БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген, «Заң газетанің» 2009 жылғы 10 ақпандағы № 20 (1617) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Осы Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 41) тармағына сәйкес әзірленді және шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«2. Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібі»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«4. Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберуді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган және білім беру ұйымдары:»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемдері:
1) шет тілін білу деңгейі;
2) білім туралы құжаттың орташа балы;
3) білім алушылардың академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерімі;
4) академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға үміткерлер үшін өз жоғары оқу орнында бір академиялық кезеңді аяқтау.»;
мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:
«9-1. Академиялық оралымдылық шеңберінде білім алушыларды қаржыландыру:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушылар үшін республикалық бюджет қаражаты;
2) жоғары оқу орындары ақылы қызметтер көрсетуден алатын кірістері;
3) жұмыс берушілер, әлеуметтік, академиялық және ғылыми әріптестер, халықаралық және отандық қорлар гранттары және стипендиялар;
4) білім алушылардың жеке қаражаттары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
9-2. Академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға бюджет қаражатын бөлу кезінде жоғары оқу орындарын конкурстық негізде іріктеудің негізгі өлшемдері:
1) шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен келісімдердің және шарттардың болуы;
2) жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингке қатысуы;
3) аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;
4) бітірушілердің жұмысқа орналасуы 70% кем емес.».
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы Т. Балықбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
____________ Е. Ыдырысов
9 ақпан 2016 жылы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
____________ Б. Сұлтанов
29 қаңтар 2016 жылы