2015 жылға субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 237 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 қазанда № 4068 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.02.2016 № 24 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласы әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
      3. 2015 жылғы 5 мамырдағы № 117 "2015 жылға арналған субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3923 тіркелген, 2015 жылғы 27 маусымдағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_________________А. Мамытбеков
"24" тамыз 2015 жыл

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
3 қыркүйектегі № 237
қаулысына қосымша

Субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткізушілерден сатып
алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары

№ р/с

Субсидияланатын гербицидтердің түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірліктің құнын арзандату пайызы

Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге

1

Балерина, с.э. (Күрделі 2-этилгексилді эфир түріндегі 2,4-Д қышқылы, 410 г/л)+флора сулан, 7,4 г/л

литр

30

1 026

2

Барс Супер, 10% э.к. (феноксапроп-п-этил, 100 г/л+мефенпир-диэтил (антидот), 27 г/л)

литр

30

1 037

3

Гезагард 500, с.к. (прометрин, 500 г/л)

литр

30

716

4

Гоал 2Е, э.к. (оксифлуорфен, 240 г/л)

литр

30

1 942,5

5

Готрил, 24% э. к. (оксифлуорфен, 240 г/л)

литр

50

2 328

6

Гранстар, 75% қ.а.с. (трибенурон-метил, 750 г/кг)

литр

30

2 1595

7

Гроза, 60% э.к. (2-этилгексилді эфир, 2,4 дихлорфеноксиуксусты қышқыл, 600 г/л)

литр

50

879

8

Дуал Голд 960, э.к. (С-метолахлор, 960 г/л)

литр

30

1 332

9

Зенкор Ультра, с.к. (метрибузин, 600 г/л)

литр

30

2 386

10

Клиник 24, с.е.к. (глифосат, с.е.к.)

литр

30

543

11

Кредит Икстрим

литр

30

473

12

Ларен Про, с.д.т. (метсульфурон-метил, 600 г/кг)

литр

30

10 767

13

Лонтрел Гранд 750, с.д.т. (клопиралид,750 г/кг)

литр

30

7 492

14

Майстер Пауэр, м.д. (форамсульфурон, 31,5 г/л+иодосульфурон-метил-нартия, 1,0 г/л+тиенкарбазон-метил, 10 г/л+ципросульфид (антидот), 15 г/л)

литр

30

2 816

15

Праймер, с.д.т. (метсульфурон-метил, 600 г/кг)

литр

30

12 337

16

Пума Голд, э.к. (феноксапроп-п-этил, 64 г/л+йодосульфурон-метил)

литр

30

1 620

17

Пума-Супер 100,10% э.к. (феноксапроп п-этил, 100 г/л+мефенпир-диэтил (антидот), 27 г/л)

литр

30

1 143

18

Пума-Супер 7,5% м.с.э. (феноксапроп п-этил, 69 г/л+мефенпир-диэтил (антидот), 75 г/л)

литр

30

989

19

Раундап Экстра, 54% с.е. (глифосат, 540 г/л)

литр

30

566

20

Робусто, э. к. (2,4-Д қышқылдың 2 этилгексилді эфирі, 850 г/л)

литр

30

502

21

Робусто Супер, э.к. (2 этилгексилді эфир 2,4-Д қышқылы, 905 г/л)

литр

30

513

22

Секатор Турбо, м.д. (натридің иодосульфурон-метилі, 25 г/л+амидосульфурон, 100 г/л+мефенпир-диэтил (антидот), 250 г/кг)

литр

30

3 663

23

Стомп, 33% э.к. (пендиметалин,330 г/л)

литр

30

512

24

Титус, 25% қ.а.с. (римсульфурон, 250 г/кг)

литр

30

39 960

25

Торнадо 500, с. е. (глифосат, 500 г/л)

литр

30

525

26

Фуроре Ультра, м.с.э. (феноксапроп-п-этил, 110 г/л)

литр

30

1 272

27

Экспресс, с.д.т. (трибенурон-метил, 750 г/кг)

литр

30

20 440

28

Эллай Лайт, с.д.т. (метсульфурон-метил, 391 г/кг+трибенурон-метил, 261 г/кг)

литр

30

19 709

29

Эстерон, э. к. (2-этилгексил эфир түріндегі 2,4-Д қышқылы, 850 г/л)

литр

30

545

30

Эстет 905, э. к. (2-этилгексил эфир түріндегі 2,4-Д қышқылы, 905 г/л)

литр

30

528

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      с.д.т. - сулы диспергерленген түйіршектер;
      с.е. - сулы ерітінді;
      с.е.к. - суда ерігіш концентрат
      м.д. - майлы дисперсия;
      с.к. - суспензия концентраты;
      э.к. - эмульсия концентраты;
      с.э. - суспензияланған эмульсия;
      с.к. - суспензиялы концентрат;
      м.с.э. - майлы-сулы эмульсия;
      қ.а.с. - құрғақ аққыш суспензия;
      г/л - грамм/литр;
      г/кг - грамм/килограмм.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады