Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 216 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 қазанда № 14292 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 29) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 98 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 29 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13224 тіркелген, 2016 жылғы 5 сәуірде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 216 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып
жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және
(немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 29) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 98 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14299 болып тіркелген "Төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мына ұғымдар пайдаланылады:

      1) банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары (бұдан әрі – банкаралық төлемдер) – төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының бір қатысушысының осы қатысушыға қызмет көрсету желісінде басқа қатысушының пайдасына жүзеге асыратын төлемдері және (немесе) ақша аударымдары;

      2) банкаралық төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушы (бұдан әрі – қатысушы) – төлем карточкасының эмитенті және (немесе) эквайер болып табылатын екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – банк);

      3) қаржылық хабар – төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған операция бойынша банкаралық төлем жүргізу үшін қажетті ақпараттан тұратын және бір қатысушының басқа қатысушыға қатысты ақшалай міндеттемелерін (талаптарын) білдіретін төлем құжаты;

      4) қатысушының таза позициясы – басқа қатысушылардың осы қатысушыға қатысты ақшалай міндеттемелері бойынша қатысушы ұсынған қаржылық хабарлар сомасы мен басқа қатысушылар осы қатысушының басқа қатысушыларға қатысты ақшалай міндеттемелері бойынша ұсынған қаржылық хабарлар сомасы арасындағы айырма. Егер айырма – теріс сан болса, онда қатысушының дебеттік таза позициясы бар, егер оң сан болса, онда кредиттік таза позициясы бар болады;

      5) оператор – қатысушымен жасалған шартқа сәйкес банкаралық төлемдерді ұйымдастыру жөніндегі процессингтік ұйымның хабарларды маршруттауды, авторландыруды және банкаралық төлемдер клирингін (бұдан әрі – клиринг) жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты функцияларын қоса алғанда, төлем жүйесінің немесе төлем карточкалары жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) төлем карточкалары жүйелерінің арнасы – төлем карточкалары жүйелерімен жасалған шарттарға сәйкес қатысушылар арасында хабарларды маршруттау тәсілі;

      7) төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша хабарларды маршруттау (бұдан әрі – хабарларды маршруттау) – банкаралық төлемдер жөніндегі хабарлардың қатысушылар арасында жүру және берілу маршрутын айқындау процесі;

      8) төлем карточкаларының банкаралық жүйесі – банктер арасында есеп айырысуды жүзеге асыру мақсатында операциялық орталық төлем карточкалары бойынша хабарларды өңдеу мен маршруттау және клиринг жолымен банктер шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалған операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуге арналған төлем жүйесі;

      9) төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің операциялық орталығы (бұдан әрі – операциялық орталық) – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      10) тікелей банкаралық өзара іс-қимыл арнасы – екі қатысушының немесе олардың процессингтік ұйымдарының арасында жасалған төлемдерге қызмет көрсету туралы шарттарға сәйкес олардың арасындағы ақпараттық-технологиялық қосылу;

      11) хабар – оператор не операциялық орталық және қатысушы арасында ақпарат алмасу үшін пайдаланылатын ақпараттық деректер тобы;

      12) халықаралық төлем карточкалары жүйесі – қатысушылары банктер, ал операторы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын үш және одан да көп елдің аумағында осы жүйе шеңберінде төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін төлем карточкаларының жүйесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 98 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2023 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. Банкаралық төлемдерді жүзеге асыру мына кезеңдерден:

      1) хабарларды маршруттаудан және авторландырудан;

      2) төлем карточкаларының банкаралық жүйесі және төлем карточкаларының жүйесі арналары бойынша көптарапты негізде банкаралық төлемдердің клирингінен не екі қатысушыда тікелей банкаралық өзара

      іс-қимыл арнасы болған кезде екіжақты негіздегі банкаралық төлемдердің немесе оны пайдаланбастан жүргізілетін клирингінен;

      3) ақша аударымынан тұрады. Ақша аударымы әрбір қатысушының таза позициясына сәйкес клиринг нәтижелері бойынша не екі қатысушының тікелей банкаралық өзара іс-қимыл арнасы арқылы жүзеге асырылған тікелей банкаралық төлемдерін орындау арқылы жүзеге асырылады.

      4. Қатысушы хабарларды маршруттайды және авторландыруды мынадай арналарды:

      1) тікелей банкаралық өзара іс-қимыл арнасын;

      2) төлем карточкалары банкаралық жүйесінің арнасын;

      3) төлем карточкалары жүйелерінің арнасын пайдалану арқылы алады.

      5. Банкаралық төлемдер Қағидалардың 4-тармағында көзделген арналар арқылы жүзеге асырылады.

      6. Қатысушылар арасында банкаралық төлемдерді жүзеге асыру кезінде хабарлармен, сондай-ақ қаржылық хабарлармен алмасу электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.

      7. Оператор не операциялық орталық банкаралық төлемдерді жүзеге асыру кезінде электрондық нысанда хабарлармен алмасу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді белгілейді және олар шартта белгіленген мерзімде қатысушыларға жіберіледі.

      8. Оператор не операциялық орталық және қатысушы арасында жасалған шартта белгіленген хабарларды немесе басқа ақпаратты алғаны туралы хабарлау хабарлар жіберілгенін және (немесе) алынғанын растау болады.

      9. Тікелей банкаралық өзара іс-қимыл арнасы екі қатысушы арасында жасалған шарттың негізінде оларда корреспонденттік шоттар арқылы банкаралық төлемдерді жүзеге асыру үшін ақпараттық-технологиялық қосылу орнатылған кезде пайдаланылады.

      10. Төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің арнасы операциялық орталық пен қатысушы арасында жасалған шарт негізінде банктер шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын операциялар бойынша банкаралық төлемдерді жүргізу үшін пайдаланылады.

      Банктер шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары операциялық орталықтың ішкі құжаттарына сәйкес төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің арнасы арқылы жүзеге асырылады.

      Банктер шығарған төлем карточкаларының халықаралық жүйелерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын операциялық орталық жасай алмаған (жүйеде іркілістер болған) жағдайларды қоспағанда, операциялық орталық жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2023 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Төлем карточкалары жүйесінің арнасы төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарына және төлем карточкалары жүйесінің операторы мен жүйенің қатысушысы немесе операциялық орталық пен жүйенің қатысушысы арасында жасалған шарттардың талаптарына сәйкес банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылады.

      Халықаралық төлем карточкалары жүйелерінің арнасы:

      1) халықаралық төлем карточкалары жүйелерінің ішкі құжаттарына сәйкес банктер шығарған халықаралық төлем карточкалары жүйелерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде;

      2) халықаралық төлем карточкалары жүйелерінің ішкі құжаттарына сәйкес шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар шығарған халықаралық төлем карточкалары жүйелерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында;

      3) операциялық орталық жасай алмаған (жүйеде іркілістер болған) жағдайларда жасалған операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылады.

      Халықаралық төлем карточкалары жүйелерінің арнасын шетелдік валютада жүргізілген банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын өңдеу үшін және де бұрын төлем карточкаларын пайдалана жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша банк клиенттері арасындағы даулы жағдайларды шешу шеңберінде қолдануға жол беріледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2023 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Оператор не операциялық орталық қатысушымен жасалған шартқа сәйкес банкаралық төлемдерге қызметті көрсетуді қамтамасыз етеді, онда мына талаптар:

      1) қатысушының, оператордың не операциялық орталықтың құқықтары мен міндеттері;

      2) қатысушыны төлем жүйесіне немесе төлем карточкаларының жүйесіне қосуға қойылатын талаптар;

      3) оператордың не операциялық орталықтың талаптарын сақтау

      жөніндегі талаптар;

      4) қатысушының және оператордың не операциялық орталықтың өздері арасында жасалған шарттың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілігі;

      5) олар арасында жасалған шартты бұзу және оған өзгерістер енгізу тәртібі қамтылады.

      Оператор не операциялық орталық пен қатысушы арасындағы шартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қосымша талаптарды енгізуге рұқсат беріледі.

      13. Оператор не операциялық орталық клирингті жүзеге асырған кезде таза позицияларды төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарында және оператор не операциялық орталық пен қатысушы арасында жасалған шартта белгіленген тәртіпте және мерзімде қатысушыға дейін жеткізеді.

      14. Оператор не операциялық орталық қатысушыларға банкаралық төлемдер бойынша олардың қаржылық хабарлары алмасқанын растайтын хабарларды береді.

      15. Оператор не операциялық орталық клиринг нәтижесі бойынша ақшаны ақша аударудың банкаралық жүйесі арқылы не қатысушылар арасында ақша аударуды қамтамасыз ететін банктер арқылы аударады.

      16. Оператор не операциялық орталық жүргізілген банкаралық төлемдердің нәтижесі бойынша қатысушының таза позициясына сәйкес ақша аударымын уақтылы аяқтауды қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланады.

      17. Оператор не операциялық орталық қатысушының төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарында және қатысушымен жасалған шарттарда айқындалған ақпаратты қорғауға қойылған талаптарды сақтауына мониторинг жүргізеді.

      Қатысушы оператор, операциялық орталық пен қатысушы арасында жасалған шартта және төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарында белгіленген қауіпсіздікке қойылған талаптарды бұзған жағдайда, егер қатысушының қауіпсіздік талаптарын бұзуы басқа қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген жағдайда, оператор не операциялық орталық оператордың, операциялық орталықтың және қатысушының арасында жасалған шартқа сәйкес қатысушыны ажыратуға дейінгі қажетті шұғыл шараларды қабылдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады