Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 14.04.2016 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының уақытша міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 205 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Тайпақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Рысалы қыстағы аумағында ұсақ малдар арасында жұқпалы эпидидимит ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 14.04.2016 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
2. Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімінің 08.09.2015 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
3. Тайпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (З. Н. Гапуова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тайпақ ауылдық округінің әкімі | Б. Қдырғужин |