Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13224 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 216 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:   
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
      2. Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сарсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 9, 13 және 14-тармақтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                            Д. Ақышев

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы 
№ 29 қаулысымен    
бекітілген    

Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Қағидаларда «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1260 тіркелген «Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы № 331 қаулысында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мына ұғымдар пайдаланылады:
      1) банкаралық төлемдер – бір төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарының қатысушысының (бұдан әрі – Қатысушы) осы Қатысушыға қызмет көрсету желісінде басқа Қатысушының пайдасына жүзеге асыратын төлемдері;
      2) қаржылық хабар – төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған операция бойынша банкаралық төлем жүргізу үшін қажетті ақпараттан тұратын және бір Қатысушының басқа Қатысушыға қатысты ақшалай міндеттемелерін (талаптарын) білдіретін төлем құжаты;
      3) Қатысушы – эмитент және (немесе) эквайер болып табылатын екінші деңгейдегі банк және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – банк);
      4) Қатысушының таза позициясы – басқа Қатысушылардың осы Қатысушыға қатысты ақшалай міндеттемелері бойынша Қатысушы ұсынған қаржылық хабарлар сомасы мен осы Қатысушының басқа Қатысушыларға қатысты ақшалай міндеттемелері бойынша басқа Қатысушылар ұсынған қаржылық хабарлар сомасы арасындағы айырма. Егер айырма – теріс сан болса, онда Қатысушының дебеттік таза позициясы бар, егер оң болса – кредиттік таза позициясы бар;
      5) төлем жүйесінің немесе төлем карточкалары жүйесінің операторы (бұдан әрі – Оператор) – банкаралық төлемдерді ұйымдастыру жөніндегі процессингтік ұйымның Қатысушымен жасалған шартқа сәйкес хабарларды маршруттауды, авторландыруды және клирингті жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырумен байланысты функцияларын қоса алғанда, төлем жүйесінің немесе төлем карточкалары жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 
      6) төлем карточкалары жүйелерінің арнасы – төлем карточкалары жүйелерімен жасалған шарттарға сәйкес Қатысушылар арасында хабарларды маршруттау тәсілі;
      7) төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша хабарларды маршруттау (бұдан әрі – хабарларды маршруттау) – банкаралық төлемдер бойынша хабарлардың Қатысушылар арасында жүру және беру маршрутын айқындау процесі;
      8) төлем карточкаларының банкаралық жүйесі – төлем карточкалары банкаралық жүйесінің Операторы мен Қатысушы арасында жасалған шарт негізінде Қатысушылар арасында хабарларды маршруттауға және клирингіне арналған төлем жүйесі. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық ақша аудару орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесі төлем карточкалары банкаралық жүйесінің Операторы болып табылады;
      9) тікелей банкаралық іс-қимыл арнасы – екі Қатысушысының немесе олардың арасында жасалған төлемдерге қызмет көрсету туралы шарттарға сәйкес олардың процессингтік ұйымдары арасындағы ақпараттық-технологиялық;
      10) хабар – Оператор және Қатысушы арасында ақпарат алмасу үшін пайдаланылатын ақпараттық деректер тобы.
      3. Банкаралық төлемдерді жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады:
      1) хабарларды маршруттау және авторландыру;
      2) банкаралық төлемдердің көптарапты негізде төлем карточкаларының банкаралық жүйесі және төлем карточкаларының жүйесі арналары бойынша клирингі не банкаралық төлемдердің екіжақты негіздегі немесе арнаның екі Қатысушысында тікелей банкаралық өзара іс-қимыл болған кезде оны пайдаланбастан жүргізілетін клирингі
      3) ақша аударымы. Ақша аударымы әрбір Қатысушының таза позициясына сәйкес не екі Қатысушының тікелей банкаралық өзара іс-қимыл арнасы арқылы жүзеге асырылған тікелей банкаралық төлемдерді орындау жолымен клиринг нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      4. Қатысушы хабарларды маршруттауды жүзеге асырады және авторландыруды мынадай арналарды пайдалану арқылы алады:
      1) тікелей банкаралық өзара іс-қимыл арнасы;
      2) төлем карточкалары банкаралық жүйесінің арнасы;
      3) төлем карточкалары жүйелерінің арнасы.
      5. Банкаралық төлемдер Қағидалардың 4-тармағында көзделген арналар арқылы жүзеге асырылады.
      6. Қатысушылар арасында банкаралық төлемдерді жүзеге асыру кезінде хабарлар, сондай-ақ қаржылық хабарлар алмасу электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.
      7. Оператор банкаралық төлемдерді жүзеге асыру кезінде электрондық нысанда хабарлар алмасу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді белгілейді және ол белгілеген мерзімде Қатысушыларға жіберіледі.
      8. Оператормен және Қатысушы арасында жасалған шартта белгіленген хабарларды немесе басқа ақпаратты алғаны туралы хабарлау хабарларды жібергенін және/немесе алғанын растау болады.
      9. Тікелей банкаралық әрекет етудің арнасы екі Қатысушыларда олар арасында жасалған шарттың негізінде олардың өз төлемдері бойынша корреспонденттік шоттар арқылы ақпараттық-технологиялық қосылу анықталған кезде пайдаланылады.
      Бір банктің басқа да екі Қатысушылардың банкаралық төлемдеріне қызмет көрсету үшін тікелей банкаралық әрекет ету арнасын пайдалануына рұқсат етілмейді.
      10. Төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің арнасы төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің Операторымен және Қатысушы арасында жасалған шартқа сәйкес банкаралық төлемдерді жүргізу үшін пайдаланылады.
      11. Төлем карточкалары жүйелерінің арнасы:
      1) төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарына және төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің Операторымен және Қатысушы арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес банкаралық төлемдерді жүзеге асырған;
      2) авторландыруды алу үшін хабарларды маршруттау кезінде пайдаланылады.
      12. Оператор Қатысушымен жасалған шартқа сәйкес банкаралық төлемдерге қызметті көрсетуді қамтамасыз етеді, онда мына талаптар:
      1) Қатысушымен және Оператордың құқықтары мен міндеттері;
      2) Қатысушыны төлем жүйесіне немесе төлем карточкаларының жүйесіне қосуға қойылатын талаптар;
      3) Оператордың талаптарын сақтау жөніндегі талаптар, онда мыналар:
      электрондық нысанда хабарлар және төлемдер туралы басқа да ақпарат алмасудың тәсілдері мен тәртібі;
      ақпараттың қауіпсіздік және деректерді/дербес деректерді және  банк құпиясын сақтау режіміне қойылатын талаптар;
      хабарларды маршруттаудың және авторландырудың тәртібі мен талаптары;
      клирингті жүзеге асыру тәртібі;
      банкаралық комиссияларды есептеу тәртібі;
      клиринг нәтижесі бойынша ақша аудару мерзімдері мен тәсілдері;
      банкаралық төлемдер бойынша даулы жағдайларды шешу рәсімі көзделеді;
      4) Қатысушы мен Оператордың өздері арасында жасалған шарттың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілігі;
      5) олар арасында жасалған шартты бұзу және оған өзгеріс енгізу тәртібі қамтылады.
      Оператормен және Қатысушы арасындағы шартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қосымша талаптарды енгізуге рұқсат беріледі.
      13. Эквайер-қатысушы есепті кезеңнен кейінгі аптаның бірінші жұмыс күнінің Астана қаласының уақытымен сағат 14-00 кешіктірмей апта сайын төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің Операторына банкаралық төлемдер тізбесін қалыптастыру және жүргізу үшін төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің Операторы белгілеген талаптарға сәйкес басқа Қатысушы-эмитенттер есепті кезеңде қызмет көрсетудің меншікті желісінде жүргізген банкаралық төлемдер бойынша қаржылық хабарлардың көшірмелерін ұсынады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары банкаралық төлемдерді жүзеге асыру үшін төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің арнасын пайдаланатын Қатысушыларға қолданылмайды.
      14. Төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің Операторы төлем карточкаларының банкаралық жүйесі Операторының банкаралық төлемдердің тізбесін қалыптастыру және жүргізу талаптарын, Қатысушы ұсынатын ақпараттың форматына қойылатын талаптарды белгілейді.
      Банкаралық төлемдердің тізбесін қалыптастыру және жүргізу төлем карточкаларының банкаралық жүйесі Операторының бағдарламалық қамтамасыз етуінде электрондық түрде жүзеге асырылады.
      15. Оператор клирингті жүзеге асырған кезде төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарында және Оператормен және Қатысушы арасында жасалған шартта белгіленген тәртіпте және мерзімде Қатысушыға дейін таза позицияларды жеткізеді.
      16. Оператор Қатысушыларға банкаралық төлемдер бойынша олардың қаржылық хабарлар алмасқанын растайтын хабарларды береді.
      17. Оператор клиринг нәтижесі бойынша ақшаны ақша аударудың банкаралық жүйесі арқылы не Қатысушылар арасында ақша аударуды қамтамасыз ететін банктер арқылы аударады.
      18. Оператор жүргізілген банкаралық төлемдердің нәтижесі бойынша Қатысушының таза позициясына сәйкес ақша аударымын уақтылы аяқтауды қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланады.
      19. Оператор Қатысушының төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарында және Қатысушымен жасалған шартта айқындалған ақпаратты қорғауға қойылған талаптарды сақтауына мониторинг жүргізеді.
      Қатысушы Оператормен және Қатысушы арасында жасалған шартта және төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарында белгіленген қауіпсіздікке қойылған талаптарды бұзған жағдайда, егер Қатысушының қауіпсіздік талаптарын осындай бұзуы басқа Қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген жағдайда, Оператормен және Қатысушы арасында жасалған шартқа сәйкес Оператор Қатысушыны ажыратуға дейінгі қажетті шұғыл шараларды қабылдайды.

Об утверждении Правил осуществления межбанковских платежей и переводов денег по операциям с использованием платежных карточек в Республике Казахстан

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 29. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 февраля 2016 года № 13224. Утратило постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 216

      Сноска. Утратило постановлением Правления Национального Банка РК от 31.08.2016 № 216 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие настоящего приказа см. п.5.

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам неработающих кредитов и активов банков второго уровня, оказания финансовых услуг и деятельности финансовых организаций и Национального Банка Республики Казахстан» Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления межбанковских платежей и переводов денег по операциям с использованием платежных карточек в Республике Казахстан (далее – Правила).
      2. Департаменту развития и управления платежными системами (Мусаев Р.Н.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:
      1) совместно с Департаментом правового обеспечения (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление настоящего постановления в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан»:
      на официальное опубликование в информационно-правовой системе «Әділет» в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      для включения в Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в течение десяти календарных дней со дня его получения Национальным Банком Республики Казахстан после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.
      3. Департаменту международных отношений и связей с общественностью (Казыбаев А.К.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Пирматова Г.О.
      5. Настоящее постановление вводится в действие с 1 июля 2016 года, за исключением пунктов 9, 13 и 14 Правил, которые вводятся в действие с 1 января 2017 года.

      Председатель
      Национального Банка                        Д. Акишев

Утверждены      
постановлением Правления
Национального Банка 
Республики Казахстан 
от 28 января 2016 года
№ 29        

Правила
осуществления межбанковских платежей и переводов денег
по операциям с использованием платежных карточек
в Республике Казахстан

      1. Настоящие Правила осуществления межбанковских платежей и переводов денег по операциям с использованием платежных карточек в Республике Казахстан (далее – Правила) определяют порядок осуществления межбанковских платежей и переводов денег по операциям с использованием платежных карточек в Республике Казахстан.
      2. В Правилах используются понятия, предусмотренные Законом Республики Казахстан от 29 июня 1998 года «О платежах и переводах денег» и постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2000 года № 331 «Об утверждении Инструкции по выпуску и использованию платежных карточек», зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1260, а также следующие понятия:
      1) межбанковские платежи – платежи, осуществляемые одним участником межбанковского платежа и переводов денег по операциям с использованием платежных карточек (далее - Участник) в пользу другого Участника в сети обслуживания данного Участника;
      2) финансовое сообщение – платежный документ, содержащий информацию, необходимую для проведения межбанковского платежа по совершенной операции с использованием платежной карточки, и представляющий собой денежные обязательства (требования) одного Участника по отношению к другому Участнику;
      3) Участник – банк второго уровня и (или) организация, осуществляющая отдельные виды банковских операций (далее – банк), являющийся (являющаяся) эмитентом и(или) эквайером;
      4) чистая позиция Участника – разность между суммой финансовых сообщений, выставленных Участником по денежным обязательствам других Участников по отношению к данному Участнику, и суммой финансовых сообщений, выставленных другими Участниками по денежным обязательствам данного Участника по отношению к другим Участникам. Если разница – отрицательное число, то Участник имеет дебетовую чистую позицию, если положительное – кредитовую чистую позицию;
      5) оператор платежной системы или системы платежных карточек (далее – Оператор) – юридическое лицо, осуществляющее деятельность по обеспечению функционирования платежной системы или системы платежных карточек, включая функции процессинговой организации по организации межбанковских платежей, связанной с осуществлением деятельности по обеспечению осуществления маршрутизации сообщений, авторизации и клиринга в соответствии с договором с Участником;
      6) канал систем платежных карточек – способ маршрутизации сообщений между Участниками в соответствии договорами, заключенными с системами платежных карточек;
      7) маршрутизация сообщений по операциям с использованием платежных карточек (далее – маршрутизация сообщений) – процесс определения маршрута следования и передачи сообщений по межбанковским платежам между Участниками;
      8) межбанковская система платежных карточек – платежная система, предназначенная для маршрутизации сообщений и клиринга между Участниками на основании договора, заключенного между Оператором межбанковской системы платежных карточек и Участником. Оператором межбанковской системы платежных карточек является Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Казахстанский Центр межбанковских расчетов Национального Банка Республики Казахстан»;
      9) канал прямого межбанковского взаимодействия – информационно-технологическое соединение между двумя Участниками или их процессинговыми организациями в соответствии с заключенным между ними договором об обслуживании платежей;
      10) сообщение – группа информационных данных, используемая для обмена информацией между Оператором и Участником.
      3. Осуществление межбанковских платежей состоит из следующих этапов:
      1) маршрутизация сообщений и авторизация;
      2) клиринг межбанковских платежей на многосторонней основе по каналам межбанковской системы платежных карточек и системы платежных карточек, либо клиринг межбанковских платежей на двусторонней основе или без его использования при наличии у двух Участников канала прямого межбанковского взаимодействия;
      3) перевод денег. Перевод денег осуществляется по результатам клиринга в соответствии с чистой позицией каждого Участника либо путем исполнения прямых межбанковских платежей двух Участников, осуществленных посредством канала прямого межбанковского взаимодействия.
      4. Участник осуществляет маршрутизацию сообщений и получает авторизацию посредством использования следующих каналов:
      1) канал прямого межбанковского взаимодействия;
      2) канал межбанковской системы платежных карточек;
      3) канал систем платежных карточек.
      5. Межбанковские платежи осуществляются посредством каналов, предусмотренных пунктом 4 Правил.
      6. Обмен сообщениями, а также финансовыми сообщениями при осуществлении межбанковских платежей между Участниками осуществляется электронным способом.
      7. Процедуры по обмену сообщениями в электронной форме и обеспечению безопасности при осуществлении межбанковских платежей устанавливаются Оператором и доводятся до Участников в установленные им сроки.
      8. Подтверждением отправки и/или получения сообщений служит уведомление о получении сообщений или другая информация, установленная договором, заключенным между Оператором и Участником.
      9. Канал прямого межбанковского взаимодействия используется при установлении у двух Участников информационно-технологического соединения посредством корреспондентских счетов по их собственным платежам на основании заключенного между ними договора.
      Не допускается использование канала прямого межбанковского взаимодействия для обслуживания одним банком межбанковских платежей двух иных Участников.
      10. Канал межбанковской системы платежных карточек используется для проведения межбанковских платежей в соответствии договором, заключенным между Оператором межбанковской системы платежных карточек и Участником.
      11. Канал систем платежных карточек используется при:
      1) осуществлении межбанковских платежей в соответствии с внутренними документами системы платежных карточек и условиями договоров, заключенных между Оператором системы платежных карточек и Участником;
      2) маршрутизации сообщений для получения авторизации.
      12. Оператор обеспечивает обслуживание межбанковских платежей в соответствии заключенным с Участником договором, который содержит следующие условия:
      1) права и обязанности Участника и Оператора;
      2) требования к присоединению Участника к платежной системе или системе платежных карточек;
      3) требования по соблюдению условий Оператора, предусматривающих:
      способы и порядок обмена сообщениями в электронной форме и иной информацией о платежах;
      требования к соблюдению режима информационной безопасности и хранения данных/персональных данных и банковской тайны;
      порядок и условия проведения маршрутизации сообщений и авторизации;
      порядок осуществления клиринга;
      порядок расчета межбанковских комиссий;
      сроки и способы переводов денег по результатам клиринга;
      процедуру разрешения спорных ситуаций по межбанковским платежам;
      4) ответственность Участника и Оператора за невыполнение требований договора, заключенного между ними;
      5) порядок расторжения договора, заключенного между ними, и внесения в него изменений.
      В договор между Оператором и Участником допускается включение иных дополнительных условий, не противоречащих законодательству Республики Казахстан.
      13. Участник-эквайер еженедельно не позднее 14-00 часов времени города Астаны первого рабочего дня недели, следующего за отчетным периодом, представляет Оператору межбанковской системы платежных карточек копии финансовых сообщений по межбанковским платежам, проведенным в собственной сети обслуживания за отчетный период другими Участниками-эмитентами, в соответствии с требованиями, установленными Оператором межбанковской системы платежных карточек, для формирования и ведения реестра межбанковских платежей.
      Требования части первой настоящего пункта не распространяются на Участников, использующих канал межбанковской системы платежных карточек для осуществления межбанковских платежей.
      14. Порядок формирования и ведения реестра межбанковских платежей Оператором межбанковской системы платежных карточек, а также требования к формату информации, предоставляемой Участником, устанавливаются Оператором межбанковской системы платежных карточек.
      Формирование и ведение реестра межбанковских платежей осуществляется в электронном виде в программном обеспечении Оператора межбанковской системы платежных карточек.
      15. При осуществлении клиринга Оператор доводит чистые позиции до Участника в порядке и сроки, установленные внутренними документами систем платежных карточек и договором, заключенным между Оператором и Участником.
      16. Оператор передает сообщения Участникам, подтверждающие обмен их финансовых сообщений по межбанковским платежам.
      17. Перевод денег по результатам клиринга осуществляется Оператором через межбанковскую систему переводов денег либо через банки, обеспечивающие перевод денег между Участниками.
      18. Оператор применяет систему управления рисками для обеспечения своевременного завершения перевода денег в соответствии с чистой позицией Участника по результатам проведенных межбанковских платежей.
      19. Оператор осуществляет мониторинг за соблюдением Участником требований к защите информации, определенных внутренними документами систем платежных карточек и заключенными с Участником договорами.
      В случае нарушения Участником требований к безопасности, установленных договором, заключенным между Оператором и Участником, и внутренних документах системы платежных карточек, Оператор принимает необходимые экстренные меры вплоть до отключения Участника в соответствии с договором, заключенным между Оператором и Участником, в случае если такое нарушение Участником требований безопасности ставит под угрозу безопасность других Участников.