Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 ақпанда № 13132 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 84 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 29.04.2019 № 84 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 4-3 бабының 13-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б.Қaзaнғaп):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрінің


міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 73 бұйрығымен
бекітілді

Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабының 13-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және бұқаралық ақпарат құралдары өнімдеріне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) байланыс саласында уәкілетті орган – байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;

      2) бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны;

      3) бұқаралық ақпарат құралының өнiмi – мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио-, теле-, кинохроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат;

      4) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін жинау және оны Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан талдау процесі;

      5) бұқаралық ақпарат құралдары саласында уәкілетті орган – бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

      3. Осы қағидаларды іске асыру мақсатында Заңның 4-3-бабының 14) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді.

      4. Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу "Автоматтандырылған ұлттық ақпараттық кеңістікке мониторинг" ақпараттық жүйесі бар болған жағдайда, оны қолдана отырып, жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 27.06.2016 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу тәртібі

      5. Мониторингке техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмысты орындау үшін уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қызметтерін көрсету бойынша мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шарттың негізінде ұйымдарды тартады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 27.06.2016 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мониторингке техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындайтын ұйым мониторинг процесінде, сондай-ақ осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға жолданған мемлекеттік органдардың хабарламалары бойынша айқындалған Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамау белгілерін жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтамауы тіркелген құжаттар уәкілетті органға заңнаманың сақталмауы белгіленген сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық құжат айналымның жүйелерін және ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жолданады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 27.06.2016 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар бойынша келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәніне қосымша талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша уәкілетті орган бұзушылықты саралайды және өз құзыретінің шегінде жедел ден қою шараларын қабылдайды.

      Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылықты саралау кезінде, қылмыстық жауапкершілік көзделмейтін бұзушылықтар бойынша, уәкілетті орган бұзушылықты саралаған сәттен бір жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің немесе иесінің мекенжайына бұзушылықты жою туралы ескертпе хатты жолдайды.

      Ескертпе хатта мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) адресат туралы негізгі мағлұматтар:

      баспа бұқаралық ақпарат құралдары үшін – бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің аталуы, заңды мекенжайы, ресми мекенжайы, ресми электронды поштаның адресі, баспа өнімінің шығу мәліметтері;

      теле-радиоарналар үшін – бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің атауы, заңды мекенжайы, электронды поштаның ресми мекенжайы;

      желілік басылымдар мен интернет-ресурстар үшін – интернет-ресурстың меншік иесінің атауы, заңды мекенжайы, электронды поштаның ресми мекенжайы, интернет-ресурстың IP-мекенжайы.

      Интернет-ресурстың меншік иесі туралы мәліметтерді анықтай алмаған жағдайда, серверінде орналасқан хостинг – провайдердің мекенжайына ескертпе хат жолданады;

      1) сипаттамалық-уәждемелік бөлігі:

      бұзушылықтың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралы жіберген Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық мәні;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ақпаратты таратуды тоқтату туралы не болмаса оны жою туралы (интернет-ресурстар үшін) талаптар;

      2) қосымшалар (дәлелдемелік құжаттар):

      баспа бұқаралық ақпарат құралдары үшін – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық сипаттары бар материалмен басылымның көшірмесі не болмаса тұпнұсқасы;

      теле-радиоарналар үшін – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық сипаттары бар материалдың электронды тасымалдаушыдағы, экрандық суреті бар жазба;

      желілік басылымдар мен интернет-ресурстар үшін – экрандық суреттер.

      8. Оперативтілікті арттыру мақсатында, жедел ден қоюдың қосымша шарасы ретінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ақпараттық материалдардың таратылуын тоқтату қажеттілігінде телефонды хабарласу нысанына рұқсат етіледі.

      9. Бұл ретте телефонмен хабарласудың фактін бекітіліп міндетті түрде қоңыраудың күні мен уақыты, телефон нөмірі, адамның, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің мүддесін қорғайтын адамның да лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

      10. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесіне ескертпе хат жолданғаннан кейін уәкілетті орган бақылау мониторингін жүргізеді:

      1) баспа бұқаралық ақпарат құралдары үшін бақылау мониторинг баспа басылымының жуық шығарылымына қатысты;

      2) теле-, радиоарналар үшін бақылау мониторинг телебағдарламаның (телеарнаның эфирге шығуы) жуық шығарылымына қатысты;

      3) желілік басылымдар мен интернет-ресурстар үшін бақылау мониторингі интернет-ресурстың меншік иесіне ескертпе хат жолданған сәттен бастап 3 сағат ішінде жүргізіледі.

      11. Бұқаралық ақпарат құралдарымен бұзушылық жойылмаған жағдайда уәкілетті орган мынадай шараларды қабылдайды:

      1) баспа бұқаралық ақпарат құралдары, теле-, радиоарналар және желілік басылымдарға қатысты – Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен қарастырылған тәртіппен бұзушылық фактісінің қаралуына бастамашылық етеді немесе сотқа бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тануға және оның Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 156-бабы 2-тармағының тәртібімен талаптар қоюды қамтамасыз ету туралы анықтаманы шығара отырып таралуын тоқтатуға;

      2) интернет-ресурстарға қатысты – байланыс саласындағы уәкілетті органға "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабында көрсетілген тәртіппен заңнаманы бұзушылықты жою туралы нұсқама шығару қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды.

      Қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты саралау кезінде уәкілетті орган бұзушылықты саралаған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, аталған бұзушылықтың түрін қарау құзыретіне жататын мемлекеттік органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ескертпе жолдайды.

      Ескертпеге: заңға қайшы материалдардың көшірмелері (экрандық суреттер, электронды тасымалдағыштағы жазбалар), бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі туралы мәліметтер (аталуы, заңды мекенжайы, ресми электронды поштаның мекенжайы), бұқаралы ақпарат құралының өнімі туралы ақпарат (басылымның шығарылым деректері, телебағдарламаның эфирге шыққан күні, уақыты, интернет-ресурстың IP-адресі, домендік атауы және URL-идентификаторы (сілтемесі) қоса беріледі.

      12. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесіне жолданған ескертпе хаттардың, хабарламалардың, бұқаралық ақпарат құралының тоқтатылуы не болмаса Қазақстан Республикасының аумағында таралуының тоқтатылуы туралы соттың шешімінің есебін жүргізеді.

      13. Бұқаралық ақпарат құралдары өнімдеріне мониторингтің нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылығы жөніндегі ұсынылған ақпаратты жинауды жүзеге асырады.

      14. Қазақстан Республикасының аумағында телекоммуникациялар желілері бойынша таратуға тыйым салынған ақпаратардың қолжетімділігі мен жинауға мониторингі аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, мониторингті техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындайтын ұйым жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 27.06.2016 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Бұқаралық ақпарат құралдарының
мониторингін жүргізу қағидаларына
қосымша

      Нысан

      ____________________________

      ____________________________

      (Уәкілетті органның аталуы)

ЕСКЕРТПЕ

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

      міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 73 Бұқаралық ақпарат

      құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы бұйрығына

      сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылығын анықталған

      дәйектердің тізімін жолдаймыз.

      1. Бұзушылық түрі _________________________.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің нормасы/ сот

      шешімінің нөмірі (тыйым салынған материалдарды тарату фактілері үшін)

      / нөмері _______________________________________________.

      3. Анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық

      фактілерінің тізімі және сипаттамасы1:

      1)______________________;

      2)______________________;

      3)______________________;

      4)______________________;

      5)______________________.

      Қосымша ___ парақта.

      Бірінші басшы/орынбасары _________ __________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.А (болған жағдайда)

      __________________

      1Ескерту: бағандар саны ескертпеге қосылған анықталған Қазақстан

      Республикасының бұзушылық фактілеріне байланысты.

Об утверждении Правил проведения мониторинга средств массовой информации

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 73. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 февраля 2016 года № 13132. Утратил силу приказом Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 29 апреля 2019 года № 84 (вводится в действие с 11.04.2019)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра информации и общественного развития РК от 29.04.2019 № 84 (вводится в действие с 11.04.2019).

      В соответствии с подпунктом 13-2) статьи 4-3 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О средствах массовой информации" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения мониторинга средств массовой информации.

      2. Комитету связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Қазанғап Т.Б.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение десяти календарных дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра по инвестициям и


развитию Республики Казахстан

Ж. Касымбек


  Утверждены
приказом исполняющего
обязанности Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 26 января 2016 года № 73

Правила
проведения мониторинга средств массовой информации
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения мониторинга средств массовой информации (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 13-2) статьи 4-3 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О средствах массовой информации" (далее – Закон) и определяют порядок проведения мониторинга средств массовой информации.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) уполномоченный орган в области связи – центральный исполнительный орган, определенный Правительством Республики Казахстан, осуществляющий реализацию государственной политики в области связи, государственный контроль, координацию и регулирование деятельности лиц, предоставляющих услуги в области связи или пользующихся ими;

      2) средство массовой информации – периодическое печатное издание, теле-, радиоканал, кинодокументалистика, аудиовизуальная запись и иная форма периодического или непрерывного публичного распространения массовой информации, включая интернет-ресурсы;

      3) продукция средства массовой информации – тираж или часть тиража отдельного номера периодического печатного издания или аудиовизуальной программы, отдельный выпуск радио-, теле-, кинохроникальной программы, информация, размещенная на интернет-ресурсе;

      4) мониторинг средства массовой информации (далее - мониторинг) – процесс сбора и анализа продукции средства массовой информации на предмет соблюдения законодательства Республики Казахстан;

      5) уполномоченный орган в области средств массовой информации (далее – уполномоченный орган) – государственный орган, осуществляющий государственное регулирование в области средств массовой информации.

      3. В целях реализации настоящих Правил в соответствии с подпунктом 14) статьи 4-3 Закона уполномоченный орган координирует деятельность центральных и местных исполнительных органов по вопросам средств массовой информации.

      4. Мониторинг средств массовой информации осуществляется с использованием информационной системы "Автоматизированный мониторинг национального информационного пространства" при ее наличии.

      Сноска. Пункт 4 в редакции приказа Министра информации и коммуникаций РК от 27.06.2016 № 13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок проведения мониторинга средств массовой информации

      5. Для выполнения работ по техническому и методическому обеспечению мониторинга уполномоченный орган привлекает организации на основании договора на выполнение государственного задания по оказанию услуг по проведению мониторинга средств массовой информации.

      Сноска. Пункт 5 в редакции приказа Министра информации и коммуникаций РК от 27.06.2016 № 13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Организация, выполняющая работы по техническому и методическому обеспечению мониторинга, производит фиксацию признаков несоблюдения законодательства Республики Казахстан, выявленных в процессе мониторинга, а также по уведомлениям государственных органов, направленных в уполномоченный орган по форме, согласно приложению к настоящим Правилам.

      Документы с зафиксированными признаками несоблюдения законодательства Республики Казахстан направляются в уполномоченный орган не позднее трех рабочих дней с момента фиксации признаков несоблюдения законодательства с использованием систем электронного документооборота и информационных систем.

      Сноска. Пункт 6 в редакции приказа Министра информации и коммуникаций РК от 27.06.2016 № 13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. По представленным документам уполномоченный орган в течение одного рабочего дня с момента поступления проводит дополнительный анализ признаков несоблюдения законодательства Республики Казахстан. По его результатам уполномоченный орган квалифицирует нарушение и в пределах своей компетенции принимает меры оперативного реагирования.

      При квалификации нарушения законодательства Республики Казахстан, не влекущего уголовную ответственность, уполномоченный орган не позднее одного рабочего дня с момента квалификации нарушения направляет предупредительное письмо о необходимости его устранения в адрес собственника или владельца средства массовой информации.

      В предупредительном письме указываются следующие сведения:

      1) основные данные об адресате:

      для периодических печатных изданий – наименование собственника средства массовой информации, юридический адрес, официальный адрес электронной почты, выходные данные печатного издания;

      для теле-, радиоканалов – наименование собственника средства массовой информации, юридический адрес, официальный адрес электронной почты;

      для сетевых изданий и интернет-ресурсов – наименование собственника интернет-ресурса, юридический адрес, официальный адрес электронной почты, IP-адрес интернет-ресурса.

      В случае невозможности установления сведений о собственнике интернет-ресурса, предупредительное письмо направляется в адрес хостинг-провайдера, на сервере которого он размещен;

      2) описательно-мотивировочная часть:

      суть нарушения, а также законодательства Республики Казахстан, нарушение которых допущено средством массовой информации;

      требование о прекращении дальнейшего распространения информации, противоречащей законодательству Республики Казахстан либо об ее удалении (для интернет-ресурсов);

      3) приложение (доказательные материалы):

      для периодических печатных изданий – копии или оригинал издания с материалом, в котором имеются признаки нарушения законодательства Республики Казахстан;

      для теле-, радиоканалов – запись на электронном носителе, экранные снимки материала, в котором имеются признаки нарушения законодательства Республики Казахстан;

      для сетевых изданий и интернет-ресурсов – экранные снимки.

      8. В целях повышения оперативности, как дополнительная мера оперативного реагирования, допускается форма телефонного обращения о необходимости прекращения распространения информационных материалов, противоречащих законодательству Республики Казахстан.

      9. При этом обеспечивается фиксация факта телефонного разговора с обязательным указанием даты и времени звонка, номера телефонов, фамилия, имя, отчество должность лица, а также лица, представляющего интересы собственника средства массовой информации.

      10. После направления собственнику средства массовой информации предупредительного письма уполномоченный орган проводит контрольный мониторинг:

      1) в отношении периодических печатных изданий контрольному мониторингу подвергается ближайший выпуск периодического печатного издания;

      2) в отношении теле-, радиоканалов контрольному мониторингу подвергается ближайший выпуск телепрограммы (выход в эфир телеканала);

      3) в отношении сетевых изданий и интернет-ресурсов контрольный мониторинг осуществляется по истечении 3 часов с момента отправки предупредительного письма собственником интернет-ресурса.

      11. В случае не устранения средством массовой информации нарушений уполномоченный орган принимает следующие меры:

      1) в отношении периодических печатных изданий, теле-, радиоканалов и сетевых изданий – инициирует рассмотрение факта нарушения в порядке, предусмотренном Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях или обращается в суд для принятия мер по признанию продукции средства массовой информации незаконной и прекращению ее распространения на территории РК с одновременным вынесением определения об обеспечении исковых требований в порядке пункта 2 статьи 156 Гражданско-процессуального кодекса Республики Казахстан;

      2) в отношении интернет-ресурсов – направляет уведомление в уполномоченный орган в области связи о необходимости вынесения предписания об устранении нарушений законодательства в порядке предусмотренном статьей 41-1 Закона РК "О связи".

      При квалификации нарушения законодательства Республик Казахстан, влекущего уголовную ответственность, уполномоченный орган не позднее одного рабочего дня с момента квалификации нарушения направляет в государственный орган, к компетенции которого относится рассмотрение дел по данному виду нарушения, уведомление по форме, согласно приложению к настоящим Правилам.

      К уведомлению прилагаются: копии противоправных материалов (экранные снимки, записи на электронных носителях), сведения о собственнике средства массовой информации (наименование, юридический адрес, официальный адрес электронной почты), информация о продукции средства массовой информации (выходные данные печатного издания, дата, время выхода в эфир телепрограммы, IP-адрес, доменное имя и URL-идентификатор (ссылка) интернет-ресурса.

      12. Уполномоченный орган ведет учет предупредительных писем, направленных собственникам средств массовой информации, нарушившим требования законодательства Республики Казахстан, уведомлений, судебных решений о приостановлении либо прекращении распространения на территории Республики Казахстан продукции средств массовой информации.

      13. По результатам мониторинга продукции средств массовой информации уполномоченный орган осуществляет свод представленной информации по нарушениям средствами массовой информации законодательства Республики Казахстан.

      14. Мониторинг доступности и свод информации, запрещенной к распространению по сетям телекоммуникаций на территории Республики Казахстан, осуществляется организацией, выполняющей работы по техническому и методическому обеспечению мониторинга, с использованием аппаратно-программных средств.

      Сноска. Пункт 14 в редакции приказа Министра информации и коммуникаций РК от 27.06.2016 № 13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение
к Правилам проведения мониторинга
средств массовой информации

      Форма

      __________________________________

      __________________________________

      (Наименование уполноменного органа)

УВЕДОМЛЕНИЕ

      В соответствии с Правилами проведения мониторинга средств

      массовой информации, утвержденными приказом исполняющего обязанности

      Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января

      2016 года № 73, направляем перечень выявленных фактов нарушения

      законодательства Республики Казахстан.

      1. Вид нарушения _________________________.

      2. Норма законодательного акта Республики Казахстан / номер

      судебного решения (для фактов распространения запрещенных материалов)

      / номер ____________________________________________________________.

      3. Перечень и описание выявленных фактов нарушения

      законодательства Республики Казахстан1:

      1)______________________;

      2)______________________;

      3)______________________;

      4)______________________;

      5)______________________.

      Приложение на ___ листах.

      Первый руководитель/заместитель _________ ___________________________

      (должность) (подпись) (Ф.И.О (при его наличии)

      1Примечание: количество строк зависит от количества выявленных

      фактов нарушения законодательства Республики Казахстан, включаемых в

      уведомление.