Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды дербестендірілген есепке алуды және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 ақпанда № 13094 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 100 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.03.2020 № 100 (01.01.2020 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.03.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды дербестендірілген есепке алуды және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға баспа және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің міндетін атқарушы
Б. Нұрымбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ә. Исекешев

      2016 жылғы 20 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 13 қаңтардағы
№ 15 бұйрығымен
бекітілген

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды дербестендірілген есепке алуды және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.03.2019 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды дербестендірілген есепке алуды және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2005 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 12-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік аударымдар жүргізілген және әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне әрбір қатысушы туралы мәліметтерді дербестендірілген есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық талаптар беру бойынша қызметтер мен квазимемлекеттік секторлар субъектілерінің қызметтерін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық талаптар беру бойынша қызметтер мен квазимемлекеттік секторлар субъектілерінің қызметтерін, сондай-ақ электрондық нысанда табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық талаптар беру бойынша қызметтер мен квазимемлекеттік секторлар субъектілерінің қызметтері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) әлеуметтік аударымдар – өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, ал асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдер алу құқығын беретін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін, Заңда белгіленген міндетті төлемдер;

      3) әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы – әлеуметтік аударымдар төленетін және Заңда көзделген әлеуметтік қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар жеке тұлға;

      4) әлеуметтік төлемдер – әлеуметтік төлемдерді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;

      5) әлеуметтік төлемді алушы – әлеуметтік қатер төнгенге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген не өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде оларды өзі төлеген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры оған қатысты әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда – қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері;

      6) дербестендірілген есепке алу – әлеуметтік аударымдар жүргізілген және әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне әрбір қатысушы туралы мәліметтерді есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;

      7) дерекқор – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әрбір қатысушысы (алушы) бойынша деректерді қамтитын уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;

      8) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген және оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;

      9) уәкілетті орган – Қордың қызметіне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың және Қордан әлеуметтік төлемді алушылардың дербестендірілген есебін қалыптастыру тәртібі

      3. Әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды дербестендірілген есепке алу мынадай:

      1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);

      2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      3) туған күні;

      4) жынысы;

      5) тұрғылықты мекенжайы;

      6) жеке басын куәландыратын құжаттың (оралманның куәлігінің) сериясы және нөмірі, құжаттың берілген күні және берген органның атауы;

      7) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні, азаматтығы өзгергені туралы, азаматтығын өзгерту туралы мәліметтерді қамтиды.

      Бұдан басқа, келіп түскен күнін, жіберілген күнін, құжаттың нөмірін, күнін, төлем тағайындау кодын (бұдан әрі – ТТК), жіберушінің атауын, жіберушінің ЖСН/БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі), алушының атауын, төлемнің жалпы сомасын, әлеуметтік аударымдардың сомасын, мәртебесін, әлеуметтік аударымдар жүргізілетін кезеңді (жылы, айы, айлар) көрсете отырып, төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдардың сомалары туралы, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару туралы мәліметтерді қамтиды.

      4. Әлеуметтік төлемдерді алушыларды есепке алу дерекқорда есепте тұрған әлеуметтік төлемдер тағайындалған алушылардың жалпы саны бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ әлеуметтік төлемдер тағайындалған, бірақ төленбейтін (тоқтатыла тұрған, мерзімі бойынша есептен алынған, бірақ төлемдерді ұзарту туралы шешімдері жоқ) әлеуметтік төлемдерді алушылар есепке алынуға тиіс.

      5. Олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды (оның ішінде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтару) төлеген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, әлеуметтік аударымдарды (оның ішінде қате аударылған әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару) және әлеуметтік төлемдерді (оның ішінде артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомасын) дербестендірілген есепке алуды Мемлекеттік корпорация тұрақты түрде жүзеге асырады.

      6. Әлеуметтік төлемдерді алушыларды есепке алу мынадай:

      1) жүгінген күн;

      2) әлеуметтік қатер басталған күн;

      3) әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімнің күні;

      4) әлеуметтік төлемнің мерзімі аяқталған күн;

      5) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі туралы;

      6) әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстың орташа айлық мөлшері;

      7) әлеуметтік төлемнің түрі туралы;

      8) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы;

      9) асырауындағы адамдардың саны туралы;

      10) жұмыссыз ретінде есепке алуға қою туралы;

      11) еңбек етуге қабілетсіздік күндерінің саны туралы;

      12) бала туу кезектілігі туралы;

      13) тағайындалған әлеуметтік төлемнің мөлшері туралы;

      14) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындалған мерзім туралы деректерді қамтиды;

      15) келіп түскен күнін, жіберілген күнін, құжаттың нөмірін, күнін, төлем тағайындау кодын (бұдан әрі – ТТК), жіберушінің атауын, жіберушінің ЖСН/БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі), алушының атауын, төлемнің жалпы сомасын, әлеуметтік төлемдердің сомасын, мәртебесін, әлеуметтік төлемдер жүргізілетін кезеңді (жылы, айы, айлар) көрсете отырып, аударылған әлеуметтік төлемдер сомалары, сондай-ақ қате аударылған әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару туралы мәліметтерді қамтиды.

      7. Мемлекеттік корпорация:

      дерекқорға мәліметтерді және өзгерістерді уақтылы енгізеді;

      келіп түскен әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдардың сомалары (оның ішінде артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару) туралы, алушыларға жүзеге асырылған әлеуметтік төлемдер (оның ішінде артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдерді қайтару) туралы мәліметтерді дербестендірілген есепке алуды қамтамасыз етеді;

      дербес деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дерекқорда қамтылған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді;

      "Қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының оларды ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 34 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13192 болып тіркелген) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесіне, нысандарына және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының оларды ұсыну мерзімдеріне сәйкес ай сайын уәкілетті органға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары (алушылар), әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдер туралы ақпаратты ұсынады.

Об утверждении Правил ведения персонифицированного учета участников системы обязательного социального страхования и их социальных отчислений и социальных выплат

Приказ и.о. Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 января 2016 года № 15. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 февраля 2016 года № 13094. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 17 марта 2020 года № 100.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 17.03.2020 № 100 (вводится в действие с 01.01.2020).
      Примечание РЦПИ!
      Настоящий приказ вводится в действие с 01.03.2016 г.
      В соответствии с подпунктом 12-4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 25 апреля 2005 года "Об обязательном социальном страховании" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения персонифицированного учета участников системы обязательного социального страхования и их социальных отчислений и социальных выплат.
      2. Департаменту социального обеспечения и социального страхования в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканский центр правовой информации для внесения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Жакупову С.К.
      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 марта 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Исполняющий обязанности
 
Министра здравоохранения
 
и социального развития
 
Республики Казахстан
Б. Нурымбетов

      "СОГЛАСОВАН"
      Министра по инвестициям и
      развитию Республики Казахстан
      _______________ А. Исекешев
      20 января 2016 года
     
     

  Утверждены
приказом Министра
здравоохранения и социального
развития Республики Казахстан
от 13 января 2016 № 15

Правила ведения персонифицированного учета участников системы обязательного социального страхования и их социальных отчислений и социальных выплат

      Сноска. Правила в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 13.03.2019 № 122 (порядок введения в действие см. п. 4).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения персонифицированного учета участников системы обязательного социального страхования и их социальных отчислений и социальных выплат (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 12-4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 25 апреля 2005 года "Об обязательном социальном страховании" (далее - Закон) и определяют порядок ведения персонифицированного учета сведений о каждом участнике системы обязательного социального страхования, за которого производились социальные отчисления и которому осуществлены социальные выплаты.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;
      2) социальные отчисления – установленные Законом обязательные платежи, уплачиваемые в Государственный фонд социального страхования, дающие право участнику системы обязательного социального страхования, за которого производились социальные отчисления, а в случае потери кормильца членам его семьи, состоявшим на его иждивении, получать социальные выплаты в соответствии с законодательством Республики Казахстан об обязательном социальном страховании;
      3) участник системы обязательного социального страхования, за которого производились социальные отчисления – физическое лицо, за которого уплачиваются социальные отчисления и которое имеет право на получение социальных выплат при наступлении случаев социального риска, предусмотренных Законом;
      4) социальные выплаты – выплаты, осуществляемые Государственным фондом социального страхования в пользу получателя социальной выплаты;
      5) получатель социальной выплаты – физическое лицо, за которого производились социальные отчисления в Государственный фонд социального страхования до наступления случая социального риска и в отношении которого Государственным фондом социального страхования вынесено решение о назначении социальных выплат, а в случае смерти лица, являющегося участником системы обязательного социального страхования, за которого производились социальные отчисления, – члены семьи умершего (признанного судом безвестно отсутствующим или объявленного умершим) кормильца, состоявшие на его иждивении;
      6) персонифицированный учет – организация и ведение учета сведений о каждом участнике системы обязательного социального страхования, за которого производились социальные отчисления и которому осуществлены социальные выплаты;
      7) база данных – информационная система уполномоченного органа, содержащая данные по каждому участнику (получателю) системы обязательного социального страхования;
      8) Государственный фонд социального страхования (далее – Фонд) – юридическое лицо, производящее аккумулирование социальных отчислений, назначение и осуществление социальных выплат участникам системы обязательного социального страхования, за которых производились социальные отчисления и в отношении которых наступил случай социального риска, включая членов семьи – иждивенцев в случае потери кормильца;
      9) уполномоченный орган – государственный орган, осуществляющий регулирование, контрольные и надзорные функции за деятельностью Фонда.

Глава 2. Порядок формирования персонифицированного учета участников системы обязательного социального страхования, за которых производились социальные отчисления и получателей социальных выплат из Фонда

      3. Персонифицированный учет участников системы обязательного социального страхования, за которых производились социальные отчисления, включает в себя следующие сведения:
      1) индивидуальный идентификационный номер (далее – ИИН);
      2) фамилия, имя, отчество (при его наличии);
      3) дата рождения;
      4) пол;
      5) адрес места жительства;
      6) серия и номер документа, удостоверяющего личность (удостоверения оралмана), дата его выдачи и наименование выдавшего органа;
      7) об изменении номера и даты выдачи документа удостоверяющего личность, гражданство, об изменении гражданства.
      Кроме того, сведения о суммах уплаченных социальных отчислений и (или) пени, а также о возврате излишне (ошибочно) уплаченных социальных отчислений и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату социальных отчислений в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, с указанием даты поступления, даты отправки, номера, даты документа, кода назначения платежа (далее – КНП), наименования отправителя, ИИН/БИН (бизнес идентификационный номер) отправителя, наименования получателя, общей суммы платежа, суммы социальных отчислений, статуса, периода (год, месяц, месяцы), за который производятся социальные отчисления.
      4. Учет получателей социальных выплат ведется по общей численности получателей назначенных социальных выплат, состоящих на учете в базе данных. Учету также подлежат получатели социальных выплат, которым социальные выплаты назначены, но не выплачиваются (приостановленные, снятые по сроку, но еще не имеющие решения о продлении выплат).
      5. Персонифицированный учет участников системы обязательного социального страхования, за которых производились социальные отчисления, и (или) пеня за несвоевременную и (или) неполную уплату социальных отчислений (в том числе возврат излишне (ошибочно) уплаченных социальных отчислений и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату социальных отчислений и социальных выплат (в том числе возврат излишне зачисленных (выплаченных) сумм социальных выплат) осуществляется Государственной корпорацией на постоянной основе.
      6. Учет получателей социальных выплат включает в себя следующие данные:
      1) дата обращения;
      2) дата наступления социального риска;
      3) дата решения о назначении социальной выплаты;
      4) дата окончания срока социальной выплаты;
      5) о стаже участия в системе обязательного социального страхования;
      6) среднемесячный размер дохода, с которого производились социальные отчисления;
      7) о виде социальной выплаты;
      8) о степени утраты трудоспособности;
      9) о количестве иждивенцев;
      10) о постановке на учет в качестве безработного;
      11) о количестве дней нетрудоспособности;
      12) об очередности рождения ребенка;
      13) о размере назначенной социальной выплаты;
      14) о сроке, на который назначена социальная выплата на случай потери работы.
      15) сведения о суммах перечисленных социальных выплат, а также о возврате ошибочно перечисленных социальных выплат, с указанием даты поступления, даты отправки, номера, даты документа, кода назначения платежа (далее - КНП), наименования отправителя, ИИН/БИН (бизнес идентификационный номер) отправителя, наименования получателя, общей суммы платежа, суммы социальных выплат, статуса, периода (год, месяц, месяцы), за который производятся социальные выплаты.
      7. Государственная корпорация:
      своевременно вносит сведения и изменения в базу данных;
      обеспечивает персонифицированный учет сведений о суммах поступивших социальных отчислений и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату социальных отчислений (в том числе возврат излишне зачисленных (выплаченных) сумм социальных отчислений), о социальных выплатах (в том числе возврат излишне зачисленных (выплаченных) сумм социальных выплат), осуществленных получателям;
      обеспечивает конфиденциальность сведений, содержащихся в базе данных в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан о персональных данных и их защите;
      ежемесячно, согласно перечню, формам, срокам представления финансовой и иной отчетности Государственным фондом социального страхования и Государственной корпорацией "Правительство для граждан", утвержденных приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 20 января 2016 года № 34 "Об определении перечня, форм, сроков представления финансовой и иной отчетности Государственным фондом социального страхования и Государственной корпорацией "Правительство для граждан"" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13192) представляет в уполномоченный орган информацию об участниках (получателях) системы обязательного социального страхования, социальных отчислениях и социальных выплатах.