БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 01.08.2017 № 468 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде" жарияланған, 2012 жылғы наурыз, № 3, 443-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.";
осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) қосу үшін есепке алу объектiлерi деректерiн және мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзу мерзімдерін енгiзу тәртібін анықтайды.";
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Тізілімге қосу үшін:
мемлекеттік заңды тұлғалар есепті жыл қорытындылары бойынша олардың теңгерімінде бекітілген мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпаратты ұсынады;
мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 325 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6352 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 325 бұйрық) нысандар бойынша жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.
4. Мемлекеттік мекемелердің мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпараты және жылдық қаржылық есептілігі электрондық форматта (бұдан әрі – электрондық есеп) ұсынылады. Электрондық есеп Бірыңғай оператор әзірлеген "Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі" бағдарламалық қамтамасыз етуді (бұдан әрі - бағдарламалық қамтамасыз ету) қолдану арқылы тапсыруға қалыптастырылады.
5. Мемлекеттік заңды тұлғалар Тізілімге электрондық есепті мынадай тәртіпте ұсынады:
1) электрондық есеп Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Тізілімнің веб-порталында орналасқан бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жасалады. Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу нәтижесінде оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасы қойылатын осы Әдістеменің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу нәтижелері жөніндегі ақпараты және № 325 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының 1-6 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігі бар мұрағаттық файлдар қалыптастырылады;
2) электрондық есепті түгендеуді өткізу туралы мемлекеттік заңды тұлғаның сканирленген шешімін бекітіп, Тізілімнің серверіне бағдарламалық қамтамасыз етуде бар жөнелту үшін сервисті пайдалана отырып (ұйымның Интернетке шығуы бар болғанда) немесе Бірыңғай оператордың өңірлік бөлімшесіне (ақпараттың электрондық тасығыштарында) немесе Тізілімнің веб-порталында көрсетілген Бірыңғай оператордың электрондық мекенжайына жібереді.";
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Осы Әдістеменің 9-тармағына сәйкес салыстыру нәтижесінде айқындалған жылжымайтын мүлік жөніндегі ақпаратты мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның келісімі бойынша Бірыңғай оператор есептік жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде электрондық форматта:
1) осы Әдістеменің 9-тармағында көрсетілген паспорттандыру және мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу бойынша жұмысты республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемін анықтау үшін мемлекеттік мекемелер бойынша:
тиісті саланың уәкілетті органына (республикалық мекемелер бойынша);
облыстық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (облыстық коммуналдық мекемелер бойынша);
аудандық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (аудандық коммуналдық мекемелер бойынша);
2) осы Әдістеменің 9-тармағында көрсетілген паспорттандыру және мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу бойынша шығындарды дамыту жоспарларына қосу үшін мемлекеттік кәсіпорындар бойынша:
тиісті саланың уәкілетті органына (республикалық кәсіпорындар бойынша);
облыстық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (облыстық коммуналдық кәсіпорындар бойынша);
аудандық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (аудандық коммуналдық кәсіпорындар бойынша) жібереді.
11. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімі тізілімінде № 7197 болып тіркелген) Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасына сәйкес мүлікті түгендеуді жүргізеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімі тізілімінде № 10954 болып тіркелген) Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына сәйкес мүлікті түгендеуді жүргізеді.
Мемлекеттік мекемелер қайта бағалау моделін қолданған немесе активтерді бағалаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6505 болып тіркелген) бекітілген Есеп саясатына сәйкес мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар құнның қайта бағалау бойынша есептеу моделін есеп саясатында таңдаған жағдайда "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңымен анықталған қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.
Мемлекеттік заңды тұлғалар олардың теңгерімінде бекітілген жылжымайтын мүлікті паспорттау жүргізу бойынша шаралар қабылдайды. Жылжымайтын мүлікті паспорттау бойынша іс-шараларды мемлекеттік мекемелер жыл ішінде бекітілген қаржы жоспарларына, ал мемлекеттік кәсіпорындар бекітілген даму жоспарларына сәйкес жүргізеді.";
оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу
объектiлерi деректерiн енгiзудің,
сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу,
паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің
бірыңғай әдістемесіне 1-қосымша";
оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу
объектiлерi деректерiн енгiзудің,
сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу,
паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің
бірыңғай әдістемесіне 2-қосымша";
оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу
объектiлерi деректерiн енгiзудің,
сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу,
паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің
бірыңғай әдістемесіне 3-қосымша";
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2016 жылғы "___" _____