Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 17-3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 28-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 маусымда № 3936 болып тіркелді. Күші жойылды -Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 ақпандағы № 47-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 13.02.2020 № 47-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" және 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту және "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулыларына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 17-3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3408 тіркелген, 2014 жылғы 23 қаңтардағы "Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
       2-тармақ мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      "11) "Өрлеу" жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы;
      12) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
      13) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      14) үміткер – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан жүгінген адам.";
       10-тармақ мынадай мазмұндағы 4)-тармақшамен толықтырылсын:
      "4) ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60 пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.";
      мынадай мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. ШАК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) беріледі.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және ШАК төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.";
      мынадай мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:
      "24-1. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыста белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Бұл ретте, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасына (адамға) ШАК төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыста белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма – жергілікті бюджет қаражаты есебінен;
      2) облыста белгіленген кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырады.
      Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
      ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
      Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне жүгінеді.".
      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б. Б. Мұқашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Кемелханов
      Мәслихат хатшысы А. Куликешев

      "КЕЛIСIЛГEH"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
____________Б. Мәкен
09.06.2015 ж.

О внесении дополнений в решение Бурлинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 17-3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бурлинского района"

Решение Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 3 июня 2015 года № 28-1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 24 июня 2015 года № 3936. Утратило силу решением Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 13 февраля 2020 года № 47-6

      Сноска. Утратило силу решением Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 13.02.2020 № 47-6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" и постановлениями Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", от 19 февраля 2015 года № 82 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на оказание социальной защиты и помощи населению и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2014 года № 97 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2014-2016 годы областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на оказание социальной защиты и помощи населению" Бурлинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Бурлинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 17-3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бурлинского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3408, опубликованное 23 января 2014 года в газете "Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести") следующие дополнения:
      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бурлинского района, утвержденных указанным решением:
       пункт 2 дополнить подпунктами 11), 12), 13), 14) следующего содержания:
      "11) проект "Өрлеу" – программа предоставления обусловленной денежной помощи семье (лицу) при условии участия трудоспособных членов семьи (лица) в государственных мерах содействия занятости и прохождения, в случае необходимости социальной адаптации членов семьи (лица), включая трудоспособных;
      12) обусловленная денежная помощь (далее – ОДП) – выплата в денежной форме, предоставляемая государством физическим лицам или семьям с месячным среднедушевым доходом ниже 60 процентов от величины прожиточного минимума на условиях социального контракта активизации семьи;
      13) социальный контракт активизации семьи – соглашение между трудоспособным физическим лицом, выступающим от имени семьи для участия в проекте "Өрлеу", и уполномоченным органом, определяющее права и обязанности сторон;
      14) претендент – лицо, обращающееся от себя и от имени семьи для участия в проекте "Өрлеу".";
       пункт 10 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) наличие среднедушевого дохода, не превышающего 60 процентов от величины прожиточного минимума.";
      дополнить пунктом 12-1 следующего содержания:
      "12-1. ОДП предоставляется семье (лицу) при условии участия трудоспособных членов семьи (лица) в государственных мерах содействия занятости и прохождения в случае необходимости, социальной адаптации членов семьи (лица), включая трудоспособных.
      На период действия социального контракта активизации семьи и выплаты ОДП приостанавливается выплата адресной социальной помощи.";
      дополнить пунктом 24-1 следующего содержания:
      "24-1. Размер ОДП на каждого члена семьи (лицо) определяется как разница между среднедушевым доходом семьи (лица) и 60 процентами от величины прожиточного минимума, установленной в области.
      При этом выплата ОДП семье (лицу), имеющей среднедушевой доход ниже черты бедности, осуществляется в следующем порядке:
      1) разница между среднедушевым доходом семьи и чертой бедности, установленной в области, финансируется за счет средств местного бюджета;
      2) разница между чертой бедности, установленной в области, и 60 процентами от прожиточного минимума – за счет целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета.
      Среднедушевой доход исчисляется путем деления совокупного дохода, полученного за 3 месяца, предшествующих месяцу обращения за назначением ОДП, на число членов семьи и на три месяца и не пересматривается в течение срока действия социального контракта активизации семьи.
      Размер ОДП пересчитывается в случае изменения состава семьи с момента наступления указанных обстоятельств, но не ранее момента ее назначения. ОДП предоставляется на срок действия социального контракта активизации семьи и выплачивается ежемесячно или единовременно за три месяца по заявлению претендента.
      Единовременная сумма ОДП должна быть использована исключительно на мероприятия, связанные с выполнением обязанностей по социальному контракту, в том числе на развитие личного подсобного хозяйства (покупка домашнего скота, птицы и другое), организацию индивидуальной предпринимательской деятельности, кроме затрат на погашение предыдущих займов, приобретение жилой недвижимости, а также осуществление деятельности в сфере торговли.
      Претендент для участия в проекте "Өрлеу" от себя лично или от имени семьи обращается в уполномоченный орган по месту жительства или при его отсутствии к акиму сельского округа.".
      2. Руководителю аппарата районного маслихата (Б. Б. Мукашева) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии Е. Кемелханов
      Секретарь маслихата А. Куликешев
      "СОГЛАСОВАН"
Заместитель акима
Западно-Казахстанской области
________________Б. Макен
09.06 2015 г.