Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы N 613 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 22 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5499 болып енгізілді.

      Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Дамыту стратегиясы департаменті (С.Ә. Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ж. Түймебаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрі

      ________________ М. Тәжин

      26 желтоқсан 2008 жыл

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 19 қарашадағы
№ 613 бұйрығымен
бекітілген

Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалар

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.05.2020 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 41) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысатын үміткерлерге қолданылмайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) академиялық оралымдылық - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) (ел ішінде немесе шетелде) меңгерілген білім беретін оқу бағдарламаларын міндетті түрде өзінің ЖЖОКБҰ-да кредиттер түрінде қайта тапсыра отырып немесе басқа ЖЖОКБҰ-да оқуын жалғастыру үшін ауыстыру;

      2) әкімші (бұдан әрі – Әкімші) – құжаттарды қабылдауды және үміткерлерді іріктеу жөніндегі Тәуелсіз сараптамалық комиссияның (бұдан әрі – ТСК) және Қорытынды комиссияның жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты заңды тұлғасы;

      3) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      4) алып тасталды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5) алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6) алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің электрондық нысанда көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі - портал);

      8) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы (бұдан әрі - ЭЦҚ).

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.02.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібі

1-Параграф. Қазақстан Республикасының және шет елдердің үкіметтері немесе ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде оқыту үшін жіберу тәртібі

      4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша шетелге оқуға жіберуді Білім беру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының және шет елдердің үкіметтері немесе ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер негізінде үйлестіреді.

      5. Білім беру саласындағы уәкілетті орган мен әкімші 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының және шет елдердің үкіметтері немесе ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқу үшін үміткерлерді іріктеу жөніндегі құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы өзінің ресми сайттарында дипломатиялық нотаны алған күннен бастап хабарландыру орналастырады.

      6. Хабарламада оқыту бөлігіндегі шарттардың/келісімдердің талаптары, үміткерлерді іріктеуге, білімге қойылатын талаптар, іріктеу процесі мен үміткерлерді іріктеу өлшемшарттарының сипаттамасы, құжаттар тізбесі, Шетелде оқуға арналған үлгілік шарт жасасу қажеттілігі, осы Қағидаларға сәйкес академиялық оқу аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру, оқуды қаржыландыру, шетелдік әріптестің қалауы бойынша ақпарат, сондай-ақ елеулі мәні бар өзге де қажетті жағдайлар туралы ақпарат болуы тиіс.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу шарттары:

      1) білімі туралы құжаттың орташа балы:

      бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін – аттестаттың немесе негізгі орта білімі туралы куәліктің және табельдің/ағымдағы оқу жылындағы ағымдағы үлгерімі туралы транскрипттің немесе арнайы орта білімі туралы дипломның орташа баллы кем дегенде 4,0 (5.0-ден) немесе GPA (Grade Point Average – Грейд Пойнт Авередж – барлық өткен курс үшін орташа арифметикалық бағасы) 3,0 (4,0/4,33-тен) балына немесе оқу орнынан алған растаушы құжатқа сәйкес оның баламасына сәйкес болуы;

      магистратура дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер үшін – бакалавр/маман дипломының немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипттің орташа балы кем дегенде GPA (Grade Point Average – Грейд Пойнт Авередж – барлық өткен курс үшін орташа арифметикалық бағасы) 3,0 (4.0/4.33-ден) балына немесе оқу орнынан алған растаушы құжатқа сәйкес оқу орнының бағалау жүйесіне сай оның баламасына сәйкес болуы;

      философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға үміткерлер үшін – магистр дипломының немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипттің орташа баллы кем дегенде GPA (Grade Point Average – Грейд Пойнт Авередж – барлық өткен курс үшін орташа арифметикалық бағасы) 3,0 (4.0/4.33-ден) балына немесе оқу орнынан алған растаушы құжатқа сәйкес оқу орнының бағалау жүйесіне сай оның баламасына сәйкес болуы;

      ағымдағы үлгерім туралы анықтамаларды ұсынатын үміткерлер үшін – ағымдағы үлгерімнің орташа балының жоғарыда көрсетілген балдарға тиісінше сәйкес болуы;

      үміткер оқу орнында Қағидаларда көрсетілгеннен өзгеше бағалау жүйесімен оқыған жағдайда, үміткер 4,0 немесе 5,0 шкаласы бойынша GPA баламасын көрсете отырып, оқу орнынан хат ұсынады;

      қабылдаушы тарап білім туралы орташа балды төмен белгілеген жағдайда бұл шарт ескерілмейді.

      2) оқыту тілін білу деңгейі:

      Ағылшын тілінде оқытатындар үшін – IELTS – 5.5, TOEFL – 46 кем емес немесе алдыңғы оқыту деңгейінде осы тілде оқығанын растайтын диплом/транскрипттің болуы.

      Қабылдаушы тарап жағынан тілді білу бойынша неғұрлым жоғары талаптар болған жағдайда, қабылдаушы тараптың талаптары қолданылады.

      Басқа тілде оқытатындар үшін – қабылдаушы тараптың талаптарына сәйкес.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Шетелде оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін Әкімші "Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметте (бұдан әрі – білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызмет) көзделген құжаттарды, оның ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының және шет елдердің үкіметтері немесе ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелге оқуға кететін Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасын қабылдауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 07.09.2022 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе ведомстволары мен шетелдік мемлекеттер арасында қол қойылған білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға ұсынылатын және резервтік тізімге қосылатын үміткерлерді іріктеуді Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссия жүзеге асырады.

      10. Үміткерлермен әңгімелесуді, соның ішінде онлайн әңгімелесуді Тәуелсіз сараптамалық комиссия жүзеге асырады.

      11. Тәуелсіз сараптамалық және Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссиялардың құрамы мен Тәуелсіз сараптамалық және Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссиялар туралы ереже білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      12. ТСК білім беру саласындағы халықаралық келісімдер шеңберінде шетелде оқуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. Жеке әңгімелесуді мамандықтың жолдамасы бойынша ТСК мүшелері өткізеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. ТСК үміткерлерді бағалау үшін кемінде 3 (үш) мүшеден тұратын құрамда жеке әңгімелесу өткізеді.

      ТСК осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлердің жеке әңгімелесу парағына және осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді бағалау критерийлеріне сәйкес баға қояды.

      ТСК өткізетін жеке әңгімелесу барысында аудио- және бейнежазба жүргізіледі.

      Комиссия әрбір үміткермен әңгімелесуді 20 минуттан артық өткізбейді.

      Әңгімелесу онлайн режимде өткізілген жағдайда жеке әңгімелесу парақтарының көшірмелері үміткерлермен жеке әңгімелесу өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Әкімшіге жіберіледі.

      ТСК өткізген жеке әңгімелесу парақтары және оның көшірмелері, аудио және бейнежазбалары конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде 1 (бір) жыл Әкімшінің архивінде сақталады.

      Әкімші жеке әңгімелесуден өткеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде әрбір үміткер бойынша үміткермен жеке әңгімелесу өткізген ТСК-ның барлық мүшелері толтырған жеке әңгімелесу парақтары бойынша орташа баға шығарады және үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссияның қарауына ұсыну үшін ТСК орташа бағасы көрсетілген барлық үміткерлердің тізімі қалыптастырылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссия қабылдаушы тараптың берілетін гранттарының саны шеңберінде кадрлар даярлау бағыттары бойынша орындар санын айқындайды.

      15. Негізгі өлшемшарттар үшін үміткерлерді іріктеудің:

      1) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;

      2) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес білім туралы құжаттың балдық жүйе бойынша орташа балы;

      3) Тәуелсіз сараптамалық комиссияның бағасы болып табылады.

      16. Үміткерлердің балдарын есептеу, сондай-ақ әңгімелесу нәтижелері бойынша қорытынды Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссия ұсынылған үміткерлердің осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлердің негізгі және резервтік тізімдерін (бұдан әрі - Тізім) бекітеді. Резервтік тізімде үміткерлер саны бөлінген орындар санының 40 (қырық) пайызынан аспауы тиіс.

      17. Халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде тең баллмен басымдыққа ие (келесі ретпен):

      1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;

      3) көп балалы отбасынан шыққан балалар;

      4) ауылдық елді мекендерден ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер;

      5) шетелдік ЖЖОКБҰ-дан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік ЖЖОКБҰ-да білім алушылар.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 07.09.2022 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      18. Әкімші үміткерлерді іріктеу жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Тізімді кейіннен қабылдаушы тарапқа дипломатиялық арналар арқылы беру үшін білім беру саласындағы уәкілетті органға береді.

      Білім беру саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Әкімші үміткерлердің қалыптастырылған жеке істерін осындай сұрау салу келіп түскен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Тізім Үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссияның отырысы өткізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органның және Әкімшінің интернет-ресурстарында орналастырылады.

      20. Үміткер ұсынылған үміткерлер тізімінен оқудан немесе зерттеу жүргізуден бас тартқан жағдайда оны ауыстыру резервтік тізімнің кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады. Бас тарту туралы өтініш еркін нысанда жазылады.

      21. Конкурс жеңімпазы қабылдаушы Тараптан білім беру саласындағы уәкілетті орган дипломатиялық арналар арқылы оқуға қабылданған үміткерлердің түпкілікті тізімін алған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде Әкімшімен осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес үлгілік нысандар бойынша оқыту шартын (бұдан әрі - шарт) жасасады, шарт міндетті түрде мыналарды қамтиды:

      1) шарттың мәні;

      2) тараптардың құқықтары мен міндеттемелері;

      3) оқу мерзімі мен шарттары;

      4) конкурс жеңімпазын шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайтару және 1 (бір) жыл мерзімге үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру туралы шарт.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-Параграф. "Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      22. "Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқыту конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      23. Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      24. Көрсетілетін қызметті алушы білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті беруші арқылы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызметте көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 07.09.2022 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      26. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) олардағы деректер (мәліметтер) дәйексіз болған, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайтадан жүгіне алады.

      27. Құжаттарды қараудың жалпы және білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету немесе білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      28. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсетуді есепке алуды жүзеге асырады.

      29. Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету процесін құжаттарды қабылдауға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерлері қатысады.

      30. Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және келесі рәсімдерден тұрады:

      білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде мемлекеттік қызметте көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауға жауапты бөлімшенің қабылдауы - 15 минут;

      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауға жауапты бөлімшенің конкурсқа қатысу үшін шарттар мен талаптарға сәйкестігін тексеруі - 30 минут;

      құжаттарды қабылдауға жауапты бөлімшенің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) деректер (мәліметтер) дәйексіз болcа, білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы қолхатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға беруі - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс сағат 15 (он бес) минут.

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушіні, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 07.09.2022 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-Параграф. Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберу тәртібі

      31. Білім алушыларды академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберу:

      1) республикалық бюджет қаражаты;

      2) ЖЖОКБҰ-ның ақылы қызметтерді іске асыру нәтижесінде алынғын табыстары;

      3) жұмыс берушілердің, әлеуметтік, академиялық және ғылыми әріптестер, халықаралық және отандық қорлар және стипендиялар гранттары;

      4) білім алушылардың жеке қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. ЖЖОКБҰ осы Қағидалардың 31-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қаражат есебінен білім алушыларды жіберу кезінде іріктеу тәртібін дербес айқындайды.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберуді білім беру саласындағы уәкілетті орган және білім беру ұйымдары жүзеге асырады.

      34. ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын анықтау және әрбір ЖЖОКБҰ-да республикалық бюджет қаражаты есебінен жіберілетін үміткерлерді іріктеу үшін ЖЖОКБҰ-лар бойынша орындар санын анықтау және үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссиялар құрылады.

      Құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан тұратын ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын анықтау жөніндегі комиссияны білім беру саласындағы уәкілетті орган құрады.

      Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияны ЖЖОКБҰ құрамы мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдардың тәуелсіз сарапшыларынан, қоғам қайраткерлерінен тұратын кемінде 15 адамнан құрады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын анықтау жөніндегі комиссияның төрағасы Комиссия мүшелері арасынан ашық дауыс беру жолымен Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен сайланады. Шешім қабылдау кезінде Төрағаны қоса алғанда Комиссияның барлық мүшелері тең дауыс беру құқығына ие. Комиссия отырысы егер оған Комиссия құрамының кемінде жартысы қатысса заңды деп есептеледі.

      ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын айқындау жөніндегі комиссияның жұмысын ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын айқындау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты заңды тұлғасы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) ұйымдастырады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның төрағасы ЖЖОКБҰ ректоры болып табылады. Шешім қабылдау кезінде Төрағаны қоса алғанда Комиссияның барлық мүшелері тең дауыс беру құқығына ие. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы егер оған Комиссия құрамының кемінде жартысы қатысса заңды деп есептеледі.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. ЖЖОКБҰ-лар білім беру саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша Ұйымдастырушыға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ынтымақтастық туралы жасалған халықаралық келісімдерге сәйкес елдер және орындар бөлінісінде шетелге академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу үшін ұсыныс жібереді.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Ұйымдастырушы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім берген ЖЖОКБҰ-ның жалпы тізімін жасайды және ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын анықтау жөніндегі комиссияның қарауына ұсынады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Бос орындар болған жағдайда ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын анықтау жөніндегі комиссия орындарды өтінім берген ЖЖОКБҰ-лар арасында қайта бөледі.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Ұйымдастырушы білім беру саласындағы уәкілетті органға ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын анықтау жөніндегі комиссия отырысының еркін нысанда жасалған хаттамасын жібереді.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Білім беру саласындағы уәкілетті орган ЖЖОКБҰ бойынша орындар санын анықтау жөніндегі комиссияның хаттамасына сәйкес бұйрық шығарады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Білім беру саласындағы уәкілетті орган мен ЖЖОКБҰ-лар жыл басында шетелге оқуға жіберу үшін конкурс жариялайды.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Үміткерлердің құжаттарын беру электрондық үкімет порталы арқылы және (немесе) ЖЖОКБҰ кеңсесі арқылы конкурс жарияланған күннен бастап 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық оралымдылық шеңберінде конкурсқа қатысу үшін үміткерлер осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес "Шетелде академиялық оралымдылық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметте (бұдан әрі - академиялық ұтқырлық шеңберінде мемлекеттік қызмет) көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 07.09.2022 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Академиялық оралымдылық шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен конкурсқа қатысуға осы Қағидаларға 10-қосымшада көрсетілген құжаттарды ұсыну қазақстандық ЖЖОКБҰ-лар мен шетелдік әріптес ЖЖОКБҰ-лар арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Білім алушылар конкурсқа ЖЖОКБҰ-лар арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған жағдайда қатыса алады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Үміткерлерді іріктеуді Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген Халықаралық шарттар/келісімдер және академиялық оралымдылық шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу критерийлеріне (бұдан әрі - Үміткерлерді іріктеу критерийлері) сәйкес жүзеге асырады.

      47. Академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу үшін үміткерлерді іріктеу кезінде бірдей балл болған жағдайда:

      1) GPA жоғары балы бар үміткерлер (Grade Point Average-грейд пойнт аверейдж-дипломның орташа балы);

      2) шет тілі бойынша жоғары балы бар үміткерлер;

      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;

      4) бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;

      5) көп балалы отбасылардан шыққан үміткерлер басымдыққа ие болады.

      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 07.09.2022 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. ЖЖОКБҰ-ның жауапты бөлімшесі ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 44 және 46-тармақтарында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексереді және Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның қарауына үміткерлердің іріктеу өлшемшарттарына сәйкес үміткерлер тізімін жасайды.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия үміткерлер ұсынған құжаттарды қарастырады және ашық дауыс беру арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес және осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген үміткерлерді іріктеу критерийлерінің балдарына сәйкес академиялық оралымдылық шеңберінде білім алушылардың негізгі және резервтік тізімін дайындайды.

      50. Егер үміткер академиялық оралымдылық аясында оқуға барудан бас тартса, оны ауыстыру резервтік тізімнің кезектігіне сәйкес жүзеге асырылады. Бас тарту туралы өтініш еркін нысанда жазылады.

      51. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы еркін нысанда хаттама түрінде рәсімделеді. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия отырысының барысында ЖЖОКБҰ-ның ресми интернет-ресурстарында не әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция режимінде аудио-, бейнежазба жүргізіледі.

      Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамалары, аудио және бейнежазбасы конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде бір жыл ЖЖОКБҰ мұрағатында сақталады.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. ЖЖОКБҰ Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия ұсынған тізімдерге сәйкес академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберу туралы бұйрық шығарады.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберу туралы бұйрық бекітілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖЖОКБҰ сайтына орналастырылады.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Академиялық оралымдылық аясында оқуға жіберілетін конкурстан өткен үміткерлерді жіберу мерзімі білім алатын елінде академиялық кезеңнің басталуына сәйкес әр жағдайда бөлек анықталады.

      55. ЖЖОКБҰ-лар іріктелген үміткерлерге ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді, шетел ЖЖОКБҰ-ларынан ресми шақыру алуға ықпал етеді, шетелге оқуға жіберу туралы бұйрық шығарады, оларды жіберуді жүзеге асырады, шетелде тұру және оқу үлгеріміне мониторинг жасайды, алынған оқу кредиттеріне талдау жүргізеді және оларды студенттің оқу жоспарында тіркейді, сондай-ақ оқу бағдарламаларына сәйкестігі үшін жауап береді.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-Параграф. "Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      56. "Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – академиялық оралымдылық шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ЖЖОКБҰ-лар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      57. Академиялық оралымдылық шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет Жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      58. Көрсетілетін қызметті алушы академиялық оралымдылық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе портал арқылы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес академиялық ұтқырлық шеңберінде мемлекеттік қызметте көзделген құжаттарды қоса бере отырып, білім алушының өтініш береді.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 07.09.2022 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      59. Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      60. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      61. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" академиялық оралымдылық шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ академиялық оралымдылық шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      62. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) оларда қамтылған деректер (мәліметтер) дәйексіз болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.

      63. Құжаттарды қабылдаудың жалпы немесе академиялық оралымдылық шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      64. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне академиялық оралымдылық шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсетуді есепке алуды жүзеге асырады.

      65. Академиялық оралымдылық шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және келесі рәсімдерден тұрады:

      академиялық ұтқырлық шеңберінде мемлекеттік қызметте көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және толықтығын тексеру - 15 минут;

      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың конкурсқа қатысу шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексеру - 30 минут;

      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) деректер (мәліметтер) дәйексіз болса, конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру не академиялық оралымдылық шеңберінде мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша бас тарту - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс сағаты 15 (он бес) минут.

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушіні, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 07.09.2022 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-Параграф. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының білім беру саласындағы халықаралық шарттар және академиялық оралымдылық шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      66. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2 тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      67. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына 1-қосымша

"Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 07.09.2022 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1

Қызмет берушінің атауы

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген күннен бастап – 1 (бір) жұмыс күні;
порталға өтініш берген кезде – 1 (бір) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысуға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен бекітілген Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 7 және 26-тармақтарында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі және "жеке кабинетінде" сақталады.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті беруші бойынша қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;
2) жеке куәлігінің және/немесе төлқұжатының түпнұсқасы (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін):
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
негізгі орта білім туралы қосымшасы бар аттестат немесе қосымшасы бар куәлік, арнайы орта білім беру бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы табельмен немесе транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама немесе қосымшасы бар арнайы орта білім туралы диплом;
"Магистратура"/ "Резидентура" бағдарламасы бойынша оқу үшін: қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы немесе ағымдағы жылғы үлгерімі туралы транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама.
"Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасы бар магистр дипломы немесе ағымдағы жылғы үлгерімі туралы транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама.
Құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдары берген жағдайда үміткер білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады;
4) бар болса салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, оқу тіліне сәйкес келетін шет тілін білетінін растайтын құжат (қабылдаушы тараптың талабы бойынша).
Қабылдаушы тарап тілдік оқудан өтуді ұсынған жағдайда шет тілін білетіндігін растайтын құжат талап етілмейді;
5) салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, ағылшын тілінде оқыған жағдайда ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат;
6) таңдаған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмесі (болса);
7) құжаттарды өкіл арқылы ұсынған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат;
8) шетелге оқуға жіберілетін үміткердің заңды өкiлінің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) нотариалдық келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
9) мынадай тұлғалар санатына жататындығы туралы фактіні растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқа салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы:
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжат;
бала жасынан мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар – "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 44 бұйрық) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрық) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
көп балалы отбасылардан шыққан балалар – төрт және одан көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
ауылдық елдімекеннен шыққан балалар – Әкімші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және деректер қорынан алған ауылдық елдімекеннен келген үміткердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер.
10) бар болса нотариалды куәландырылған мемлекеттік тілдегі аудармасы бар шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) шақыруының көшірмесі.
портал арқылы:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнаманың электрондық көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі:
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
негізгі орта білім туралы қосымшасы бар аттестат немесе қосымшасы бар куәлік, арнайы орта білім беру бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы табельмен немесе транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама немесе қосымшасы бар арнайы орта білім туралы диплом;
"Магистратура"/ "Резидентура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы немесе ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптпен білім алушының мәртебесі туралы анықтама;
"Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасы бар магистр дипломы немесе ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптпен бірге білім алушының мәртебесі туралы анықтама.
Құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдары берген жағдайда үміткер білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесін ұсынады;
4) бар болса оқу тіліне сәйкес келетін шет тілін білетінін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (қабылдаушы тараптың талабы бойынша).
Қабылдаушы тарап тілдік оқудан өтуді ұсынған жағдайда шет тілін білетіндігін растайтын құжат талап етілмейді;
5) ағылшын тілінде оқыған жағдайда ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) таңдаған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың электрондық көшірмесі (болса);
7) шетелге оқуға жіберілетін үміткердің заңды өкiлінің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) нотариалдық келісімінің электрондық көшірмесі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
8) мынадай тұлғалар санатына жататындығы туралы фактіні растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжат;
бала жасынан мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар – № 44 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама, сондай-ақ № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрықпен бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
көп балалы отбасынан шыққан балалар – төрт және одан көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
ауылдық елдімекеннен шыққан балалар – Әкімші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және деректер қорынан алған ауылдық елдімекеннен келген үміткердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер.
9) бар болса нотариалды куәландырылған мемлекеттік тілдегі аудармасы бар шетелдік ЖЖОКБҰ шақыруының электрондық көшірмесі.
Көрсетілген құжаттардағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарын, білімі туралы құжаттарын, баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжатын, № 44 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманы, көп балалы отбасынан шыққанын растайтын құжатын, асырап алу туралы сот шешімін ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, ауылдық елді мекенінен үміткердің тұрғылықты жерін куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болса, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда бар деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер Қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алады.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қолжеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының "1414", 8 800 080 7777 телефондары арқылы алады.

  Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқуға жіберу
қағидаларына 2-қосымша
Нысан

Шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



1.

Тегі
Аты
Әкесінің аты (оның бар болған жағдайда) (бұдан әрі – ТӘЖ)


2.

Туған күні


3.

Туған жері (ауыл, аудан, қала, облыс, ел)


4.

Тұрақты тұратын жеріне тіркелу мекен-жайы (тіркелім), телефон нөмірі


5.

Қазіргі тұратын мекен -жайы, телефон нөмірі, электрондық поштасы


6.

Жалпы орта білім беру ұйымының атауы


7.

Жалпы орта білімі туралы құжаттың орташа балы, бітірген жылы


8.

Сіз аяқтаған басқа оқу орындарының атауы, оқу жылдары, орташа балы, мамандығы


9.

Сіз шетелде оқыдыңыз ба?
Қайда (ел)?
Оқу кезеңі.
Оқу орнының атауы, оқу бағдарламасы


10.

Шетелде білім алу (алмасу бойынша, қабылдаушы тарап, шетел мемлекетінің немесе ұйымының білім алу бағдарламалары, демеушілер, өзіңіздің жеке қаражатыңыз және т.б.)


11.

Қандай ғылыми еңбектеріңіз және өнертабыстарыңыз бар (ғылыми жарияланымдар, ғылыми-әдістемелік әзірлемелер, патенттер, авторлық куәлiктер)


      12. Еңбек қызметi (техникалық және кәсіптік оқу орындарындағы, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқуды қосқанда, әскери қызмет, қоса атқарған жұмыс және т.б.)

Мерзімі

Ұйым және ондағы лауазымы

Мекен – жайы

Бастау

Аяқтау



13.

Сіз білетін шет тілдерін атаңыз (білім деңгейіңізді көрсетіңіз, мысалы, еркін меңгердім, жақсы меңгердім, оқып түсіндіре аламын, оқимын және сөздікпен аударамын)


14.

Бұған дейін шет тілін білу деңгейін тексеретін тест тапсырдыңыз ба? Егер тапсырсаңыз, балыңыз қандай?


15.

Тұлғаны куәләндыратын құжат деректері: нөмірі кіммен берілді қашан берілді


16.

Оқуға баратын ел атауы


17.

Сіздің шетелде меңгергіңіз келетін мамандық


      Ескертпе:

      Сауалнама баспа әріптерімен толтырылады. Сауалнама және қоса берілетін құжаттардың барлығы тезтікпеге тігіледі. Тезтікпенің тысында келесі мәліметтер көрсетілуі қажет: ТӘЖ (оның бар болған жағдайда), үйінің мекен - жайы, телефоны, білім беру ұйымының атауы, мамандығы, курсы, педагогикалық және ғылыми қызметкерлер үшін – ғылыми зерттеулер бағыты және диссертация тақырыбы.

      Қолы_____________________

      Күні __________________

      Мен___________________________________________________________,

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (оның бар болған жағдайда) толық)

      Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқуға конкурсқа қатысуға үміткер, сауалнамада көрсетілген барлық ақпарат толық және анық екенін растаймын. ___________________________

      (үміткердің қолы)

      Мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген) Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларының талаптарымен таныспын.

      Мен Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларының 7-қосымшасы болып табылатын шетелде оқуға арналған үлгілік шартты жасасуға және шетелде академиялық оқуды бітіргеннен кейін 1 (бір) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру қажеттігіне келісемін.

      Мен, менің сауалнамалық деректерімді Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелеріне, шетелдік үкімет және ведомстволардың ресми өкілдеріне, мемлекеттік органдарға және өзге де мүдделі ұйымдарға, сондай-ақ "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ресми сайтында орналастыру жолымен берілуіне қарсы емеспін.

      Төменде өзіңіздің қолыңызбен мынадай мәтінді жазыңыз:

      "Осы қосымшаны мен өз қолыммен толтырдым, әрбір парағы дәйектелді. Жоғарыда жазылған шарттармен және талаптармен таныстым және келісемін (жеке қол қою арқылы растайтын)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Қолы _____________________ Күні __________________

       "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ақпараттық жүйелердегі және (немесе) осы сауалнамада қамтылған жеке деректерді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын басқа да мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қолы _____________________ Күні __________________

  Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына
3-қосымша

Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлердің жеке әңгімелесуге арналған бағалау парағы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1 . Үміткер туралы жалпы ақпарат

Оқу елі:


Мамандық:


Үміткердің ТАӘ (оның бар болған жағдайда):


2. Жеке әңгімелесу бағалары

1. Уәждеме деңгейі, мамандықты таңдауды түсіну деңгейі, алған білімін ел игілігі үшін пайдалану ниеті



5 – өте жақсы



4 - жақсы



3 - қанағаттанарлық



2 – қанағаттанғысыз



1 – нашар



0 - сұхбаттасуға келген жоқ немесе сұраққа жауап бермеді

2. Оқудағы және/немесе таңдалған мамандық/кәсіп саласындағы теориялық (негізгі) білім деңгейі/
жетістіктері болу



5 – өте жақсы



4 - жақсы



3 - қанағаттанарлық



2 – қанағаттанғысыз



1- нашар




0 - сұхбаттасуға келген жоқ немесе сұраққа жауап бермеді




3. Ойлау логикасы мен сөйлеу, дәлелдеу сапасының деңгейі



5 – өте жақсы



4 - жақсы



3 - қанағаттанарлық



2 – қанағаттанғысыз




1 – нашар




0 – сұхбаттасуға келген жоқ немесе сұраққа жауап бермеді

3. Қорытынды бағасы

_________________ _______________________________ ___________________
(Қорытынды бағасы) ("Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қызметкерінің Т.А.Ә (оның бар болған жағдайда))
___________ (қолы)

  Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына 4-қосымша

Тәуелсіз сараптамалық комиссиясының мүшелерімен халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді бағалау критерийлері

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бағалау өлшемшарттары Баға
Уәждеме деңгейі, мамандықты таңдауды түсіну деңгейі, алған білімін ел игілігі үшін пайдалану ниеті

Уәждеме деңгейі, мамандықты таңдауды түсіну деңгейі, алған білімін ел игілігі үшін пайдалану ниеті толығымен ашылған, айқын коммуникативтік ой, фактілерге және мысалдарға, оның ішінде жеке тәжірибесі мен бақылауларына сүйеніп әрекет ете біледі

5

Үстіртін уәждеме, коммуникативтік ойы байқалады, өзінің жеке бақылауларына немесе бір дереккөзінен алынған мысалдарға сүйене отырып дәлел келтіреді

4

Уәждемесі толық ашылмаған, келешек туралы түсінік жоқ, дәлел жеке тәжірибесіне негізделген, мысалдар мен фактілер жоқ

3

Жауабының мазмұны уәждеме деңгейі туралы үстіртін түсінік береді, логикалық бұзушылықтары бар фрагментті дәлел

2

Жауап ойлау логикасы мен сөйлеу сапасы, дәлелдеу деңгейі туралы түсінік бермеді

1

Сұхбаттасуға келген жоқ/ Жауап берілмеген

0

Оқудағы және/немесе таңдалған мамандық/кәсіп саласындағы теориялық (базалық) білім деңгейі/жетістіктерінің болуы

Таңдалған кәсібі немесе мамандығы бойынша үздік танымы, әртүрлі мысалдар мен фактілер, оның ішінде жеке тәжірибесінен келтірілген

5

Таңдалған кәсібі немесе мамандығы бойынша жақсы танымы, әртүрлі мысалдар мен фактілер келтірілген

4

Таңдалған кәсібі мен мамандығы бойынша танымы фрагментті, олқылықтар бар, мысалдар берілмеген

3

Танымның әлсіздігі, елеулі олқылықтар бар

2

Жауап ойлау логикасы мен сөйлеу сапасы, дәлелдеу деңгейі туралы түсінік бермеді

1

Сұхбаттасуға келген жоқ/ Жауап берілмеген

0

Ойлау логикасы мен сөйлеу сапасы, жекебас қасиеттері, жағдаяттық мәселелерді шешу дағдылары

Ойын логикалық түрде жеткізе алады, негізсіз қайталаулардың болмауы және бірізділік, грамматикалық құрылымы дұрыс жасалған, терминдерді ретімен қолданған

5

Ойдың бірізділігі бұзылмаған, мағыналық және логикалық құрылымы бар, сөзі біркелкі, бірақ сөздік қоры жеткілікті

4

Сөйлеу логикасында іркіліс бар, ойын айқын жеткізе алмайды, сөздік қоры жеткіліксіз

3

Мағынасын түсінуге кедергі келтіретін өрескел логикалық бұзылулар мен сөйлеу сапасының төмендігі

2

Жауап ойлау логикасы мен сөйлеу сапасы, дәлелдеу деңгейі туралы түсінік бермеді

1

Сұхбаттасуға келген жоқ/ Жауап берілмеген

0

  Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына 5-қосымша

Халықаралық шарттар/келісімдер және академиялық оралымдылық шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу критерийлері

      Шетел тілін меңгеру деңгейі

IELTS балдарының баламасы

TOEFL балдарының баламасы

балдарының баламасы

Берілетін балл

IELTS - 9,0

TOEFL - 118-120

HSK 6

5

IELTS - 8,0-8,5

TOEFL - 110-117

HSK 5

4

IELTS - 7,0-7,5

TOEFL - 94-109

HSK 4

3

IELTS - 6,0-6,5

TOEFL - 60-93

HSK 3

2

IELTS - 5,0-5,5

TOEFL - 35-59

HSK 2

1

      "Бакалавриат" бағдарламасы бойынша жіберу үшін оқу үлгерімі

Ағымды үлгерім туралы транскрипт

4,0

5

3,67

4

3,33

3

3,0

2

2,67

1

Арнаулы орта білім туралы диплом

5,0

5

4,5

4

4,0

3

      "Магистратура", "Резидентура", "Докторантура" бағдарламалары бойынша жіберу үшін

Құжат

Орташа бал

Берілетін балл

Бакалавр/магистр дипломы/интернатура бітіру туралы куәлік

4,0

5

3,67

4

3,33

3

3,0

2

Маман дипломы

5,0

5

4,5

4

4,0

3

Ағымды үлгерім туралы транскрипт

4,0

5

3,67

4

3,33

3

3,0

2

2,67

1

      Ынталандыру марапаттарының болуы (республикалық және халықаралық деңгейдегі)

Диплом


5

Грамота


4

Алғыс хат


3

Сертификат


2

  Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына 6-қосымша

Халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлердің негізгі және резервтік тізімдері

Ұміткерлердің тегі, аты және әкесінің аты

Оқыту бағдарламасы

Мамандық

Басымдылығы

Балл саны







Академиялық оралымдылық шеңберінде білім алушылардың негізгі және резервтік тізімдер

Жоғары оқу орынның атауы

Ұміткерлердің тегі, аты және әкесінің аты

Паспорт нөмері оның жарамдылық мерзімі

Ел

оқыту бағдарламасы

Мамандық

басымдылығы

Балл саны










  Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына 7-қосымша

Шетелде оқуға арналған үлгілік шарт

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нұр-Сұлтан қ.                              "___" ________ 202__ жылы

      ______________________, бұдан әрі "Орталық" деп аталатын, Жарғы негізінде әрекет ететін, _______________ тұлғасында, бір тараптан, және Қазақстан Республикасының азаматы ____________________________________, бұдан әрі "Студент" деп аталатын, екінші тараптан, бұдан былай бірлесіп "Тараптар" аталатындар, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

      1.1. Осы Шарттың мәні дегеніміз - Қазақстан Республикасы мен шетелдік мемлекеттердің үкіметтері немесе ведомстволары арасында жасалған халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелдегі жоғары оқу орындарында (бұдан әрі - Оқу орны) оқуды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды іске асыру кезінде туындайтын Тараптардың өзара қарым-қатынастары.

2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ

      2.1. Орталық міндетті:

      2.1.1. Осы Шарттың 1.1-тармағына сәйкес Оқу орнында Студенттің білім алуына ықпал етуге. Оқу орны Студенттің оқуға қабылданғаны туралы шешімді қабылдайды.

      2.1.2. Студенттің жазбаша өтінішінің негізінде оқуын аяқтаған соң жұмыс іздеуге ықпал етуге.

      2.2. Орталық құқылы:

      2.2.1. Студент туралы Орталықтың алған мәліметтерін мына кезеңде пайдалануға:

      1) құжаттар қабылдау;

      2) Оқу орнында оқу;

      Орталық аталған мәліметтерді қажет болған жағдайда әріптестерге, Оқу орнына, жұмыс берушіге және әлеуетті жұмыс берушілерге, сондай-ақ мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынады.

      2.2.2. Студент өзіне тәуелсіз жағдайлар бойынша оқуға кету бөлігінде міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Студентті Қазақстан Республикасы мен шетелдік мемлекеттердің үкіметтері немесе ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде білім алуын бұдан әрі шектейтін жосықсыз үміткерлердің тізіліміне енгізу.

      2.3. Студент міндетті:

      2.3.1. Орталық белгілеген мерзімде Орталыққа қажетті құжаттарды ұсыну және денсаулық жағдайы, оқу үлгерімі, ата-анасы, тұратын жері, байланыс деректері туралы тек қана сенімді мәліметтерді беруге.

      2.3.2. Орталық халықаралық шарттар, оның ішінде Орталық пен шетелдік ЖЖОКБҰ арасында жасалған меморандумдар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқу үшін құжаттарды қабылдаған және шетелдік оқу орнына оқуға қабылдаған жағдайда өзге шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды тапсырмау және оқуға кетпеу.

      Ескерту. 2.3.2.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2.3.3. Білім алу мақсатында шетелге шығу үшін қажетті құжаттарды өз бетінше ресімдеуге. Атаулы грант алған жағдайда оқуға кетуге, оқудың толық курсынан өтуге және уақытында аяқтауға.

      2.3.4. Оқу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оқу еліндегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне есепке тұру және бұл туралы Орталыққа хабарлау.

      2.3.5. Орталыққа Оқу орны бекіткен әрбір аралық оқу кезеңіндегі (семестр, триместр немесе оқу жылы) Оқу орнының атынан академиялық үлгерімі, оның ішінде Оқу орнынан шығып кеткені туралы ресми үзінді көшірмені күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ұсынуға;

      2.3.6. Шетелде оқуды аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына қайтып келуге және Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруға міндетті.

      Ескерту. 2.3.6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2.4. Студент құқылы:

      2.4.1.Орталыққа оқуы аяқталған соң жұмыс іздеуге қатысты көмек көрсету өтінішімен жазбаша жүгінуге;

      2.4.2.Білім алу процесі кезеңінде туындайтын және оған қатысты мәселелерді қарау үшін Орталыққа өтініш беруге.

3. ШАРТТЫ БҰЗУ ТАЛАПТАРЫ

      3.1. Студент оқудан бас тартқан кезде Орталықтың атына шартты бұзудың негізін растайтын құжаттарды қоса бере отырып жазбаша хабарлама жолдайды.

      3.2. Осы Шарт Орталық хабарламаны алған күннен бастап, тоқтатылған болып саналады.

4. ФОРС-МАЖОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

      4.1. Тараптар осы Шарттың міндеттемелерін орындамағаны үшін, егер де мұндай жағдай ырық бермейтін күш жағдайлары салдарынан болса, атап айтқанда мыналар: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, соғыс қимылдары, блокадалар, МӘС (медициналық-әлеуметтік сараптама) тиісті анықтамасымен расталған Студенттің ауруы, заңнамадағы өзгерістер, мемлекеттік органдардың актілерді шығаруы және басқа да жағдайлар, егер де олар осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауына тікелей әсер еткен болса және де Тараптар осындай кедергілерге қарсы тұра алмаған болса және орын алған жағдайда болуы мүмкін барлық ықтимал шаралар мен әрекеттерді қабылдаған жағдайда жауапкершіліктен босатылады.

      4.2. Форс-мажорлық жағдайға сілтейтін Тарап ырықсыз күш туындаған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде келесі Тарапқа осындай жағдайдың болғаны туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

5. БАСҚА ЖАҒДАЙЛАР

      5.1. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар барлық міндеттемелерді толық орындаған сәтке дейін жарамды.

      5.2. Тараптар осы Шартқа өзгерістер мен толықтыруларды осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген шарттарды сақтаумен қосымша келісімге қол қою арқылы өзара келісім бойынша ғана енгізуі мүмкін.

      5.3. Келісуші Тараптар арасында осы Шарттан немесе осыған байланысты туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешілуі тиіс.

      5.4. Осы Шартта реттелмеген барлық сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қолданылады.

      5.7. Осы Шарт орыс тілінде 2 (екі) бірдей данада құрастырылған. Осы Шарттың бір данасы Студентке, екіншісі - Орталыққа беріледі.

6. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН - ЖАЙЛАРЫ, ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ

"ОРТАЛЫҚ"
Қолы:____________________

"СТУДЕНТ"
Қолы:_____________________

  Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына 8-қосымша

      ________________________________________________________________________________

      Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу үшін жоғары оқу орнының ұсынысы

Жоғары оқу орынның атауы

Сұрау бойынша орын саны

Келісімдер мен шарттар саны

Бірлескен білім беру бағдарламалары

Қос дипломды білім беру бағдарламалары

Сұраудағы мамандықтар бойынша аккредиттелген білім беру бағдарламалардың саны

Қолданыстағы білім беру лицензияның нөмері

Халықаралық рейтнгтерде қатысуы

Контингент (күндізгі бөлім)


Еуропа

Оңтүстік Шығыс Азия

АҚШ








Мамандық














  Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына 9-қосымша
  Нысан

Өтінім берген жоғары оқу орындарының жалпы тізімі

Жоғары оқу орынның атауы

Сұрау бойынша орын саны

Келісімдер мен шарттар саны

Бірлескен білім беру бағдарламалары

Қос дипломды білім беру бағдарламалары

Сұраудағы мамандықтар бойынша аккредиттелген білім беру бағдарламаларының саны

Қолданыстағы білім беру лицензиясының нөмері

Халықаралық рейтнгтерде қатысуы

Контингент (күндізгі бөлім)

Орын саны (формула бойынша)

Бекітілген сан


Еуропа

Оңтүстік Шығыс Азия

АҚШ










Мамандық














  Шетелде, оның ішінде
академиялық оралымдылық
шеңберінде оқытуға жіберу
қағидаларына
10-қосымша

"Шетелде академиялық оралымдылық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет

      Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.02.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 07.09.2022 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1

Мемлекеттік қызметті берушінің атауы

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету әдістері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап немесе порталға өтініш берген кезде - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 30 (отыз) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Шетелде академиялық оралымдылық шеңберінде оқу конкурсына қатысуға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" жіберіледі және сақталады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларда оны алу әдістері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) бекітілген Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен бекітілген нысан бойынша білім алушының өтініші;
2) Қазақстан Республикасы азаматы төлқұжатының көшірмесі;
3) білім туралы құжаттар:
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
ЖЖОКБҰ мөрімен куәландырылған ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Магистратура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Резидентура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін: қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы, қосымшасы бар интернатураны бітіргені туралы куәлік және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Докторантура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
қосымшасы бар магистр дипломы немесе қосымшасы бар резидентураны бітіргені туралы куәлік және ғылыми диссертацияның өзектілігі мен оқытуға жіберу керектігі туралы кафедра отырысы хаттамасының үзіндісі;
4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төменде көрсетілген құжаттардың бірін ұсынады): болса, халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған шет тілін білу туралы сертификат;шетелдік ЖЖОКБҰ-ның шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға келісуі туралы хат;қазақстандық ЖЖОКБҰ-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрық) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
6) Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;
7) студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
8) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болса);
9) студенттің мүгедектігі туралы анықтама.
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматы паспортының электрондық көшірмесі;
3) білім туралы құжаттарының электрондық көшірмесі:
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
ЖЖОКБҰ мөрімен куәландырылған ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Магистратура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Резидентура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы, қосымшасы бар интернатураны бітіргені туралы куәлік және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Докторантура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
қосымшасы бар магистр дипломы немесе қосымшасы бар резидентураны бітіргені туралы куәлік және ғылыми диссертацияның өзектілігі мен оқытуға жіберу керектігі туралы кафедра отырысы хаттамасының үзіндісі;
4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (үміткер төменде көрсетілген құжаттардың бірін ұсынады):
болса, халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған шет тілін білу туралы сертификат;
шетелдік ЖЖОКБҰ-ның шетел тілінің деңгейі бар студентті қабылдауға келісуі туралы хат;
қазақстандық ЖЖОКБҰ-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);
5) № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрықпен бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың (шетелге шығатындар үшін) электрондық көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;
7) студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
8) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болса);
9) студенттің мүгедектігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет

1)мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі;
2)көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алуға және академиялық оралымдылық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін жүгінуге мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алу мүмкіндігіне ие.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады