"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы "2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3878 тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде "Шұғыла" газетінде жарияланған):
көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:
Мектепке дейінгі ұйым (Республикалық бюджет) | ||||||
11 | Жәнібек ауылы | Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Алтын ұя" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 290 | 28 194 | 16 203 | 4 200 |
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қадырбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Мұқаев |