РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жұқпалы аурулардың тірі қоздырғыштарымен немесе ауру малдармен, ауру тудыратын вирустармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тергеу изоляторларында тұрақты жұмыс істегені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынасқа қолданылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты |
В. Жұмақанов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 48 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.12.2024 № 163/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Әртіс (барлық атаулары)
2. Әдіскер (барлық атаулары)
3. Авиация механигі (барлық атаулары)
4. Аға ғылыми қызметкер
5. Аға оқытушы
6. Ағаш ұстасы
7. Ажарлаушы
8. Аккумуляторшы
9. Ас-үй жұмысшысы
10. Аспаз
11. Асхана меңгерушісі (басшысы)
12. Архив меңгерушісі (басшысы)
13. Аудармашы
14. Ауысым басшысы
15. Бақылаушы
16. Ағаш шебері
17. Бас ғылыми қызметкер
18. Бөлім бастығы
19. Борт радисі
20. Бухгалтер
21. Ветеринариялық дәрігер
22. Вулканизаторшы
23. Гальваншы
24. Ғылыми қызметкер
25. Дәнекерлеуші (барлық атаулары)
26. Дәрігер (барлық мамандықтағы)
27. Даяшы
28. Диспетчер (барлық атаулары)
29. Доцент
30. Жатақхана басшысы
31. Қонақ үй басшысы
32. Жетекші ғылыми қызметкер
33. Жинақтаушы
34. Жүргізуші (барлық атаулары)
35. Жұмысшы (барлық атаулары)
36. Заңгер консультант
37. Зертханашы
38. Зертхана меңгерушісі (басшысы)
39. Инженер (барлық мамандықтағы)
40. Инспектор (барлық атаулары)
41. Іс жүргізуші
42. Кассир
43. Кеңесші
44. Кітапханашы
45. Кітапхана меңгерушісі (басшысы)
46. Комендант
47. Корректор
48. Көркемдік жетекші
49. Күзетші (қарауыл)
50. Қабылдаушы (барлық атаулары)
51. Қазандық меңгерушісі (басшысы)
52. Қаңылтыршы
53. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы
54. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын дайындаушы
55. Қойма меңгерушісі (басшысы)
56. Қоймашы
57. Майлаушы
58. Машинист (барлық атаулары)
59. Мейірбике (мейірие)
60. Мейірбикенің көмекшісі
61. Механик (барлық атаулары)
62. Монша-кір жуу комбинатының меңгерушісі (басшысы)
63. Моторшы (барлық атаулары)
64. Мыстаушы
65. Наубайхана меңгерушісі (басшысы)
66. Наубайшы
67. Нұсқаушы (барлық атаулары)
68. Оқытушы
69. Оператор (барлық атаулары)
70. Өндіріс меңгерушісі (басшысы)
71. Провизор (фармацевт)
72. Профессор
73. Психолог
74. Радиоэлектрондық аппаратураның және аспаптарының реттеушісі
75. Рентген зерханашысы
76. Референт
77. Санитар
78. Сарапшы (барлық атаулары)
79. Слесарь (барлық атаулары)
80. Слесарь-аспапшы
81. Сылақшы
82. Сырлаушы
83. Суретші
84. Тамақ жартылай фабрикаттарын жасаушы
85. Тас қалаушы
86. Ұста (барлық атаулары)
87. Телефоншы (барлық атаулары)
88. Техник (барлық атаулары)
89. Технолог (барлық атаулары)
90. Тігінші
91. Тігінші (барлық атаулары)
92. Токарь (барлық атаулары)
93. Топ бастығы
94. Тракторшы
95. Фармацевт
96. Фельдшер (барлық атаулары)
97. Фрезерлеуші
98. Химиялық су тазарту аппаратшысы
99. Шаруашылық меңгерушісі (басшысы) (барлық атаулары)
100. Шаруашылық басшысы (меңгерушісі)
101. Шатырлаушы (барлық атаулары)
102. Шебер
103. Шеберхана меңгерушісі (басшысы)
104. Экспедитор
105. Электр газбен дәнекерлеуші
106. Электр дәнекерлеуші (барлық атаулары)
107. Электромонтер (барлық атаулары)
108. Эколог
109. Экономист
110. Арашы
111. Ағаштан жасалған бұйымдарды құрастырушы
112. Станокшы-аралаушы
113. Жылқышы
114. Шина жөндеушісі
115. Слесарь-жөндеуші
116. Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
117. Слесарь-сантехник
118. Архивариус
119. Газшы
120. Газбен дәнекерлеуші
121. Жүк тиеуші
122. Аула сыпырушы
123. Көмекші жұмысшы
124. Баспашы-өрнек салушы
125. Қызметтік орын жайларды тазалаушы
126. Бағбан
127. Етікші
128. Статистик
129. Әйнекші
130. Басшысының хатшысы
131. Қазандық машинисі (кочегар) немесе қазандық операторы
132. Пеш жағушы
133. Курьер
134. Аударма жөніндегі редактор
135. Тарату құрылғылары жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарь
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 48 бұйрығына 2-қосымша |
Жұқпалы аурулардың тірі қоздырғыштарымен немесе ауру малдармен, ауру тудыратын вирустармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.07.2018 № 61/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Ветеринариялық дәрігер
2. Ветеринариялық санитар
3. Ветеринариялық фельдшер
4. Дәрігер (барлық мамандықтағы)
5. Жануарларды күту бойынша жұмысшы
6. Зертханашы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 48 бұйрығына 3-қосымша |
Тергеу изоляторларында тұрақты жұмыс істегені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.12.2024 № 163/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Автомобиль жүргізушісі
2. Аула сыпырушы
3. Балташы
4. Бухгалтер
5. Заңгер консультант
6. Іс жүргізуші
7. Комендант
8. Оператор
9. Психолог
10. Референт
11. Техник
12. Фельдшер
13. Өндірістік және қызметтік жайлардың жинаушысы
14. Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері
15. Статистик