"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 ақпанда № 13158 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10279 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      мынадай мазмұндағы 22 және 23-тармақтармен толықтырылсын:
      «22. Жергілікті атқарушы органдар озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары туралы облыстық, аудандық (қалалық) баспасөз конференцияларын, брифингтер, телерадио бағдарламалар циклын ұйымдастырады және өткізеді.
      23. Облыстық, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттер «Үздік педагог» атағы иегерлерінің озық педагогикалық тәжірибесін жариялау, жинақтау және тарату бойынша жұмыстар жүргізеді, онлайн сабақтар, семинарлар, шеберлік сыныптарын ұйымдастырады. Біліктілікті арттыру орталықтары «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздарын педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға және өткізуге тартады.».
      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                         А. Сәрінжіпов

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 12 "Об утверждении Правил присвоения звания "Лучший педагог"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 69. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 февраля 2016 года № 13158

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 12 «Об утверждении Правил присвоения звания «Лучший педагог» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10279, опубликованный в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан «Әділет» от 5 марта 2015 года) следующие изменение и дополнения:
      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:
      «В соответствии с подпунктом 8-6) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании» ПРИКАЗЫВАЮ:»;
      дополнить пунктами 22 и 23 следующего содержания:
      «22. Местные исполнительные органы в целях распространения передового педагогического опыта организовывают и проводят областные, районные (городские) пресс-конференции, брифинги, цикл телерадиопередач о победителях конкурса «Лучший педагог».
      23. Областные, районные (городские) методические кабинеты проводят работу по освещению, обобщению и распространению передового педагогического опыта обладателей звания «Лучший педагог», организовывают онлайн уроки, семинары, мастер-классы. Центры повышения квалификации привлекают победителей республиканского конкурса «Лучший педагог» к организации и проведению курсов повышения квалификации педагогических кадров.».
      2. Департаменту дошкольного и среднего образования, информационных технологий (Жонтаева Ж. А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Информационно-правовой системе «Әділет», а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;
      4) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан Имангалиева Е.Н.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
      Республики Казахстан                       А. Саринжипов