1. «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10916 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидалары бекітілсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарында (эксперименттік алаң) эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі - эксперименттік бағдарлама) әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу тәртібін айқындайды.
Осы Қағиданың әрекеті ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында іске асырылатын эксперименттік білім беру бағдарламаларына қолданылады.»;
2, 3, 4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәртібі;
3. Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын сынақтан өткізу тәртібі;
4. Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын енгізу тәртібі»;
15-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
«15. Білім беру ұйымының мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы эксперименттік білім беру бағдарламаларын іске асыру құқығынан айыру туралы шешімді Министрлік:
1) білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша теріс қорытынды алған (лицензияның әрекетін тоқтату, заңды және/немесе лауазымды тұлғаға әкімшілік айыппұл салу, лицензияны кері қайтару);
2) эксперименттік бағдарламалар бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың нәтижелері төмен болған жағдайларда қабылдайды.».
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы Т. Балықбаев