Жәнібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы "2015 жылға Жәнібек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 67 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 224 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 4032 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 70 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 22.04.2016 № 70 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы "2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3878 тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде "Шұғыла" газетінде жарияланған):
      көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:

Мектепке дейінгі ұйым (Республикалық бюджет)

 11 

Жәнібек ауылы

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Алтын ұя" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 290 

 28 194 

 16 203 

 4 200 

      2. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (Ж. Абдолов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қадырбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Мұқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады