Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 13.10.2017 № 588 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында,
азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер
мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктіліксипаттамалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне
жолдасын;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде
жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қорғаныс министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 38 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық
бағынысты әскери оқу орындарында, азаматтық қызметші
лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға
теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
1. Педагог жұмыскерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
1. Университет бастығының лауазымдық міндеттері.
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын және Университет жарғысын жұмысында басшылыққа ала отырып, университетті тікелей басқаруды жүзеге асырады және:
оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға;
ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыруға;
университетті бітірушілердің даярлығы сапасына;
жедел-тактикалық, жедел-стратегиялық және стратегиялық деңгейлердегі кадрлардың біліктіліктерін арттыруға және қайта даярлауға;
кадрларды іріктеуге және орналастыруға;
жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне;
тұрақты құрамның кәсіби даярлығына;
жарғылық ішкі тәртіп пен реттілікке, әскери қызметтің жай-күйіне, жеке құрамның әскери тәрбиесіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне және әскери қызмет қауіпсіздігіне;
Жауынгерлік Тудың, қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың, оқ-дәрілердің, жанар-жағармай материалдарының (бұдан әрі – ЖЖМ) және басқа да материалдық құралдардың жай-күйіне және сақталуына;
оқу-материалдық базаның, әскери объектілердің, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйіне және сақталуына;
қамтамасыз етудің барлық түрлеріне, шарттық және наразылық-талап қою жұмысына;
әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персоналды әлеуметтік-құқықтық қорғауға жауап береді.
Университеттің мақсаттары мен даму бағыттарын айқындайды. Қабылданған шешімдерге, материалдық құралдардың сақталуына және тиімді жұмсалуына жауапты болады. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін білім беру және ғылыми процестерді жетілдіруге бағыттайды. Жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында білім беру, ғылыми және тәрбие қызметінің сапасы мен тиімділігін, жоғары білімді дамыту саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, ұйымның материалдық-техникалық базасы деңгейін қамтамасыз етеді. Университеттің бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, жеткізушілер, тапсырыс берушілер, кредиторлар алдындағы барлық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етеді.
Ең жаңа технологияларды, білім берудегі отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану, материалдық және техникалық ресурстарды жұмсау және ұтымды пайдалану номаларына негізделген еңбекті басқарудың және ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын пайдалану саласындағы жетістіктер негізінде университетті басқаруды ұйымдастырады.
Мамандарды даярлау тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдарымен, аралас білім беру ұйымдарымен байланысты ұйымдастырады. Әскери білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және қолдайды.
Жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді.
Университетті білікті кадрлармен қамтамасыз ету, профессорлық-оқытушылар құрамының және өзге де жұмыскерлердің санаттар бойынша біліктілігін жүйелі түрде арттыруды жүргізу жөніндегі шараларды қабылдайды. Кәсіптік білімдерін пайдалану мен дамыту және тәжірибе алмасу, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Басшылық жасаудың экономикалық және әкімшілік әдістерін дұрыс үйлестіруді, әскери оқу орны қызметкерлері жұмысының тиімділігін арттыруды, материалдық және моральдық ынталандыру қағидаттарын қолдануды, әрбір жұмыскердің өзіне тапсырылған іске және жалпы жұмыс нәтижелеріне материалдық мүдделілігі мен жауаптылығы қағидаттарын, заңнамада белгіленген мерзімдерде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік серіктестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және оны орындауды, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбегін ынталандыруды, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Өз өкілеттіктері шегінде университеттің қаржы, экономикалық, шаруашылық қызметі мәселелерін шешеді, әскери оқу орны қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымды адамдарға – бастықтың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің, сондай-ақ функционалдық және әкімшілік бөлімшелердің басшыларына тапсырады. Құрылымды және штатты әзірлейді. Азаматтық персоналды қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Берілген өкілеттіктер шеңберінде бұйрықтар мен өкімдер шығарады. Әскери оқу орнының қызметінде және ондағы шаруашылық экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда, қаржылық басқаруда құқықтық құралдарды пайдалануда, шарттық және қаржылық тәртіпті, әлеуметтік еңбек қатынастарын нығайтуда заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді.
Әскери оқу орнының білім беру қызметі саласын қолдау және кеңейту мақсатында білім берудің инновациялық технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді. Сотта, төрелікте әскери оқу орнының мүліктік мүдделерін қорғайды. Мемлекеттік билік және басқару органдарында әскери оқу орны атынан сенімхатсыз әрекет етеді және мекеменің мүдделерін білдіреді. Мемлекеттік құпияларды қорғау және сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жағдайлар жасауға, сондай-ақ жалпы әскери оқу орнының қызметіне дербес жауапты болады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне бағыттар бойынша әскери оқу орны қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп берулерді ұсынады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және полковниктен төмен емес әскери атағының, басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
2. Университет бастығы орынбасарының (оқу жұмысы жөніндегі) лауазымдық міндеттері.
Жоспарлау құжаттарын уақтылы әзірлеуге, оқу процесін, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға және бақылауға, лицензиялау жөніндегі іс-шараларды, мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыруға және өткізуге, оқу және әдістемелік жұмыстың озық тәжірибесін жинақтауға және таратуға, тікелей бағынысты әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың тәрбиесіне, әскери, еңбек тәртібіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне, материалдық-техникалық құралдар мен басқа да мүліктің сақталуына, университеттің ғылыми-техникалық базасын жетілдіруге жауап береді.
Өз бағытымен қолданыстағы заңдар, нормативтік құқықтық актілер, жарғы мен ұжымдық шарт негізінде әскери оқу орнының қызметіне тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады. Тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Қабылдаған шешімдерге, материалдық құндылықтардың сақталуына және оны тиімді пайдалануға жауапты болады. Құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Сеніп тапсырылған қызмет бағыттары шеңберінде әскери оқу орнының бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, жеткізушілер, тапсырыс берушілер, кредиторлар алдындағы барлық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етеді; ең жаңа техника мен технологияларды қолдану, білім беруде отандық және шетелдік тәжірибені, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын пайдалану саласындағы соңғы жетістіктерді енгізуді, материалдық және техникалық ресурстарды жұмсаудың және тиімді пайдаланудың негізделген нормаларын пайдалануды ұйымдастырады. Бағынысты бөлімшелерді білікті мамандармен қамтамасыз ету жөнінде, педагог жұмыскерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттыруды жүргізу жөнінде шаралар қабылдайды. Кәсіби білімді пайдалану және дамыту, оқу-жаттығу ниетіне сәйкес оқу-жаттығуларда тәжірибе алмасу, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Сенімхат болған кезде мемлекеттік билік пен басқару органдарында әскери оқу орнының мүдделерін білдіреді, өз өкілеттіктері шегінде қаржы, экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызметі мәселелерін шешеді.
Құрылымды және штатты өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Бағынысты бөлімшелердің қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда, шарттық және қаржылық тәртіпті,
әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайтуда заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді.
Әскери оқу орнының әскери білім беру қызметі саласын қолдау және кеңейту мақсатында инновациялық технологияларды енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік құпияларды қорғау және сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жағдайлар жасауға, сондай-ақ бағынысты бөлімшелердің қызметіне тікелей жауапты болады. Жыл сайын тиісті құрылымдық бөлімшелер қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді дайындайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және полковниктен төмен емес әскери атағының, әскери білім беру ұйымдарында немесе әскери білім беру басқару органдарында кемінде бес жыл басшылық лауазымдардағы еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
3. Университет кафедрасы бастығының лауазымдық міндеттері: кафедраның жоспарлау құжаттарын әзірлейді.
Кафедра жоспарларының орындалуына, кафедраның ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыруға, кафедра пәндері бойынша магистранттар мен докторанттарды даярлау сапасына, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-педагогикалық деңгейіне, кадрларды іріктеуге және орналастыруға, кафедраның жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне, кафедра жеке құрамының моральдық-психологиялық жай-күйіне және әскери тәртібіне, кафедраның оқу-материалдық базасын жетілдіруге жауап береді.
Отырыстар жоспарына сәйкес кафедра отырыстарын өткізеді.
Кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді.
Кафедра қызметкерлері арасында педагогикалық жүктеме мен лауазымдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады, олардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылау жасайды.
Кафедраның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмысына қатысады. Кафедра оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерделейді, жинақтайды және таратады. Кафедраның жаңадан бастаған оқытушыларына оқу және әдістемелік көмекті қамтамасыз етеді.
Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруды жоспарлайды.
Дайындық бағыттары бойынша әскери оқу орны ішінде және
ЖОО-лар арасындағы деңгейде оқу-әдістемелік комиссиялардың жұмысына қатысады.
Кафедра қызметінің қорытындылары бойынша есеп береді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және полковниктен төмен емес әскери атағының, басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
4. Университет кафедрасы бастығы орынбасарының лауазымдық міндеттері.
Кафедраның жоспарлау құжаттарын әзірлеуге қатысады.
Кафедра жоспарларының, кафедраның ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысының, кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларының орындалуын, кафедра пәндері бойынша магистранттар мен докторанттарды даярлау сапасын, ғылыми-педагог кадрларды даярлауды, кафедраның жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің, кафедра жеке құрамының әскери тәртібін және олардың моральдық-психологиялық жай-күйін, кафедраның
оқу-материалдық базасын жетілдіру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды.
Кафедраның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады.
Кафедра оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерделейді, жинақтайды және таратады. Кафедраның жаңадан бастаған оқытушыларына оқу және әдістемелік көмекті қамтамасыз етеді.
Дайындық бағыттары бойынша әскери оқу орны ішінде және ЖОО-лар арасындағы деңгейде оқу-әдістемелік комиссиялардың жұмысына қатысады.
Кафедра қызметінің қорытындылары бойынша есеп беруді дайындайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және/немесе полковниктен төмен емес әскери атағының, университеттің педагог жұмыскерлері лауазымдарында кемінде 2 жыл және мамандық бойынша кемінде 5 жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
5. Университет профессорының лауазымдық міндеттері.
Жетекшілік ететін пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады.
Оқу сабақтарын өткізеді, магистранттардың және докторанттардың курстық және бітіру жұмыстарына (жобаларға), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Жекелеген бағыттар бойынша кафедраның ғылыми-зерттеу қызметіне басшылық жасайды. Жетекшілік ететін пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын әзірлеуге басшылық жасайды.
Жетекшілік ететін пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді бақылайды.
Оқу-әдістемелік материалдарды, бітіру жұмыстарын (жобаларды) рецензиялауды жүргізеді.
Жетекшілік ететін пәндер бойынша оқулықтарды, оқу және
оқу-әдістемелік құралдарды, оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға, сондай-ақ оларды басып шығаруға дайындауға басшылық жасайды және тікелей қатысады. Кафедраның ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Семинарларға, кеңестерге және конференцияларға, соның ішінде халықаралық, қатысады.
Біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға қатысады, оқытушыларға педагогикалық шеберлікті және кәсіби дағдыларды меңгеруде қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.
Кафедрада ғылыми-педагог кадрларды даярлауға басшылық жасайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және/немесе полковниктен төмен емес әскери атағының, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, басып шығарылған монографияның немесе оқулықтың
(оқу құралының), соңғы үш жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
6. Университет кафедрасы доцентінің (қауымдастырылған профессорының) лауазымдық міндеттері.
Жетекшілік ететін пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады.
Оқу сабақтарын өткізеді, магистранттардың және докторанттардың курстық және бітіру жұмыстарына (жобаларға), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Кафедраның жекелеген бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады. Жетекшілік ететін пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын әзірлеуді жүзеге асырады.
Жетекшілік ететін пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді бақылайды.
Оқу-әдістемелік материалдарды, бітіру жұмыстарын (жобаларды) рецензиялауды жүргізеді.
Жетекшілік ететін пәндер бойынша оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға, сондай-ақ оларды басып шығаруға дайындауға басшылық жасайды және тікелей қатысады. Кафедраның ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Семинарларға, кеңестерге және конференцияларға, соның ішінде халықаралық, қатысады.
Біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға қатысады, оқытушыларға педагогикалық шеберлікті және кәсіби дағдыларды меңгеруде қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.
Кафедрада ғылыми-педагог кадрларды даярлауға басшылық жасайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және/немесе полковниктен төмен емес әскери атағының, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, басып шығарылған монографияның немесе оқулықтың (оқу құралының), соңғы үш жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
7. Университет кафедрасы аға оқытушысының лауазымдық міндеттері.
Оқылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады.
Оқу сабақтарын өткізеді, магистранттардың және докторанттардың курстық және бітіру жұмыстарына (жобаларға), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Кафедраның жекелеген бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады. Оқылатын пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын әзірлеуді жүзеге асырады.
Оқылатын пәндер бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді.
Оқу-әдістемелік материалдарға, бітіру жұмыстарына (жобаларға) рецензиялауды жүргізеді.
Оқылатын пәндер бойынша оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға, сондай-ақ оларды басып шығаруға дайындауға қатысады. Кафедраның ғылыми-зерттеу және
оқу-әдістемелік жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Семинарларға, кеңестерге және конференцияларға, соның ішінде халықаралық, қатысады.
Біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға қатысады, оқытушыларға педагогикалық шеберлікті және кәсіби дағдыларды меңгеруде қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және/немесе подполковниктен төмен емес әскери атағының, мамандық бойынша кемінде 5 жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы жылдар ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
8. Университет кафедрасы оқытушысының лауазымдық міндеттері.
Оқылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады.
Оқу сабақтарын өткізеді, магистранттардың және докторанттардың курстық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Жекелеген бағыттар бойынша кафедраның ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады. Оқылатын пәндер бойынша жұмыстық оқу жоспарларын әзірлеуді жүзеге асырады.
Оқылатын пәндерді әдістемелік қамтамасыз етеді.
Оқылатын пәндер бойынша оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға, сондай-ақ оларды басып шығаруға дайындауға қатысады. Кафедраның ғылыми-зерттеу және
оқу-әдістемелік жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Семинарларға, кеңестерге және конференцияларға, соның ішінде халықаралық, қатысады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, подполковниктен төмен емес әскери атағының, мамандық бойынша кемінде 5 жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы.
9. Әскери институт бастығының лауазымдық міндеттері.
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, жалпыәскери жарғыларды және Әскери институт жарғысын жұмысында басшылыққа ала отырып, әскери институтты тікелей басқаруды жүзеге асырады және:
оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға;
ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыруға;
әскери институтты бітірушілердің даярлық сапасына;
тактикалық деңгейдегі кадрлардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға;
кадрларды іріктеуге және орналастыруға;
жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне;
тұрақты құрамның кәсіби даярлығына;
жарғылық ішкі тәртіп пен реттілікке, әскерлер қызметінің жай-күйіне, жеке құрамның әскери тәрбиесіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне және әскери қызмет қауіпсіздігіне;
Жауынгерлік Тудың, қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың, оқ-дәрілердің, ЖЖМ-ның және басқа да материалдық құралдардың жай-күйіне және сақталуына;
оқу-материалдық базаның, әскери объектілердің, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі мен сақталуына;
қамтамасыз етудің барлық түрлеріне, шарттық және наразылық-талап қою жұмысына;
әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персоналды әлеуметтік-құқықтық қорғауға жауап береді.
Әскери институтты дамытудың мақсаттары мен бағыттарын айқындайды. Қабылданатын шешімдер, материалдық құралдардың сақталуы және оларды тиімді пайдалану үшін жауапты болады. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін білім беру және ғылыми процесті жетілдіруге бағыттайды. Жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында білім беру, ғылыми және тәрбие қызметінің сапасы мен тиімділігін, жоғары білім беруді дамыту саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, ұйымның материалдық-техникалық базасы деңгейін қамтамасыз етеді. Әскери институттың бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, жеткізушілер, тапсырыс берушілер, кредиторлар алдындағы барлық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етеді.
Ең жаңа технологияларды пайдалану саласындағы жетістіктер, білім берудегі отандық және шетелдік тәжірибе, еңбекті басқарудың және ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын пайдалану, материалдық және техникалық ресурстарды жұмсаудың және ұтымды пайдаланудың негізделген нормалары негізінде әскери институтты басқаруды ұйымдастырады.
Мамандарды даярлау тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдарымен, аралас білім беру мекемелерімен байланысты ұйымдастырады. Әскери білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және қолдайды.
Жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді.
Әскери институтты білікті кадрлармен қамтамасыз ету, санаттар бойынша профессорлық-оқытушылар құрамының және жұмыскерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттыруды жүргізу жөніндегі шараларды қабылдайды. Кәсіптік білімдерін пайдалану мен дамыту және тәжірибе алмасу, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Басшылық жасаудың экономикалық және әкімшілік әдістерін дұрыс үйлестіруді, әскери оқу орны қызметкерлері жұмысының тиімділігін арттырудың материалдық және моральдық ынталандыру қағидаттарын қолдануды, әрбір жұмыскердің өзіне тапсырылған іске және жалпы жұмыс нәтижелеріне материалдық мүдделілігі мен жауаптылығы қағидаттарын қолдануды, заңнамада белгіленген мерзімдерде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік серіктестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және оның орындалуын, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбегін ынталандыруды, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Өз өкілеттіктері шегінде әскери институттың қаржылық, экономикалық, шаруашылық қызметі мәселелерін шешеді, әскери оқу орны қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымды адамдарға – бастықтың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің, сондай-ақ функционалдық және әкімшілік бөлімшелердің басшыларына тапсырады. Құрылымды және штатты әзірлейді. Азаматтық персоналды қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Берілген өкілеттіктер шеңберінде бұйрықтар мен өкімдер шығарады. Әскери оқу орнының қызметінде және оның шаруашылық- экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда, қаржылық басқару кезінде құқық құралдарын пайдалануда, шарттық және қаржылық тәртіпті, әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайтуда заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді.
Әскери оқу орнының білім беру қызметі саласын қолдау және кеңейту мақсатында білім берудің инновациялық технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді. Сотта, төрелікте әскери оқу орнының мүліктік мүдделерін қорғайды. Мемлекеттік билік және басқару органдарында әскери оқу орны атынан сенімхатсыз әрекет етеді және мекеменің мүдделерін білдіреді. Мемлекеттік құпияларды қорғау және сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жағдайлар жасау, сондай-ақ жалпы әскери оқу орнының қызметі үшін дербес жауапты болады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне бағыттар бойынша әскери оқу орны қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп берулерді ұсынады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және полковниктен төмен емес әскери атағының, басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
10. Әскери институт бастығы орынбасарының (оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі) лауазымдық міндеттері.
Жоспарлау құжаттарын уақтылы әзірлеуге, білім беру процесін,
ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмыстарын ұйымдастыруға және бақылауға, ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлауға,
оқу-әдістемелік жұмысқа, лицензиялау, мемлекеттік аттестаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, оқу және әдістемелік жұмыстың озық тәжірибесін жинақтауға және таратуға, тікелей бағынысты әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың тәрбиесіне, әскери, еңбек тәртібіне және моральдық-психологиялық жай-күйіне, материалдық-техникалық құралдар мен басқа да мүліктің сақталуына, институттың ғылыми-техникалық базасын жетілдіруге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдарының ғылыми жобаларын дайындауға және оларға қатысуға, Қарулы Күштердің құрылысы, оны даярлау және қолдану, әскери кадрларды даярлау, қару-жарақ пен әскери техниканы (бұдан әрі – ҚӘТ) әзірлеу және жаңғырту саласындағы ғылыми қызметті жүзеге асыруға және іске асыруға жауап береді.
Қолданыстағы заңдар, нормативтік құқықтық актілер, жарғы және ұжымдық шарт негізінде әскери оқу орны қызметінің жекелеген бағытына тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады. Тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Қабылданатын шешімдер, мемлекеттік мүліктің сақталуы және оны тиімді пайдалану үшін жауапты болады. Бағынысты құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Қызметтің сеніп тапсырылған бағыты шеңберінде әскери оқу орнының бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, жеткізушілер, тапсырыс берушілер, кредиторлар алдындағы барлық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етеді; ең жаңа техника мен технологияларды пайдалану, білім берудегі отандық және шетелдік тәжірибені, еңбекті басқарудың және ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын пайдалану, материалдық және техникалық ресурстарды жұмсаудың және ұтымды пайдаланудың негізделген нормалары саласындағы соңғы жетістіктерді енгізуді ұйымдастырады. Бағынысты бөлімшелерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету, педагог жұмыскерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттыруды жүргізу жөнінде шаралар қабылдайды. Кәсіптік білімді пайдалану және дамыту және оқу-жаттығу ниетіне сәйкес оқу-жаттығуларда тәжірибе алмасу, сондай-ақ қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Басшылық жасаудың экономикалық және әкімшілік әдістерін дұрыс үйлестіруді, қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттырудың материалдық және моральдық ынталандыру қағидаттарын қолдануды қамтамасыз етеді.
Сенімхат болған жағдайда мемлекеттік билік және басқару органдарында әскери оқу орнының мүдделерін білдіреді, өз өкілеттіктері шегінде қаржы, экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызметі мәселелерін шешеді. Құрылымды және штатты өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Бағынысты бөлімшелердің қызметінде және олардың шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда, шарттық және қаржылық тәртіпті, әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайтуда заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді.
Әскери оқу орнының әскери білім беру қызметі саласын қолдау және кеңейту мақсатында инновациялық технологияларды енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік құпияларды қорғау және сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жағдайлар жасауға, сондай-ақ бағынысты бөлімшелердің қызметіне дербес жауапты болады. Тиісті құрылымдық бөлімшелер қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп беруді дайындайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және полковниктен төмен емес әскери атағының, әскери білім беру ұйымдарындағы немесе әскери білім беру басқару органдарындағы басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
11. Әскери институт кафедрасы бастығының лауазымдық міндеттері.
Кафедраның жоспарлау құжаттарын әзірлейді.
Кафедра жоспарларының орындалуына, кафедраның ғылыми және
оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыруға, кафедра пәндері бойынша курсанттарды даярлау сапасына, ғылыми-педагог кадрларды даярлауға, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-педагогикалық деңгейіне, кадрларды іріктеуге және орналастыруға, кафедраның
жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне, кафедра жеке құрамының
моральдық-психологиялық жай-күйіне және әскери тәртібіне, кафедраның
оқу-материалдық базасын жетілдіруге жауап береді.
Отырыстар жоспарына сәйкес кафедра отырыстарын өткізеді.
Кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді. Кафедра жұмыскерлері арасында педагогикалық жүктеме мен лауазымдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады және олардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды.
Кафедраның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады.
Кафедра оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерделейді, жинақтайды және таратады. Кафедраның жаңадан бастаған оқытушыларына оқу және әдістемелік көмекті қамтамасыз етеді.
Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруды жоспарлайды.
Әскери оқу орны ішінде және ЖОО-лар арасындағы деңгейде дайындық бағыттары бойынша оқу-әдістемелік комиссиялардың жұмысына қатысады.
Кафедра қызметінің қорытындылары бойынша есеп береді. Курсанттар мен кафедра жұмыскерлерінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және полковниктен төмен емес әскери атағының, мамандық бойынша кемінде бес жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
12. Әскери институт кафедрасы бастығы орынбасарының лауазымдық міндеттері.
Кафедраның жоспарлау құжаттарын әзірлеуге қатысады.
Кафедра жоспарларының орындалуын, кафедраның ғылыми және
оқу-әдістемелік жұмыстарын, кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын, кафедра пәндері бойынша курсанттарды даярлау сапасын, ғылыми-педагог кадрларды даярлауды, кафедраның жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің жай-күйін, кафедра жеке құрамының әскери
тәртібін және оның моральдық-психологиялық жай-күйін, кафедраның
оқу-материалдық базасын жетілдіру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды.
Кафедраның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Кафедра оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерделейді, жинақтайды және таратады. Кафедраның жаңадан бастаған оқытушыларына оқу және әдістемелік көмекті қамтамасыз етеді.
Әскери оқу орны ішінде және ЖОО-лар арасындағы деңгейде дайындық бағыттары бойынша оқу-әдістемелік комиссиялардың жұмысына қатысады.
Кафедра қызметінің қорытындылары бойынша есеп беруді дайындайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және/немесе полковниктен төмен емес әскери атағының, педагог жұмыскерлер лауазымындағы кемінде үш жыл және мамандық бойынша кемінде бес жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
13. Әскери институт кафедрасы профессорының лауазымдық міндеттері.
Жетекшілік ететін пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады.
Оқу сабақтарын өткізеді, курсанттардың курстық және дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Кафедраның жекелеген бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу қызметіне басшылық жасайды. Жетекшілік ететін пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын әзірлеуге басшылық жасайды.
Жетекшілік ететін пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді бақылайды.
Оқу-әдістемелік материалдарды, дипломдық жұмыстарды (жобаларды) рецензиялауды жүргізеді.
Оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, жетекшілік пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға, сондай-ақ оларды басып шығаруға дайындауға басшылық жасайды және тікелей өзі қатысады. Кафедраның ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Семинарларға, кеңестерге, конференцияларға, соның ішінде халықаралық, қатысады.
Біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға қатысады, оқытушыларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды меңгеруде қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.
Кафедрада ғылыми-педагог кадрларды даярлауға басшылық жасайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: ғылыми дәрежесінің және/немесе полковниктен төмен емес әскери атағының, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде бес жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, басып шығарылған монографияның немесе оқулықтың (оқу құралының), соңғы үш жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
14. Әскери институт кафедрасы доцентінің (қауымдастырылған профессорының) лауазымдық міндеттері.
Жетекшілік ететін пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады.
Оқу сабақтарын өткізеді, курсанттардың курстық және дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Кафедраның жекелеген бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады. Жетекшілік ететін пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын әзірлеуді жүзеге асырады.
Жетекшілік ететін пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді бақылайды.
Оқу-әдістемелік материалдарды, дипломдық жұмыстарды (жобаларды) рецензиялауды жүргізеді.
Оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, жетекшілік ететін пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға, сондай-ақ оларды басып шығаруға дайындауға басшылық жасайды және тікелей өзі қатысады. Кафедраның ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Семинарларға, кеңестерге, конференцияларға, соның ішінде халықаралық, қатысады.
Біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға қатысады, оқытушыларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды меңгеруде қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.
Кафедрада ғылыми-педагог кадрларды даярлауға басшылық жасайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: ғылыми дәрежесінің және/немесе полковниктен төмен емес әскери атағының, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде үш жыл еңбек сіңірген жылдарының, басып шығарылған монографияның немесе оқулықтың (оқу құралының) болуы, соңғы үш жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
15. Әскери институты кафедрасы аға оқытушысының лауазымдық міндеттері.
Оқылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады.
Оқу сабақтарын өткізеді, курсанттардың курстық және дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Кафедраның жекелеген бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады. Оқылатын пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын әзірлеуді жүзеге асырады.
Оқылатын пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді.
Оқу-әдістемелік материалдарды, дипломдық жұмыстарды (жобаларды) рецензиялауды жүргізеді.
Оқылатын пәндер бойынша оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға, сондай-ақ оларды басып шығаруға дайындауға қатысады. Кафедраның ғылыми-зерттеу және
оқу-әдістемелік жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Семинарларға, кеңестерге және конференцияларға, соның ішінде халықаралық, қатысады.
Біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға қатысады, оқытушыларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды менгеруде қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімінің майордан төмен емес әскери атағының болуы, мамандық бойынша кемінде 3 жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
16. Әскери институт кафедрасы оқытушысының лауазымдық міндеттері.
Оқылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асырады.
Оқу сабақтарын өткізеді, курсанттардың курстық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Кафедраның жекелеген бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады. Оқылатын пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын әзірлеуді жүзеге асырады.
Оқылатын пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді.
Оқылатын пәндер бойынша оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік кешендер дайындауға, сондай-ақ оларды басып шығаруға қатысады. Кафедраның ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Семинарларға, кеңестерге, конференцияларға, соның ішінде халықаралық семинарларға да қатысады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімінің, капитаннан төмен емес әскери атағының, мамандық бойынша кемінде 3 жыл еңбек сіңірген жылдары болуы.
17. Кадет корпусы бастығының лауазымдық міндеттері.
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, жалпыәскери жарғыларды және Кадет корпусының жарғысын жұмысында басшылыққа ала отырып, Кадет корпусын тікелей басқаруды жүзеге асырады және:
оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға;
Кадет корпусын бітірушілер дайындығының сапасына;
кадрлардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға;
кадрларды іріктеуге және орналастыруға;
жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне тұрақты құрамның кәсіби даярлығына;
жарғылық ішкі тәртіп пен реттілікке, әскерлер қызметінің жай-күйіне, әскери тәрбиеге, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйіне және әскери қызмет қауіпсіздігіне;
Жауынгерлік Тудың, қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың, оқ-дәрілердің, ЖЖМ-ның және басқа да материалдық заттардың жай-күйі мен сақталуына;
оқу-материалдық базаның, әскери обьектілердің, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі мен сақталуына;
қамтамасыз етудің барлық түрлеріне, шарттық және наразылық-талап қою жұмысына;
әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелерін және азаматтық персоналды әлеуметтік-құқықтық қорғауға жауап береді.
Кадет корпусын дамытудың мақсаттары мен бағыттарын айқындайды. Қабылданатын шешімдер, материалдық құралдардың сақталуы және тиімді пайдаланылуы үшін жауапты болады. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың білім беру процесін тиімді жетілдіруге бағыттайды. Жоғары білікті мамандар дайындау мақсатында білім беру және тәрбиелеу қызметінің сапасы мен тиімділігін, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы соңғы жетістіктерді ескерумен материалдық-техникалық базаның деңгейін қамтамасыз етеді. Кадет корпусының бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, жеткізушілер, тапсырыс берушілер, кредиторлар алдындағы барлық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етеді.
Жаңа технологияларды пайдалану саласындағы жетістіктер, білім берудегі отандық және шетелдік тәжірибе, еңбекті басқару мен ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын пайдалану, материалдық және техникалық ресурстарды жұмсаудың және ұтымды пайдаланудың негізделген нормалары негізінде Кадет корпусын басқаруды ұйымдастырады.
Мамандарды даярлау тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдарымен, аралас білім беру мекемелерімен байланысты ұйымдастырады. Әскери білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және қолдайды.
Жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді.
Белгіленген тәртіппен педагог жұмыскерлерді аттестаттауды өткізеді.
Кадет корпусын білікті кадрлармен қамтамасыз ету, санаттар бойынша оқытушылар құрамы мен жұмыскерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттыруды жүргізу жөнінде шаралар қабылдайды. Кәсіби білімдерін пайдалану мен дамыту және тәжірибе алмасу, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Басшылық жасаудың экономикалық және әкімшілік әдістерін дұрыс үйлестіруді, әскери оқу орны қызметкерлері жұмысының тиімділігін арттырудың материалдық және моральдық ынталандыру қағидаттарын қолдануды, әрбір жұмыскердің өзіне тапсырылған іске және жалпы жұмыс нәтижелеріне материалдық мүдделілігі мен жауаптылығы қағидаттарын қолдануды, заңда белгіленген мерзімдерде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік серіктестік қағидаттары негізінде ұжымдық шарт әзірлеуді, жасасуды және оны орындауды, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбегін ынталандыруды, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Өз өкілеттіктері шегінде Кадет корпусының қаржы, экономикалық, шаруашылық қызметі мәселелерін шешеді, әскери оқу орны қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымды адамдарға – бастықтың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің, сондай-ақ функционалдық және әкімшілік бөлімшелердің басшыларына тапсырады. Құрылым мен штатты әзірлейді. Азаматтық персоналды жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және одан шығаруды жүзеге асырады. Берілген өкілеттіктер шеңберінде бұйрықтар мен өкімдер шығарады. Әскери оқу орнының қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда, қаржылық басқару кезінде құқықтық құралдарды пайдалануда шарттық және қаржылық тәртіпті, әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайтуда заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді.
Әскери оқу орнының білім беру қызметі саласын қолдау және кеңейту мақсатында білім берудің инновациялық технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді. Сотта, төрелікте әскери оқу орнының мүліктік мүдделерін қорғайды. Мемлекеттік билік және басқару органдарында әскери оқу орны атынан сенімхатсыз әрекет етеді және мекеменің мүдделерін білдіреді. Мемлекеттік құпияларды қорғау және сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жағдайлар жасауға, сондай-ақ жалпы әскери оқу орнының қызметіне дербес жауапты болады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне бағыттар бойынша әскери оқу орны қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп берулерді ұсынады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімінің подполковниктен төмен емес әскери атағының, басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
18. Кадет корпусы бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары – оқу бөлімі (бөлімшесі) бастығының лауазымдық міндеттері.
Жоспарлау құжаттарын уақтылы әзірлеуге, білім беру процесін, редакциялық-баспа жұмыстарын ұйымдастыруға және бақылауға, педагог кадрларды даярлауға, оқу-әдістемелік жұмысқа, лицензиялау, мемлекеттік аттестаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге, оқу және әдістемелік жұмыстың озық тәжірибесін жинақтауға және таратуға, тікелей бағынысты әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың тәрбиесіне, әскери, еңбек тәртібіне және моральдық-психологиялық жай-күйіне, материалдық-техникалық құралдар мен басқа да мүліктің сақталуына, Кадет корпусының оқу-материалдық базасын жетілдіруге жауап береді, Қарулы Күштердің құрылысы, оны даярлау және қолдану, әскери кадрларды даярлау, ҚӘТ-ны әзірлеу және жаңғырту саласындағы қызметті жүзеге асырады және іске асырады.
Қолданыстағы заңдар, нормативтік құқықтық актілер, жарғы және ұжымдық шарт негізінде әскери оқу орны қызметінің жекелеген бағытына тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады. Тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Қабылданатын шешімдер, мемлекеттік мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы үшін жауапты болады. Бағынысты құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Қызметтің сеніп тапсырылған бағыты шеңберінде әскери оқу орнының бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, жеткізушілер, тапсырыс берушілер, кредиторлар алдындағы барлық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етеді; ең жаңа техника мен технологияларды пайдалану, білім берудегі отандық және шетелдік тәжірибені, еңбекті басқарудың және ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын пайдалану, материалдық және техникалық ресурстарды жұмсаудың және ұтымды пайдаланудың негізделген нормалары саласындағы соңғы жетістіктерді енгізуді ұйымдастырады. Бағынысты бөлімшелерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету, педагог жұмыскерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттыруды жүргізу жөнінде шаралар қабылдайды. Кәсіптік білімдерін пайдалану және дамыту, оқу-жаттығу ниетіне сәйкес оқу-жаттығуларда тәжірибе алмасу, сондай-ақ қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Басшылық жасаудың экономикалық және әкімшілік әдістерін дұрыс үйлестіруді, қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттырудың материалдық және моральдық ынталандыру қағидаттарын қолдануды қамтамасыз етеді.
Сенімхат болған кезде өз өкілеттіктері шегінде қаржы, экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызметі мәселелерін шешеді. Құрылымды және штатты өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Бағынысты бөлімшелердің қызметінде және олардың шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда, шарттық және қаржылық тәртіпті, әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайтуда заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді.
Әскери оқу орнының әскери білім беру қызметі саласын қолдау және кеңейту мақсатында инновациялық технологияларды енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді. Сенімхат болған кезде мемлекеттік билік және басқару органдарында әскери оқу орнының мүдделерін білдіреді. Мемлекеттік құпияларды қорғау және сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жағдайлар жасауға, сондай-ақ бағынысты бөлімшелердің қызметіне дербес жауапты болады. Тиісті құрылымдық бөлімшелер қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп беруді дайындайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімінің болуы, майордан төмен емес әскери атағының, әскери білім беру ұйымдарында немесе әскери білім беру басқару органдарында басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
24. Кадет корпусы аға оқытушысының лауазымдық міндеттері.
Оқылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады.
Оқу сабақтарын өткізеді, кадеттердің курстық жұмыстарына жетекшілік етеді. Оқылатын пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын әзірлеуді жүзеге асырады.
Оқылатын пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді.
Оқу-әдістемелік материалдарды рецензиялауды жүргізеді.
Оқылатын пәндер бойынша оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға, сондай-ақ оларды басып шығаруды дайындауға қатысады. Оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Семинарларға, кеңестерге және конференцияларға, соның ішінде халықаралық, қатысады.
Біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға қатысады, оқытушыларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды меңгеруде қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімінің, капитаннан төмен емес әскери атағының, мамандық бойынша кемінде 3 жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты (куәліктің) болуы.
25. Кадет корпусы оқытушысының лауазымдық міндеттері.
Оқылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады.
Оқу сабақтарын өткізеді, кадеттердің оқу жұмысына жетекшілік етеді. Оқылатын пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын әзірлеуді жүзеге асырады.
Оқылатын пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді.
Оқылатын пәндер бойынша оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға, сондай-ақ оларды басып шығаруға дайындауға қатысады. Оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Семинарларға, кеңестерге және конференцияларға, соның ішінде халықаралық, қатысады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімінің, капитаннан төмен емес әскери атағының, мамандық бойынша кемінде үш жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы.
26. Мектеп бастығының лауазымдық міндеттері.
Мектеп жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жалпы орта білім беру ұйымының қызметіне басшылық жасайды және жұмылдыру әзірлігіне, мектепке қабылдау сапасына, тұрақты құрамның кәсіби даярлығына және ауыспалы құрамның даярлығына, жеке құрамның патриоттық және әскери тәрбиесіне, тәртібіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне және әскери қызметтің қауіпсіздігіне, Жауынгерлік Тудың, қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың және басқа да материалдық құралдардың жай-күйі мен сақталуына, ішкі жарғылық тәртіп пен әскерлер қызметінің жай-күйіне; білім алушыларды даярлау сапасына, олардың іскерлік, жеке психологиялық қасиеттерін, жалпы білім беру, әскери және дене дайындығы, денсаулық жағдайы деңгейін, тәртіптілікті және бітірушілердің одан әрі әскери-кәсіби қызметке деген ниеттерін дамытуға, оларды одан әрі оқытуға Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына жіберуге жауап береді.
Педагогикалық және әдістемелік кеңестермен бірлесіп, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын іске асыруды ұйымдастырады. Мектептің жұмыс жоспарын бекітеді. Бекітілген учаске бойынша балаларды жалпыға міндетті оқытуды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді.
Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді.
Мұғалімдер (педагогтар) ұйымдарының, әдістемелік бірлестік қызметіне жәрдемдеседі. Білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға сәйкес тәрбиеленушілер контингентін, тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдайды. Тәрбиеленушілерді белгіленген нормалардан төмен емес қамту мен тұруы жағдайларын қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде тәрбиеленушілердің және білім беру ұйымы жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
Әскери оқу орындары бастықтарының мектеп бітірушілері туралы пікірлерін жинақтайды және мектептегі оқу-тәрбие жұмысының сапасын одан әрі жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді.
Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақтандырумен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз
ету бойынша жұмысты және бақылауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, құрылтайшылардың қаржы және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есеп беруді ұсынады.
Оқу-материалдық базаны есепке алуды, сақтауды және толықтырды қамтамасыз етеді, ішкі еңбек күн тәртібі талаптарының,
санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына жауап береді.
Педагог кадрларды және көмекші персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, басқарма құрылымын, штат кестесін және жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Педагогикалық кеңеске басшылық жасайды. Жұмыскерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Еңбекте ерекше көзге түскен мұғалімдерді және білім беру ұйымының басқа да жұмыскерлерін көтермелеу мен наградаларға ұсынады, өз құзыреті шегінде жазалар қолданады.
Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (олардың орнында болатын адамдармен) жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білім беру ұйымын білдіреді, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімінің, подполковниктен төмен емес әскери атағының, басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
26. Мектеп бастығының орынбасары – оқу бөлімі бастығының лауазымдық міндеттері.
Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, жалпы білім беретін оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша педагогтердің жұмысын, сондай-ақ қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді меңгеру нәтижелерін объективтілігін бақылауды жүзеге асырады. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқу процесіне қазіргі заманғы технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушыларға ағымдағы бақылау және қорытынды аттестаттау, аралық мемлекеттік бақылау және тестілеу жүргізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады. Білім алушылардың оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының және басқа да оқу қызметі түрлерінің кестесін жасайды.
Білім беру процесін жетілдіру мақсатында пәндік әдістемелік бірлестіктерді және білім беру ұйымының эксперименттік жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелерін талдайды және жинақтайды. Педагогтердің анағұрлым нәтижелі тәжірибесін тарату жөніндегі шараларды жинақтайды және қабылдайды. Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Педагог жұмыскерлердің біліктілігін арттыру және оларға аттестаттау жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Оқу зертханаларын және кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықпен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттерді және кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиетпен толықтыру бойынша жұмысты жоспарлайды. Оқу-тәрбие процесінде пайдаланатын жабдықтың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.
Белгіленген есеп беру құжаттамасын сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімінің, майордан төмен емес әскери атағының, білім беру ұйымдарында және әскери білім беру басқару органдарында кемінде үш жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
2. Педагог жұмыскерлерге теңестірілген лауазымдардың
біліктілік сипаттамалары
1. Университет факультеті бастығының лауазымдық міндеттері.
Факультетті дамыту бағытын әзірлейді, факультеттегі оқу, әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысына басшылық жасайды. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау және практикада оны іске асыру жөніндегі жұмысты басқарады. Факультеттің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін, факультет пәндері бойынша білім беру процесін жүргізуді және оны басқаруды, оқу-тәрбие процесін ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді орындауды, ғылыми-педагог және ғылыми кадрларды даярлауды, cондай-ақ әскери, еңбек тәртібінің және ішкі тәртіптің жай-күйін, факультеттің оқу-материалдық базасының жай-күйі мен дамытуды ұйымдастырады және ол үшін жауапты болады.
Факультетте мамандард даярлау сапасын арттыру жүйесін әзірлейді.
Факультет кафедраларына, ұжымына, магистранттарға және докторанттарға әкімшілік басшылық жасауды жүзеге асырады.
Кафедра бастықтарымен бірлесіп, профессорлық-оқытушылар, ғылыми және оқу-көмекші персоналының кадрларын іріктеуді жүзеге асырады. Әскери оқу орнының бастығы факультет бастығының орынбасарлары лауазымдарына кандидаттарды ұсынады және олардың арасында міндеттерді бөледі.
Кафедрааралық оқу-әдістемелік кеңестерді, семинарларды, ғылыми және ғылыми-әдістемелік кеңестер мен конференцияларды ұйымдастырады және өткізеді. Әскери оқу орнының халықаралық оқу және ғылыми қызметіне қатысады.
Факультет жұмысына басшылық жасайды. Факультеттің жұмыс жоспарының жобаларын дайындайды, факультет отырыстарын дайындауға басшылық жасайды және оларда төрағалық етеді. Факультет бағыты мен бейіні бойынша мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады. Факультет құрамына кіретін кафедралардың пәндері бойынша оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды дайындауға жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады.
Өз жұмысы туралы әскери оқу орнының ғылыми кеңесі алдында факультеттің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие қызметінің негізгі мәселелері бойынша есеп береді.
Кафедралардың және басқа факультет бөлімшелерінің оқу орындарымен, кәсіпорындармен және ұйымдармен, әскери бөлімдермен ғылыми-әдістемелік ынтымақтастығына жұмысты ұйымдастырады және оны бақылауды жүзеге асырады.
Магистранттар мен докторанттарды оқытуды ұйымдастыру мазмұнын, технологиясы мен нысандарын жетілдіру мақсатында бір бейінді білім беру мекемелерімен, ұйымдарымен байланысты қамтамасыз етеді.
Инновациялық оқыту технологияларын, техникалық оқыту
құралдарын қолдануды ұйымдастырады және енгізеді. Факультеттің материалдық-техникалық базасын нығайту және оны дамыту жөнінде жұмыс жүргізеді.
Факультетке қарауына оқу-тәрбие процесін жетілдірумен және магистранттар мен докторанттарды даярлау сапасын арттырумен байланысты мәселелерді шығарады.
Оқу сабақтарының, емтихандардың кестелерін жасауды ұйымдастырады және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Оқу процесін, оқу практикумдары мен кәсіптік практикалардың ұйымдастырылуын бақылайды және реттейді.
Магистранттар мен докторанттардың өзіндік жұмысына, соның ішінде оқытушының басшылық жасауымен магистранттар мен докторанттардың өзіндік жұмысын бақылауды ұйымдастырады.
Магистранттар мен докторанттарды оқудан шығаруға материалдар ұсынады.
Факультетте өткізілетін магистранттар мен докторанттардың
ғылыми-зерттеу жұмысына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады.
Факультет бітірушілерімен байланысты сақтайды, факультетті бітірген мамандардың даярлау сапасын зерделеуді ұйымдастырады.
Оқыту процесінде оқытудың ұзақтығы мен қарқындығы әртүрлі жоспарлар мен бағдарламаларға негізделген сараланған және жеке даярлықты енгізуді қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің немесе полковниктен төмен емес әскери атағының, әскери білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл және мамандық бойынша кемінде бес жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
2. Университет факультетінің бастығы орынбасарының лауазымдық міндеттері.
Факультеттің оқу-әдістемелік құжаттарын әзірлеу және жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Магистранттар мен докторанттардың ағымдағы оқу, тәрбие және идеологиялық, ғылыми, өндірістік жұмысына және практикасына басшылық жасайды. Оқу сабақтарының кестесін жасауды, білім алушылардың үлгерімін бақылаудың барлық түрлерін бақылауды қамтамасыз етеді. Профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби даярлығын жетілдіруді, инновациялық оқыту технологияларын енгізуді, оқытудың техникалық құралдарын қолдануды ұйымдастырады және оны бақылайды. Факультет профессорлық-оқытушылар құрамының оқу және оқу-әдістемелік жүктемесін орындауды, оқу сабақтарының, курстық және бітіру жұмыстарының (жобаларының), әскери тағылымдамалардың (практикалардың) барлық түрлерін өткізуді бақылайды.
Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарын перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, факультетте негізгі ғылыми қызмет бағыттары бойынша оларды өткізуді үйлестіреді. Ғылыми-әдістемелік кеңестер, семинарлар мен конференциялар өткізеді. Факультетте магистранттар мен докторанттардың әскери-ғылыми жұмысын үйлестіреді. Факультеттің оқу-әдістемелік, ғылыми әзірлемелерін жариялауға ұсынады. Факультеттегі моральдық-психологиялық жай-күйді және әскери тәртіпті ұстау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оны бақылайды.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және/немесе полковниктен төмен емес әскери атағының, педагог жұмыскерлердің лауазымдарында кемінде үш жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
3. Әскери институт факультеті бастығының лауазымдық міндеттері.
Факультетті дамыту бағытын әзірлейді, факультетте оқу,әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысына басшылық жасайды. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау және практикада оны іске асыру жөніндегі жұмысты басқарады.
Факультеттің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін, факультет пәндері бойынша білім беру процесін жүргізуді және оны басқаруды, оқу-тәрбие процесін ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуін орындауды, ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлауды, сондай-ақ әскери, еңбек тәртібі мен ішкі тәртіптің жай-күйін, факультет оқу-материалдық базасының жай-күйі мен оны дамытуды ұйымдастырады және оған жауапты болады.
Факультетте мамандарды даярлау сапасын арттыру жүйесін әзірлейді.
Факультет кафедраларына, ұжымына, курсанттарына әкімшілік басшылық жасауды жүзеге асырады.
Кафедра бастықтарымен бірлесіп, профессорлық-оқытушылар, ғылыми және оқу-көмекші персоналының кадрларын іріктеуді жүзеге асырады. Әскери оқу орнының бастығы факультет бастығы орынбасарларының лауазымдарына кандидаттарды ұсынады және олардың арасында міндеттерді бөледі.
Кафедрааралық оқу-әдістемелік кеңестер, семинарлар, ғылыми және ғылыми-әдістемелік кеңестер мен конференциялар ұйымдастырады және оны өткізеді. Әскери оқу орнында халықаралық оқу және ғылыми қызметке қатысады.
Факультет жұмысына басшылық жасайды. Факультеттің жұмыс жоспарларының жобаларын дайындайды, факультет отырыстарын дайындауға басшылық жасайды және оларда төрағалық етеді. Факультет бағыты мен бейіндері бойынша мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады. Факультет құрамына кіретін кафедралардың пәндері бойынша оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды дайындауға жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады.
Өз жұмысы туралы әскери оқу орнының ғылыми кеңесі алдында факультеттің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие қызметінің негізгі мәселелері бойынша есеп береді.
Кафедралардың және басқа факультет бөлімшелерінің оқу орындарымен, кәсіпорындармен және ұйымдармен, әскери бөлімдермен ғылыми-әдістемелік ынтымақтастығына жұмысты ұйымдастырады және оны бақылауды жүзеге асырады.
Курсанттарды оқытуды ұйымдастыру мазмұнын, технологиясын және нысандарын жетілдіру мақсатында бір бейінді білім беру мекемелерімен, ұйымдарымен байланысты қамтамасыз етеді.
Инновациялық оқыту технологияларын, техникалық оқыту құралдарын қолдануды ұйымдастырады және оны енгізеді. Факультеттің материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту жөнінде жұмыс жүргізеді.
Факультет қарауына оқу-тәрбие процесін жетілдірумен және курсанттарды даярлау сапасын арттырумен байланысты мәселелерді шығарады.
Кәсіптік бағдар беру жұмысын және факультетке қабылдауды ұйымдастырады және жүргізеді.
Оқу сабақтарының, емтихандардың кестесін жасауға басшылық жасайды және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Оқу процесін, оқу және кәсіптік практикаларды ұйымдастыруды бақылайды және реттейді.
Курсанттардың өзіндік жұмысын, соның ішінде оқытушының басшылығымен курсанттардың өзіндік жұмысын бақылауды ұйымдастырады.
Курсанттарды оқуға қабылдау, оқудан шығару және қайта қабылдау материалдарын ұсынады.
Факультет курсанттарына стипендия тағайындауға ұсыныс дайындайды.
Факультетте өткізілетін курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмысына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады.
Факультет бітірушілерімен байланысты сақтайды, факультет шығаратын мамандарды даярлау сапасын зерделеуді ұйымдастырады.
Оқыту процесінде оқытудың ұзақтығы мен қарқындығы әртүрлі жоспарлар мен бағдарламаларға негізделген сараланған және жеке даярлықты енгізуді қамтамасыз етеді.
Факультет құрамына кіретін бөлімшелердің әскери-ғылыми қоғамдарын үйлестіруді жүзеге асырады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және/немесе полковниктен төмен емес әскери атағының, әскери білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл және мамандық бойынша кемінде бес жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
4. Әскери институт факультеті бастығы орынбасарының лауазымдық міндеттері.
Факультеттің оқу-әдістемелік құжаттарын әзірлеу және жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Курсанттардың ағымдағы оқу, тәрбие және идеологиялық, ғылыми, өндірістік жұмысына және практикасына басшылық жасайды. Оқу сабақтарының кестесін жасауды, білім алушылардың үлгерімін бақылаудың барлық түрлерін бақылауды қамтамасыз етеді. Профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби даярлығын жетілдіруді, инновациялық оқыту технологияларын енгізуді, оқытудың техникалық құралдарын қолдануды ұйымдастырады және оны бақылайды. Факультет профессорлық-оқытушылар құрамының оқу және оқу-әдістемелік жүктемесін орындауды, оқу сабақтарының, курстық және дипломдық жобалардың, әскери тағылымдамалардың (практикалардың) барлық түрлерін өткізуді бақылайды.
Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарын перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, факультетте негізгі ғылыми қызмет бағыттары бойынша оларды өткізуді үйлестіреді. Ғылыми-әдістемелік кеңестер, семинарлар мен конференциялар өткізеді. Факультетте курсанттардың әскери-ғылыми жұмысын үйлестіреді. Факультеттің оқу-әдістемелік, ғылыми әзірлемелерін жариялауға ұсынады. Бөлімше командирлерінің, курсанттардың жұмысын, сондай-ақ факультеттегі моральдық-психологиялық жай-күйді және әскери тәртіпті ұстау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бақылайды.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылым дәрежесінің және/немесе полковниктен төмен емес әскери атағының, педагог жұмыскерлердің лаузымдарында кемінде үш жыл, мамандық бойынша кемінде бес жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
5. Кадет корпусы циклі бастығының лауазымдық міндеттері.
Циклді дамыту бағытын әзірлейді, циклдің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысына басшылық жасайды. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау және практикада іске асыру жөніндегі жұмысты басқарады. Циклдің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін, цикл пәндері бойынша білім беру процесін жүргізуді және оны басқаруды, оқу-тәрбие процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді орындауды, педагог кадрларды даярлауды, сондай-ақ әскери, еңбек тәртібі және ішкі тәртіп жай-күйін, циклдің оқу-материалдық базасының жай-күйі мен оны дамытуды ұйымдастырады және оған жауапты болады.
Цикл мамандарын даярлау сапасын арттыру жүйесін әзірлейді.
Ұжымға әкімшілік басшылық жасауды жүзеге асырады.
Цикл оқытушыларымен бірлесіп, оқытушылар мен оқу-көмекші персоналының кадрларын іріктеуді жүзеге асырады.
Оқу-әдістемелік кеңестер, семинарлар мен конференциялар ұйымдастырады және өткізеді. Әскери оқу орнының халықаралық қызметіне қатысады.
Цикл жұмысына басшылық жасайды. Циклдің жұмыс жоспарларының жобаларын дайындайды, цикл отырыстарын дайындауға басшылық жасайды және оларда төрағалық етеді. Цикл бағыты мен бейіндері бойынша мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады. Цикл пәндері бойынша оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар дайындауға жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады.
Өз жұмысы туралы әскери оқу орнының кеңесі алдында циклдің
оқу-әдістемелік және тәрбие қызметінің негізгі мәселелері бойынша есеп береді.
Цикл оқытушыларының оқу орындарымен, кәсіпорындармен және ұйымдармен, әскери бөлімдермен әдістемелік ынтымақтастығына жұмысты ұйымдастырады және оны бақылауды жүзеге асырады.
Кадеттерді оқытуды ұйымдастыру мазмұнын, технологияларын және нысандарын жетілдіру мақсатында бір бейінді білім беру мекемелерімен, ұйымдарымен байланысты қамтамасыз етеді.
Инновациялық оқыту технологияларын, оқытудың техникалық құралдарын қолдануды ұйымдастырады және енгізеді. Циклдің
материалдық-техникалық базасын нығайту және оны дамыту жөнінде жұмыс жүргізеді.
Цикл қарауына оқу-тәрбие процесін жетілдірумен және кадеттерді даярлау сапасын арттырумен байланысты мәселелерді шығарады.
Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді.
Оқу сабақтары мен емтихандар кестесінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Оқу процесін, оқу практикумдары мен кәсіптік практикаларды ұйымдастыруды бақылайды және реттейді.
Кадеттердің өзіндік жұмысын бақылауды ұйымдастырады.
Кадет корпусының бітірушілерімен байланысты сақтайды, мамандарды даярлау сапасын зерделеуді ұйымдастырады.
Оқыту процесінде оқыту ұзақтығы мен қарқындылығы әртүрлі жоспарлар мен бағдарламаларға негізделген сараланған және жеке даярлықты енгізуді қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Әскери полиция органдары туралы", "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және әскери оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімінің, майордан төмен емес әскери атағының, әскери білім беру ұйымдарында педагог лауазымдарында кемінде үш жыл және мамандық бойынша кемінде бес жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы, соңғы үш жыл ішінде білім беру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.