Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Долин ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 07.09.2017 № 22 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Долин ауылдық округі әкімінің 22.06.2016 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушысының 2015 жылғы 9 шілдедегі № 221 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Теректі ауданы Долин ауылдық округінің Долинный, Төңкеріс ауылдары аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Долин ауылдық округі әкімінің 22.06.2016 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Долин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (С. Ж. Жармуханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Долин ауылдық округі әкімі | Б. Қ. Митанов |