Ескерту. Күші жойылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 18.10.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, сондай-ақ 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Санаториялық-курорттық ұйымдар қызметінің монетарлық емес көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) олардың тіркелген бұйрықты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның | |
міндетін атқарушы | Б. Иманәлиев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 ақпан № 37 бұйрығымен бекітілді |
Санаториялық-курорттық ұйымдар қызметінің монетарлық емес көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістеме
1. Жалпы ережелер
1. Осы әдістеме халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңымен (бұдан әрі – Заң) бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Әдістеме халықаралық деңгейде салғастырылатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың негізгі есептеу әдістерін айқындайды.
3. Осы әдістемені статистикалық байқаулар шеңберінде денсаулық сақтау статистикасы бойынша статистикалық деректерді қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Статистика комитеті) қолданады.
4. Осы әдістемеде келесі анықтамалар қолданылады:
1) аурухана төсегі – науқастарды толық стационарлық емдеу үшін денсаулық сақтау ұйымдарында орналастырылған төсектер және сметалық төсек және нақты жайылған төсектерді қамтиды. Сметалық төсек – денсаулық сақтау ұйымы шығыстарының сметасы бойынша қаржыландырумен қамтамасыз етілген. Нақты жайылған төсек – қызметшімен, жабдықпен, науқастарды тамақтандыру және емдеу үшін қаржыландырумен қамтамасыз етілген және науқастардың тәулік бойы болуы үшін қабылдауға дайын. Палаталарда, дәліздерде жайылған уақытша қосалқы төсектер (стационардың (немесе бөлімшелердің бірінің) жүктемелігіне байланысты) және тағы басқа нақты жайылған төсектер санына қосылмайды;
2) болу мерзімі – пациенттің орташа толық (тәулік бойы) стационарлық емделуде өткізетін күндерінің саны;
3) монетарлық емес көрсеткіштер – бұл ақшалай баламасында өлшенбейтін көрсеткіштер;
4) монетарлық көрсеткіштер – бұл ақшалай баламасында өлшенетін көрсеткіштер;
5) науқастар контингенті – бұл медициналық көмекке ағымдағы жылы да, сондай-ақ өткен жылдары да жүгінген осы аурумен ауыратындардың барлық жиынтығы;
6) орналастырылған төсектер – бұл тәулік бойғы стационарларда орналастырылған толық стационарлық емдеу үшін (тәулік бойы) төсектерді қосқанда пайдалануға (қаржыландыруға қарамастан) дайын барлық төсектер. Төсек саны пациенттерді жартылай стационарлық (күндізгі стационар) немесе амбулаториялық (үйдегі стационар) орналастыруға арналған төсектерді немесе зерттеуге арналған үй-жайлар мен функционалды үй-жайларда пайдаланылатын төсектерді қоспағанда ай аяғында болған төсектердің орташа жылдық саны ретінде айқындалады;
7) персоналға жүктеме көрсеткіші – толық жұмыспен қамтылғанда қызметкер 1 жұмыс күні неше бос емес төсектерге қызмет көрсетуі тиіс екенін анықтайды. Осылайша бос емес стационарлық төсекке тәулік бойы қызмет көрсету есепке алынады. Персоналға жүктеме саны стационарлық төсек бір жылда (төсек-күні) бос болмаған күн санының толық жұмыспен қамтылған персонал қызметкерлерінің стационарлық төсектерге қызмет көрсеткен жылдағы сағат санына ара қатынасы болып табылады;
8) төсек-күн – бұл орналастырылған төсекті толық (тәулік бойы) стационарлық емделудегі пациент алып жатқан күн, пациенттің келіп түскен күнінен бастап және пациенттің шығарылған немесе ауыстырылған күндерін қоспағанда, оның ауруханадағы болған әрбір келесі күні;
9) төсектерді пайдалану дәрежесі (төсектердің жүктемелігі) – төсектердің нақты жүктемелігін олардың ең жоғары жүктемелігіне ара қатынасы. Төсектердің ең жоғары қуаттылығын өз кезегінде, орналастырылған төсектердің есепті жылдағы күнтізбелік күндер санына ара қатынасымен айқындайды. Төсектердің нақты бос болмауы төсек-күн сомасына сәйкес келеді, себебі әр пациент ауруханада толық стационарлық емделудің 1 күнтізбелік күніне бір төсекті алып жатады. Төсектердің орташа жүктемелігі пайызбен көрсетіледі.
2. Монетарлық емес көрсеткіштерді қалыптастыру алгоритмі
5. Денсаулық сақтау саласындағы ұйымдардың жұмысын кешенді бағалау үшін олардың қызметінің әр түрлі аспектілерін сипаттайтын монетарлық және монетарлық емес көрсеткіштер пайдаланылады.
Монетарлық емес көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 28 тамыздағы № 133 бұйрығымен (мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10084) (бұдан әрі - № 133 бұйрық) бекітілген, жылдық кезеңділіктегі "Санаториялық-курорттық қызмет туралы есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандарының деректері бойынша қалыптастырылады.
6. Монетарлық емес көрсеткіштерді қалыптастыру жалпымемлекеттік статистикалық байқауды өткізу шеңберінде жүзеге асырылады және келесі кезеңдерден тұрады:
1) агрегатталған статистикалық деректердің республикалық деңгейде сапасын бақылау және өңдеу;
2) алғашқы статистикалық деректерді өңірлік деңгейде енгізу, өңдеу және сапасын бақылау;
3) деректерді өңдеу және енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етілімді құрастыру;
4) № 133 бұйрықпен бекітілген жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары бойынша алғашқы статистикалық деректерді жинау;
5) жариялау үшін статистикалық деректерді дайындау;
6) пайдаланушылар үшін статистикалық деректерді Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыру;
7) Статистикалық жұмыстар жоспарын, басқа жоспарлар мен графиктерді әзірлеу және бекіту;
8) статистикалық көрсеткіштерді алу үшін есептеулерді жүзеге асыру.
7. Статистикалық жұмыстар жоспарын, басқа жоспарлар мен графиктерді әзірлеу және бекіту Заңның 19-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Статистика комитеті жоспарлау кезеңінде статистикалық жұмыстар жоспарының жобасын құрастырады. Статистикалық жұмыстар жоспарының жобасына ағымдағы және жаңа статистикалық байқаулар енгізіледі.
8. Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу деректерді автоматтандырылған түрде енгізу және өңдеу үшін қажет, әрбір статистикалық байқау үшін тапсырманың қойылымдарын дайындау және бағдарламалық кешенді жазу арқылы жүзеге асырылады. Мұнда деректердің сапасын және шығарылым кестелерінің макетін қамтамасыз ететін арифметикалық-логикалық бақылау қарастырылады.
9. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары бойынша алғашқы статистикалық деректерді жинау аумақтық статистика органдарының деңгейінде респонденттерден қабылданған алғашқы статистикалық деректерді жинау арқылы жүзеге асырылады.
10. Алғашқы статистикалық деректерді енгізу, өңдеу және сапасын бақылау статистикалық байқаулар үшін арнайы әзірленген бағдарламалық кешенде аумақтық деңгейде жүзеге асырылады.
11. Агрегатталған статистикалық деректерді республикалық деңгейде өңдеуді және сапасын бақылауды "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады.
12. Қосымша көрсеткіштерді алу үшін Статистика комитеті статистикалық байқау деректерінің негізінде Әдіснамаға сәйкес есептеулерді жүзеге асырады.
13. Статистикалық деректерді жариялау үшін дайындау шығыс кестелерін бақылау, статистикалық бюллетенді Статистика комитетінің басшылығымен келісу және бекіту үдерісін қамтиды.
14. Барлық қалыптастырылған ресми статистикалық ақпарат Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылады.
15. Осы әдістемеде санаториялық-курорттық ұйымдар қызметінің монетарлық емес көрсеткіштері ұсынылған, олар мынадай көрсеткіштерді қамтиды:
1) төсектерде емделгендердің (демалғандардың) орташа болу мерзімінің көрсеткіштері;
2) төсектердің жұмыс (қамтылу) көрсеткіштері;
3) төсектердің жүктеулі және бос тұру көрсеткіштері;
4) медициналық персоналға жүктеме көрсеткіштері.
16. Төсектерде емделгендердің (демалғандардың) орташа болу мерзімінің көрсеткіштері ұйымды бағалау мен стационарлық қызмет көрсету сапасын және қысқартылған немесе көп уақытқа созылған емдеу мерзімін анықтауға мүмкіндік береді.
17. Осы көрсеткіштер мынадай формула бойынша есептеледі:
(1)
мұндағы,
Сp– төсектерде емделгендердің (демалғандардың) орташа болу ұзақтығы;
Kd – өткізілген емделген (демалған) төсек-күндер;
Knі – емделген (демалғандар) саны.
17. Тәулік бойы стационардың қызметін және төсектер қорын пайдаланудың тиімділігін төсектердің жұмыс (қамтылу) көрсеткіштері сипаттайды.
Осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
(2)
мұндағы,
Rk – ұйым үшін, төсек орын жұмысы (бос болмау);
Кd – науқастардың тәулік бойғы стационарда өткізген төсек-күні саны;
Сk – орташа жылдық төсек саны;
Көрсеткішті кезеңге есептегенде бір жылға нормативтік көрсеткішті кезеңнің айлар санына қайта есептеу қажет, мысалы: 340/12 x 2.
Халықаралық салыстыру үшін халықаралық стандартқа сәйкес төсектің бос болмау дәрежесін есептеген кезде күнтізбелік жылдағы 365 күн пайдаланылады:
(3)
мұндағы,
Rkі– төсектің (бос болмау) жұмыс дәрежесі;
Кd – тәулік бойғы стационарда науқастардың өткізген төсек–күндерінің саны;
Сk – орташа жылдық төсек саны;
365 – жылдағы күнтізбелік күндер.
19. Төсектердің жүктемелігі дәрежесін есептеу үшін мынадай формула қолданылады:
(4)
мұндағы,
Zk – пайдаланылған (бос емес) төсектердің орташа саны;
Кd – науқастардың тәулік бойғы стационарлардағы өткізген төсек-күндер саны;
m1- бір жылда аурухана төсегі жұмысының орташа саны ұсынылған көрсеткішіне сәйкес күндер саны.
Осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
(5)
мұндағы,
і – белгілі бір кезеңдегі ай.
18. Алдыңғы науқастың шығарылған сәтінен бастап келесі науқастың түскен сәтіне дейін төсектердің бос тұру уақытын сипаттайтын көрсеткіш, мынадай формула бойынша есептеледі:
(6)
мұндағы,
Pkі – халықаралық салыстыру үшін қолданылатын, бос тұрған төсектердің орташа саны (төсектің бос тұруы);
Ck – орташа жылдық төсектердің саны;
Кd – тәулік бойғы стационарда науқастардың өткізген төсек-күндерінің саны;
365 – бір жылдағы күндер саны, халықаралық есептеулер үшін толық күнтізбелік күндер қолданылады.
Ұлттық деңгейде көрсеткішті есептеу үшін мынадай формула қолданылады:
(7)
мұндағы,
PKn– ұлттық деңгейде есептеу үшін қолданылатын, орташа бос емес төсектердің орташа саны (төсектің бос тұруы);
Ck – орташа жылдық төсектердің саны;
Кd – тәуліктік стационарда науқастардың өткізген төсек-күндерінің саны;
n – бір жылғы күндер саны, ұлттық деңгейде есептеуге арналған, ұсынылған көрсеткіштердің мәні.
19. Қайта қалпына келтіру және медициналық оңалту ұйымдарындағы медициналық персоналдың жүктемесін есептеу үшін мынадай формула қолданылады:
(8)
мұндағы,
S1start– қайта қалпына келтіру және медициналық оңалту ұйымдарындағы медициналық персоналға түсетін жүктеме;
Kn – емделгендер (демалғандар) саны;
Psі – толық мөлшерлемесі бар персоналдың алып отырған мөлшерлемесінің саны (бір жылға барлық мөлшерлеме 1,0+0,75+0,5+0,25 есептеледі).