Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 ақпандағы № 47-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 ақпанда № 6039 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 22.12.2020 № 57-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А. Имашева
      Мәслихат хатшысы А. Куликешев

  Бөрлі аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 13 ақпандағы № 47-6
шешіміне 1-қосымша

Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

      Осы Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.

1- тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық орган есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі ЖАО ұсынымы бойынша осы Қағидалардың 1- қосымшасына сәйкес белгіленді.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      7. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға, екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына коммуналдық қызметтеріне шығындарын өтеу үшін 5 АЕК мөлшерінде және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 2 АЕК мөлшерінде;

      2) инва-такси қызметін қолданбайтын көзі нашар көретін бірінші, екінші топ мүгедектеріне, 1 типті қант диабетімен ауыратындарға қалалық қоғамдық көлікте жүруіне байланысты шығындарын өтеу үшін 1 АЕК мөлшерінде көрсетіледі;

      3) туберкулезбен ауыратындарға аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде, 2 АЕК мөлшерінде;

      4) АИТВ - инфекциясы бар балаларға дәлелдейтін анықтама негізінде, 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде көрсетіледі.

      8. Бір реттік әлеуметтік көмек:

      1) қатерлі ісік ауруларына аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде, табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;

      2) аз қамтамасыз етілген азаматтарды (отбасыларды) жерлеуге 15 АЕК мөлшерінде;

      3) жан басына шаққанда орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) 15 АЕК мөлшерінде;

      4) 90 жасқа толған және асқан адамдарға табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;

      5) жеке меншік тұрғын үйлерде тұратын, жан басына шаққанда орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға), жұмыссыздарға қатты отын сатып алуға 12 АЕК мөлшерінде;

      6) жалғыз тұратын және ерлі зайыпты зейнеткерлерге, жалғыз тұратын мүгедектерге қатты отын сатып алуға табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде, дәрігерлік консультативтік комиссия қорытындысы бойынша емделуге табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;

      7) гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топ мүгедектеріне табыстарын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде;

      8) мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емделуге баратын жол шығындарын өтеу үшін, билеттердің құны мөлшерінде көрсетіледі;

      9) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;

      10) жеке меншік тұрғын үйлерде тұратын және иесі болып табылатын, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, аз қамтамасыз етілген азаматарға (отбасыларға), газ анализатор сатып алуға табыстарын есепке алмай 4 АЕК мөлшерінде.

      9. Осы Қағидалардың 2 - қосымшасына сәйкес алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері ЖАО белгіленген.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері бірыңғай мөлшерде облыстың ЖАО келісімі бойынша осы Қағидалардың 3 - қосымшасына сәйкес белгіленген.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) Үлгілік қағидалардың 1 - қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және (немесе) құжатты ұсынады.

      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 2, 3 - қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін осы Қағидалардың 9 - тармағының 3) тармақшасында белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асыралады.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      25. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Бөрлі ауданының әлеуметтік
көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларына 1- қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің
тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

1.

1-2 қаңтар –Жаңа жыл

бір реттік

2.

9 мамыр – Жеңіс күні

бір реттік

3.

15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні

бір реттік

4.

26 сәуір – Чернобыль АЭС апаты құрбандарын еске алу күні

бір реттік

5.

29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні

бір реттік

6.

Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні

бір реттік

  Бөрлі ауданының әлеуметтік
көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларына 2-қосымша

Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

Алушылар санатының тізбесі

Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

1.

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайда қалған азамат (отбасы)

30 АЕК

бір ай ішінде

  Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек
көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларына 3- қосымша

Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 23.04.2020 № 49-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Алушылардың жекелеген санаттарының тізбесі

Әлеуметтік көмектің мөлшері (теңге)

1.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

1 000 000

2.

Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестiрiлген адамдар:


1) Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi

100 000


2) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары

100 000


3) бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткізу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер

50 000


4) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар

30 000

3.

Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар:


1) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде жаралануына, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер

100 000


2) Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болған адамдар

30 000


3) әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық аппатар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар

20 000

4.

Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары:


1) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары

20 000


2) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары

20 000


3) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары

20 000


4) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда

10 000


5) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) нәтижесінде мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi)

30 000


6) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар

30 000


7) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы

20 000

5.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi

30 000

6.

1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар

30 000

7.

Он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар және жетім балалар

5 000

8.

Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар

10 000

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш;

      АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;

      Чернобыль АЭС - Чернобыль атом электр станциясы;

      КСР Одағы – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы.

  Бөрлі аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 13 ақпандағы № 47-6
шешіміне 2 - қосымша

      1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №17 - 3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3408 тіркелген, 2014 жылы 23 қантарда "Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести" газетінде жарияланған).

      2. Бөрлі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы №20-4 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №17 - 3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3558 тіркелген, 2014 жылы 12 маусымда "Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести" газетінде жарияланған).

      3. Бөрлі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қазандағы №22-2 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №17 - 3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3667 тіркелген, 2014 жылы 30 қазанда "Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести" газетінде жарияланған).

      4. Бөрлі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 маусымдағы №28-1 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №17 - 3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3936 тіркелген, 2015 жылы 1 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Бөрлі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 тамыздағы №29-3 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №17 - 3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4059 тіркелген, 2015 жылы 1 қазанда "Бөрлі жаршысы –Бурлинские вести" газетінде жарияланған).

      6. Бөрлі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №32-7 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №17 - 3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4240 тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести" газетінде жарияланған).

      7. Бөрлі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 мамырдағы №3-4 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №17 - 3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4452 тіркелген, 2016 жылы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      8. Бөрлі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы №13-2 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №17 - 3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4745 тіркелген, 2017 жылы 6 сәуірде "Бөрлі жаршысы –Бурлинские вести" газетінде жарияланған).

      9. Бөрлі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 тамыздағы №16-4 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №17 - 3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4889 тіркелген, 2017 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 мамырдағы №24-2 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №17 - 3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5209 тіркелген, 2018 жылы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      11. Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 мамырдағы №39-9 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №17 - 3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5698 тіркелген, 2019 жылы 19 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      12. Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 қарашадағы №44-6 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №17 - 3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5875 тіркелген, 2019 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады