РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тайпақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 7 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Рысалы, Шәуеш, Қырмызы қыстақтары аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3951 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 шілдеде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Рысалы қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Рысалы қыстағы аумағында ұсақ малдар арасында жұқпалы эпидидимит ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.".
2. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Шәуеш, Қырмызы қыстақтары аумағында "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 157 және № 158 ұсыныстары негізінде шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
3. Тайпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (З. Н. Гапуова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тайпақ ауылдық округінің әкімі | Б. Қдырғужин |