Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 10.05.2019 № 1059 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 353 "Орал қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-202 тіркелген, 2011 жылғы 31 наурызда "Жайық үні" газетінде жарияланған) өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Орал қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары - мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (М. Умралеев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Қ. Сатыбалдиевқа жүктелсін.
Қала әкімінің міндетін атқарушы |
Ғ. Орынғалиев |
"КЕЛIСIЛДI" Орал қалалық (аумақтық) сайлау комиссиясының төрайымы ___________А. Ә. Төкешева 6 наурыз 2015 ж. |
Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 787 қаулысына қосымша |
|
Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 353 қаулысына қосымша |
Орал қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық
кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ | Елді мекен атауы | Орналасатын жері | Орналасатын нысанның атауы | Саны |
1. | Серебряково ауылы | "Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
2. | Круглоозерный кенті | "Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
3. | Зачаган кенті | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
4. | Зачаган кенті | Жәңгір хан көшесі 18/1 тұрғын үй алдында | Қалқан | 1 |
5. | Деркөл ауылы | № 10 қалалық пошта байланысы ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
6. | Желаев селолық округі | "№ 14 орта жалпы білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
7. | Орал қаласы | Достық-Дружба даңғылы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
8. | Орал қаласы | Достық-Дружба даңғылы, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы - Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
9. | Орал қаласы | Достық-Дружба даңғылы, М. Мәметова алаңы | Қалқан | 1 |
10. | Орал қаласы | Привокзальная көшесі, В. Чапаев алаңы | Қалқан | 1 |
11. | Орал қаласы | Х. Есенжанов көшесі, "Нефтебаза" аялдамасының сол жағы | Қалқан | 1 |
12. | Орал қаласы | Карбышев көшесі, "Жастар" мәдениет үйі ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
13. | Орал қаласы | Евразия даңғылы, "City Center" ойын-сауық–сауда орталығының алдында | Қалқан | 1 |
14. | Орал қаласы | Әбілқайыр хан даңғылы, Д. Қонаев атындағы гүлзар | Қалқан | 1 |
15. | Орал қаласы | Әбілқайыр хан даңғылы, "Астана" сауда орталығының алдында | Қалқан | 1 |
16. | Орал қаласы | Әбілқайыр хан даңғылы, "Орал" сауда ойын-сауық кешені ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
17. | Орал қаласы | Жамбыл көшесі, Халыққа қызмет көрсету орталығының алдында | Қалқан | 1 |
18. | Орал қаласы | Гагарин көшесі, "Жастар шығармашылығы орталығы" ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
19. | Орал қаласы | Құрманғазы көшесі, Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
20. | Орал қаласы | Құрманғазы көшесі, "Орал" қонақ үйінің алдында | Қалқан | 1 |