Орал қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы N 353 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 наурыздағы N 7-1-202 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 мамырдағы № 1059 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 мамырдағы № 1059 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағы негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қалалық (аумақтық) сайлау комиссиясымен бірлесіп, қосымшаға сәйкес Орал қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Зачаган, Деркөл, Круглоозерное, Желаев кенттік округ әкімдері, "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды стендтер, қалқаншалар және тумбалармен жарақтасын.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 3 наурыздан туындайтын құқықтық қатынастарға таратылады.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А. Сафималиевке жүктелсін.

      Қала әкімі С. Оразов

      КЕЛІСІЛДІ:
Орал қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________Абулхатин Ерболат Махамбетұлы
24.02.2011 ж.

  Орал қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 24 ақпандағы
N 353 қаулысына қосымша

Орал қаласының аумағында Қазақстан Республикасы
Президенттігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік
баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 06.03.2015 N 787 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Елді мекен атауы

Орналасатын жері

Орналасатын нысанның атауы

Саны

1.

Серебряково ауылы

"Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

Қалқан

1

2.

Круглоозерный кенті

"Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

Қалқан

1

3.

Зачаган кенті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының алдында

Қалқан

1

4.

Зачаган кенті

Жәңгір хан көшесі 18/1 тұрғын үй алдында

Қалқан

1

5.

Деркөл ауылы

№ 10 қалалық пошта байланысы ғимаратының алдында

Қалқан

1

6.

Желаев селолық округі

"№ 14 орта жалпы білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

Қалқан

1

7.

Орал қаласы

Достық-Дружба даңғылы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының алдында

Қалқан

1

8.

Орал қаласы

Достық-Дружба даңғылы, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы - Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы ғимаратының алдында

Қалқан

1

9.

Орал қаласы

Достық-Дружба даңғылы, М. Мәметова алаңы

Қалқан

1

10.

Орал қаласы

Привокзальная көшесі, В. Чапаев алаңы

Қалқан

1

11.

Орал қаласы

Х. Есенжанов көшесі, "Нефтебаза" аялдамасының сол жағы

Қалқан

1

12.

Орал қаласы

Карбышев көшесі, "Жастар" мәдениет үйі ғимаратының алдында

Қалқан

1

13.

Орал қаласы

Евразия даңғылы, "City Center" ойын-сауық–сауда орталығының алдында

Қалқан

1

14.

Орал қаласы

Әбілқайыр хан даңғылы, Д. Қонаев атындағы гүлзар

Қалқан

1

15.

Орал қаласы

Әбілқайыр хан даңғылы, "Астана" сауда орталығының алдында

Қалқан

1

16.

Орал қаласы

Әбілқайыр хан даңғылы, "Орал" сауда ойын-сауық кешені ғимаратының алдында

Қалқан

1

17.

Орал қаласы

Жамбыл көшесі, Халыққа қызмет көрсету орталығының алдында

Қалқан

1

18.

Орал қаласы

Гагарин көшесі, "Жастар шығармашылығы орталығы" ғимаратының алдында

Қалқан

1

19.

Орал қаласы

Құрманғазы көшесі, Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті ғимаратының алдында

Қалқан

1

20.

Орал қаласы

Құрманғазы көшесі, "Орал" қонақ үйінің алдында

Қалқан

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады