Теректі ауданы Долин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 4 "Теректі ауданы Долин ауылдық округінің Долинный, Төңкеріс, Шөптікөл, Қоныссай ауылдары аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Долин ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 шілдеде № 4473 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Долин ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Долин ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 07.09.2017 № 22 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 15 маусымдағы № 190 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі ауданы Долин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 4 "Теректі ауданы Долин ауылдық округінің Долинный, Төңкеріс, Шөптікөл, Қоныссай ауылдары аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3955 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 шілдеде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Теректі ауданы Долин ауылдық округінің Долинный, Төңкеріс ауылдары аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1.Теректі ауданы Долин ауылдық округінің Долинный, Төңкеріс ауылдары аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.".
      2. Теректі ауданы Долин ауылдық округінің Шөптікөл, Қоныссай ауылдары аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      3. Долин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б.Рахматуллина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Долин ауылдық
округінің әкімі
Б.Митанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады