл 
шаруашылығы дақылдарын өңдеуге    
арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың
құнын субсидиялау қағидаларына    
1-қосымша              

Нысан

_________ облысы ______ республикалық маңызы бар қала, астана
(ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының
толық атауы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))

Гербицидтерге субсидиялар алуға өтінім

              литр (килограмм) көлемiнде ___________________________,
                                                 (гербицид түрi)
______________ литр (килограмм) көлемiнде __________________________,
                                                 (гербицид түрi)
_____________ литр (килограмм) көлемiнде ___________________________,
                                                 (гербицид түрi)
гербицидтерді жеткізушіден сатып алынған гербицидтер үшiн субсидия
төлеуді сұраймын.

Р/с

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.
 

Заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама

БСН


тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.
 
 
 
 
 

Жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


Жеке тұлға үшiн – дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

Жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжат

актінің нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаң, гектар


оның ішінде егістік нысаналы мақсаты


сәйкестендiру құжатының нөмірі мен берілген күні,
кім берді


жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы


4.
 
 
 

Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң немесе почтаның ұлттық операторының анықтамасы

ЖСН/БСН


Кбе


Банктің немесе почта операторының деректемелері:
Банктің немесе почта операторының атауы:


БСК


ЖСК


БСН


Кбе


5.
 
 
 
 
 
 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен гербицидтерді жеткізушінің арасындағы сатып алу-сату шарты**
 
 

шарт нөмірі


шарт жасалған күні


гербицидтерді жеткізушінің атауы


гербицидтерді жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы


гербицидтің атауы


гербицидтің көлемі, литр (килограмм)


төлем мерзімі


6

Гербицидтерді сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген кезде) төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлер және (немесе) төлем тапсырмалары)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


гербицидтерді жеткізушінің атауы


гербицидтерді жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы


гербицидтерді жеткізушінің ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


гербицидтің атауы


өлшем бірлігі


мөлшері (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


өткізу бағасы, барлығы


7

Жүктік кедендік декларация (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елден гербицид сатып алған гербицид ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші үшін)

нөмірі
 
 
 
 



 
 
 
 
 


берілген күні


гербицидтерді жеткізушінің атауы


гербицидтерді жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы


8

Тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгенін растайтын салық органы беретін құжат**

нөмірі


берілген күні


гербицидтерді жеткізушінің атауы


гербицидтерді жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы


9

Сәйкестiк сертификаты (Қазақстан Республикасында өндірілген сатып алынған гербицидтерге **)

сертификаттың қолданылу мерзімі


сертификаттың нөмірі


сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)


өтініш беруші (атауы, мекенжайы)


кім берді


10

Шығу тегі сертификаты/сапа сертификаты (шетелдік гербицидтерге гербицидтерді өндірушінің)**

нөмірі мен берілген күні


тауардың атауы


экспорттаушы/жүк жөнелтуші


импорттаушы/жүк алушы


11.

Гербицидтерді жеткізушілердің мемлекеттік лицензиясы (пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) және өткізу жөніндегі қызметпен айналысуға)

лицензияның нөмірі


толық атауы

орналасқан жері


лицензияның түрі


кіші қызмет түрінің (әрекет) атауы


кім берді


берілген күні


      Ескерпе:
      * Өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын және
көшірмесін талап етуге тыйым салынады.
      ** Көрсетілген құжаттағы мәлімет гербицидтің әрбір түріне
толтырылады.

Гербицидтерге қажеттіліктің есебі

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Алаңы,
гектар

Гербицидтерді 1 гектарға ғылыми жағынан ұсыным берілген қолдану нормалары

Қолданылу алаңы, гектар

Гербицид түрі,
(литр, килограмм)

1

2

3

4

5

6

7








      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және жалған
мәліметтер ұсынған үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан
тұратын ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.

Басшы _________ ____________________________________________________
       (қолы)         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бас бухгалтер (бар болса)_______ ____________________________________
                          (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Мөр орны (заңды тұлға үшін (бар болса))

20__жылғы «___»______________

Өтiнiм 20__жылғы «___»____________қарауға қабылданды.
________ ____________________________________________________________
(қолы) (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты
                                        (бар болса)

Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл  
шаруашылығы дақылдарын өңдеуге    
арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың
құнын субсидиялау қағидаларына    
2-қосымша              

Нысан

________ облысы _________ республикалық маңызы бар қала, астана
(ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының
толық атауы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))

Биоагенттерге (этномофагтарға) және биопрепараттарға
субсидиялар алуға өтінім

______ грамм (дана) көлемiнде_______________________________________,
                         (биоагент (этномофаг) және биопрепарат түрi)
______ грамм (дана) көлемiнде_______________________________________,
                         (биоагент (этномофаг) және биопрепарат түрi)  биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіден
сатып алынған биоагенттер (этномофагтар) және биопрепараттар үшiн
субсидия төлеуді сұраймын.

Р/с№

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама

БСН


тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.
 
 
 
 

Жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


Жеке тұлға үшiн – дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

Жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжат

актінің нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаң, гектар


оның ішінде егістік


нысаналы мақсаты


сәйкестендiру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді


жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы


4.
 
 
 

Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң немесе почтаның ұлттық операторының анықтамасы

ЖСН/БСН


Кбе


Банктің немесе почта операторының деректемелері:
Банктің немесе почта операторының атауы:


БСК


ЖСК


БСН


Кбе


5.
 
 
 
 
 
 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің арасындағы сатып алу-сату шарты**
 
 

шарт нөмірі


шарт жасалған күні


биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің атауы


биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы


биоагенттердің (этномофагтардың) және биопрепараттардың атауы


биоагенттердің (этномофагтардың) және биопрепараттардың көлемі, грамм (дана)


төлем мерзімі


6
 
 
 
 
 
 
 

Биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген кезде) төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің атауы


биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы


биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


биоагенттердің (этномофагтардың) және биопрепараттардың атауы


өлшем бірлігі


Саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


өткізу бағасы, барлығы


7

Жүктік кедендік декларация(Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елден биоагенттер (этномофагтар) және биопрепараттар сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші үшін)

нөмірі


берілген күні


биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің атауы


биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы


8

Тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгенін растайтын салық органы беретін құжат**

нөмірі


берілген күні


биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің атауы


биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің орналасқан жерінің мекенжайы


      Ескертпе:
      * Өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын және
көшірмесін талап етуге тыйым салынады.
      ** Көрсетілген құжаттағы ақпарат биоагенттердің
(этномофагтардың) және биопрепараттардың әрбір түріне толтырылады.

Биоагенттерге (этномофагтарға) және биопрепараттарға
қажеттіліктің есебі

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Алаңы,
гектар

Биоагенттерді 1 гектарға ғылыми жағынан ұсыным берілген қолдану нормалары

Қолданылу алаңы, гектар

Биоагент түрі,(дана, грамм)

1

2

3

4

5

6

7








      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және жалған
мәліметтер ұсынған үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан
тұратын ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.

Басшы _______  ______________________________________________________
       (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бас бухгалтер (бар болса)______ _____________________________________
                         (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Мөр орны (заңды тұлға үшін (бар болса))

20__жылғы «___»______________

Өтiнiм 20 ______ жылғы «___»____________ қарауға қабылданды.
_______ _____________________________________________________________  (қолы) (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты
                                       (бар болса)

Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл  
шаруашылығы дақылдарын өңдеуге     
арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың
құнын субсидиялау қағидаларына     
3-қосымша              

Нысан

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші биоагенттерді
(этномофагтарды) және биопрепарттарды сатып алған биоагенттерді
(этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізуші арқылы тиесілі
субсидияларды төлеу туралы өтінім

Мен,________________________________________________________________,
(облыстың, ауданның, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
                ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды сатып алуға
субсидияларды өзімнің банктік шотыма (немесе Ұлттық почта
операторына) алудан бас тартатынымды мәлімдеймін және маған тиесілі
субсидияларды________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (ауданның, облыстың биоагенттерді (этномофагтарды) және
                   биопрепарттарды жеткізушінің атауы)
биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушіге
төлеуді сұраймын.

Сатып алынған биоагенттер (этномофагтар) және биопрепарттар
туралы ақпарат

Р/с №

Биоагенттердің (этномофагтардың) және биопрепарттардың атауы

1 грамына (данасына) бағасы, теңге

Саны,
грамм (дана)

Құны бойынша сомасы, теңге

Төленді,
теңге

1

2

3

4

5

6













      Мен ағымдағы жылы биоагенттерді (этномофагтарды) және
биопрепарттарды сатып алуға субсидияларды тек бір рет алуға құқығым
бар екенінен хабардармын, керісінше жағдайда маған төленген
субсидиялар кері қайтарылуға тиіс.
__________ __________________________________________________________    (қолы)          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Мөр орны (заңды тұлға үшін (бар болса))

20__жылғы «___» ____________

Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл  
шаруашылығы дақылдарын өңдеуге     
      арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың
құнын субсидиялау қағидаларына      
4-қосымша                

Нысан

биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізуші
арқылы берілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер
өтінімдерінің жиынтық тізілімі____________________________________________________________________
(биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің
атауы және заңды мекенжайы)

Р/с №

Тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім берген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы,
заңды мекенжайы

Биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың атауы

Сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың саны, грамм (дана)

1 грамына (данасына) бағасы,
теңге

Сомасы, теңге

Төлем құжаттары бойынша төлем сомасы,
теңге

1

2

3

4

5

6

7















Басшы ________   ____________________________________________________
      (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Мөр орны (заңды тұлға үшін)

20__жылғы «___» ____________

Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл 
шаруашылығы дақылдарын өңдеуге    
арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың
құнын субсидиялау қағидаларына     
5-қосымша               

Нысан

Субсидия беруде теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлердiң тiзбесi

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің өтінімін қабылдау күні

Субсидия бермеудің себебі

Субсидия бермеу туралы хабарламаның нөмірі және күні

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі маманының тегі, аты, әкесінің аты және қызметі

1

2

3

4

5

6



















Жиыны:






Ауданның, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі _________
________ ____________________________________________________________
  (қолы)           (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Мөр орны

Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл  
шаруашылығы дақылдарын өңдеуге     
арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың
құнын субсидиялау қағидаларына     
6-қосымша                

Нысан

Тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген
биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды
жеткізушілердің тізілімі

Р/c №

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің өтінімі берілген биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің атауы, заңды мекенжайы

Тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім берген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы, заңды мекенжайы

Биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың атауы

Жеткізушілер сатып алған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың саны, грамм (дана)

1 грамға (данаға) бағасы,
теңге

Сома, теңге

Төлем құжаттары бойынша төлем сомасы,
теңге

1

2

3

4

5

6

7

8









Ауданның, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, әкімі
____________ ________________________________________________________
   (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Мөр орны

20__жылғы «___» ___________

Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл  
шаруашылығы дақылдарын өңдеуге     
арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың
құнын субсидиялау қағидаларына     
7-қосымша                

Нысан

Субсидия беруде теріс шешім қабылданған биоагенттерді
(энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тiзбесі

Биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушінің атауы

Биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізуші арқылы өтінім берген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімін қабылдау күні

Субсидия бермеудің себебі

Субсидия бермеу туралы хабарламаның нөмірі және күні

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі маманының тегі, аты, әкесінің аты және қызметі

1

2

3

4

5

6



















Жиыны:






Ауданның, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі
_________ ___________________________________________________________
(қолы)               (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Мөр орны

Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл 
шаруашылығы дақылдарын өңдеуге    
арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың
құнын субсидиялау қағидаларына    
8-қосымша              

Нысан

______ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша
______ жылға гербицидтерге субсидияларды пайдалану туралы
жиынтық ақпарат

Р/с №

Аудан атауы

Көрсеткіштер атауы

____________________ колдатылатын гербицидтер
(ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы)

отандық гербицидтер

шетелдік гербицидтер

Шетелдік гербицидтер

оның ішінде гербицидтер түрлері бойынша

оның ішінде гербицидтер түрлері бойынша

гербицидтер атауы

гербицидтер атауы

Барлығы

гербицидтер атауы

гербицидтер атауы

Отандық гербицидтер

Арамшөп атауы

Арамшөп атауы

Арамшөп атауы

Арамшөп атауы

Арамшөп атауы

Арамшөп атауы

Арамшөп атауы

Арамшөп атауы

Арамшөп атауы

Арамшөп атауы

Арамшөп атауы

Арамшөп атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

1





























Жергілікті бюджетте бекітілген субсидия көлемі, теңге
















Төленген субсидия көлемі, теңге
















Сатып алынған субсидияланған гербицидтер көлемі,, литр (килограмм)
















Қолданылған субсидияланған гербицидтер көлемі, литр (килограмм)
















Гербицидтердің қолдану нормасы, литр (килограмм)/гектар


















Субсидиялау аясында өңделген алаң, гектар
















Облыс бойынша жиыны





Жергілікті бюджетте бекітілген субсидия көлемі, теңге
















Төленген субсидия көлемі, теңге
















Сатып алынған субсидияланған гербицидтер көлемі,, литр (килограмм)
















Қолданылған субсидияланған гербицидтер көлемі, литр (килограмм)
















Гербицидтердің қолдану нормасы, литр (килограмм)/гектар
















Субсидиялау аясында өңделген алаң, гектар,
















      * - ақпарат өңделетін ауыл шаруашылығы дақылдары кесіндісінде
беріледі.
________________________ облысының, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқарма
басшысы _____________________________________________________________
                       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны

Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл  
шаруашылығы дақылдарын өңдеуге    
арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың
құнын субсидиялау қағидаларына      
9-қосымша                 

Нысан

_____________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана
бойынша _______ жылға биоагенттерге (энтомофагтарға) және
биопрепараттарға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат

р/с №

Аудан атауы

Көрсеткіштер атауы

Биоагенттер (энтомофагтар) және
биопрепараттар* колдатылатын объектілердің атауы

Барлығы

Барлығы

оның ішінде биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың түрлері бойынша







1

2

3

4

5

6

7

8



Көзделген субсидия, мың тенге






Игерілген субсидия, мың тенге






Төленген субсидия көлемі, мың тенге






Барлық сатып алынған биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар, грамм (дана)






Субсидияланған биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар қолданылды, грамм (дана)






Субсидияланған биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды қолдану алаңы, мың гектар






Облыс бойынша жиыны

Биоагенттерге көзделген субсидия, мың тенге






Биоагенттерге игерілген субсидия, мың тенге






Төленген субсидия көлемі, теңге






Барлық сатып алынған биоагенттер (грамм (дана)






Субсидияланған биоагенттер қолданылды, грамм (дана)






Субсидияланған биоагенттерді қолдану алаңы, мың гектар






*- биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар қарсы қолданылатын
объектілердің түрлері кесіндісінде ақпарат беріледі
________________________ облысының, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқарма
басшысы _____________________________________________________________
                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады