"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2015 жылға Жәнібек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі "Жәнібек ауданы бойынша 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемін және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 253 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3619, 2014 жылғы 29 тамыздағы "Шұғыла" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (Ж. Абдоловқа) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қадырбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Қуаналиев |
2015 жылғы 12 наурыздағы № 67 аудан әкімдігінің қаулысына қосымша |
2015 жылға Жәнібек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру
және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 10.08.2015 № 224 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). № | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Ай сайын тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдар ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге) | |
Балабақша (жергілікті бюджет) | |||||||
1 | Жәнібек ауылы | Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Балдәурен" сәби-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 120 | 24471 | 24471 | 2973 | |
2 | Жәнібек ауылы | Жәнібек ауданының білім беру бөлімінің "Жәнібек балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 84 | 26917 | 26917 | 2973 | |
3 | Ақоба ауылы | Балабақша "Балауса" аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 44 | 24784 | 24784 | 2973 | |
4 | Борсы ауылы | Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Балапан" балабақшасы | 22 | 48106 | 48106 | 2973 | |
5 | Жасқайрат ауылы | Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Ақбота" балабақшасы | 36 | 29641 | 29641 | 2973 | |
6 | Қамысты ауылы | Балабақша "Балбұлақ" Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 42 | 31309 | 31309 | 2973 | |
7 | Ұзынкөл ауылы | Балабақша "Ұзынкөл" Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 44 | 29932 | 29932 | 2973 | |
8 | Тау ауылы | Балабақша "Кайрат" Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 30 | 41178 | 41178 | 2973 | |
Мектеп жанындағы толық күндік балабақша (жергілікті бюджет) | |||||||
9 | Талов ауылы | Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Ғ. Сарбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 20 | 16346 | 16346 | 2973 | |
10 | Жақсыбай ауылы | Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "М. Б. Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 30 | 18205 | 18205 | 2973 | |
Мектепке дейінгі ұйым (Республикалық бюджет) | |||||||
11 | Жәнібек ауылы | Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Алтын ұя" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 290 | 28 194 | 16 203 | 4 200 |