Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 353 "Орал қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 787 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 наурызда № 3840 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 мамырдағы № 1059

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 10.05.2019 № 1059 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 353 "Орал қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-202 тіркелген, 2011 жылғы 31 наурызда "Жайық үні" газетінде жарияланған) өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Орал қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары - мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (М. Умралеев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Қ. Сатыбалдиевқа жүктелсін.

      Қала әкімінің
міндетін атқарушы
Ғ. Орынғалиев
      "КЕЛIСIЛДI"
Орал қалалық (аумақтық)
сайлау комиссиясының
төрайымы
___________А. Ә. Төкешева
6 наурыз 2015 ж.

  Орал қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 6 наурыздағы
№ 787 қаулысына
қосымша
  Орал қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 353 қаулысына
қосымша

Орал қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық
кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекен атауы

Орналасатын жері

Орналасатын нысанның атауы

Саны

1.

Серебряково ауылы

"Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

Қалқан

1

2.

Круглоозерный кенті

"Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

Қалқан

1

3.

Зачаган кенті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының алдында

Қалқан

1

4.

Зачаган кенті

Жәңгір хан көшесі 18/1 тұрғын үй алдында

Қалқан

1

5.

Деркөл ауылы

№ 10 қалалық пошта байланысы ғимаратының алдында

Қалқан

1

6.

Желаев селолық округі

"№ 14 орта жалпы білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

Қалқан

1

7.

Орал қаласы

Достық-Дружба даңғылы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының алдында

Қалқан

1

8.

Орал қаласы

Достық-Дружба даңғылы, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы - Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы ғимаратының алдында

Қалқан

1

9.

Орал қаласы

Достық-Дружба даңғылы, М. Мәметова алаңы

Қалқан

1

10.

Орал қаласы

Привокзальная көшесі, В. Чапаев алаңы

Қалқан

1

11.

Орал қаласы

Х. Есенжанов көшесі, "Нефтебаза" аялдамасының сол жағы

Қалқан

1

12.

Орал қаласы

Карбышев көшесі, "Жастар" мәдениет үйі ғимаратының алдында

Қалқан

1

13.

Орал қаласы

Евразия даңғылы, "City Center" ойын-сауық–сауда орталығының алдында

Қалқан

1

14.

Орал қаласы

Әбілқайыр хан даңғылы, Д. Қонаев атындағы гүлзар

Қалқан

1

15.

Орал қаласы

Әбілқайыр хан даңғылы, "Астана" сауда орталығының алдында

Қалқан

1

16.

Орал қаласы

Әбілқайыр хан даңғылы, "Орал" сауда ойын-сауық кешені ғимаратының алдында

Қалқан

1

17.

Орал қаласы

Жамбыл көшесі, Халыққа қызмет көрсету орталығының алдында

Қалқан

1

18.

Орал қаласы

Гагарин көшесі, "Жастар шығармашылығы орталығы" ғимаратының алдында

Қалқан

1

19.

Орал қаласы

Құрманғазы көшесі, Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті ғимаратының алдында

Қалқан

1

20.

Орал қаласы

Құрманғазы көшесі, "Орал" қонақ үйінің алдында

Қалқан

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады