"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы алуға құқығы бар азаматтық қызметшілері мен қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 48 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 163/қе бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы алуға құқығы бар азаматтық қызметшілері мен қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13818 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тергеу изоляторларында тұрақты жұмыс істегені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-жолмен толықтырылсын:

      "15. Статистик".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты
Е. Сағымбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2024 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 163/қе бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2016 жылғы 18 мамырдағы
№ 48 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі

      1. Әртіс (барлық атаулары)

      2. Әдіскер (барлық атаулары)

      3. Авиация механигі (барлық атаулары)

      4. Аға ғылыми қызметкер

      5. Аға оқытушы

      6. Ағаш ұстасы

      7. Ажарлаушы

      8. Аккумуляторшы

      9. Ас-үй жұмысшысы

      10. Аспаз

      11. Асхана меңгерушісі (басшысы)

      12. Архив меңгерушісі (басшысы)

      13. Аудармашы

      14. Ауысым басшысы

      15. Бақылаушы

      16. Ағаш шебері

      17. Бас ғылыми қызметкер

      18. Бөлім бастығы

      19. Борт радисі

      20. Бухгалтер

      21. Ветеринариялық дәрігер

      22. Вулканизаторшы

      23. Гальваншы

      24. Ғылыми қызметкер

      25. Дәнекерлеуші (барлық атаулары)

      26. Дәрігер (барлық мамандықтағы)

      27. Даяшы

      28. Диспетчер (барлық атаулары)

      29. Доцент

      30. Жатақхана басшысы

      31. Қонақ үй басшысы

      32. Жетекші ғылыми қызметкер

      33. Жинақтаушы

      34. Жүргізуші (барлық атаулары)

      35. Жұмысшы (барлық атаулары)

      36. Заңгер консультант

      37. Зертханашы

      38. Зертхана меңгерушісі (басшысы)

      39. Инженер (барлық мамандықтағы)

      40. Инспектор (барлық атаулары)

      41. Іс жүргізуші

      42. Кассир

      43. Кеңесші

      44. Кітапханашы

      45. Кітапхана меңгерушісі (басшысы)

      46. Комендант

      47. Корректор

      48. Көркемдік жетекші

      49. Күзетші (қарауыл)

      50. Қабылдаушы (барлық атаулары)

      51. Қазандық меңгерушісі (басшысы)

      52. Қаңылтыршы

      53. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын құрастырушы

      54. Қайыс ер-тұрман бұйымдарын дайындаушы

      55. Қойма меңгерушісі (басшысы)

      56. Қоймашы

      57. Майлаушы

      58. Машинист (барлық атаулары)

      59. Мейірбике (мейірие)

      60. Мейірбикенің көмекшісі

      61. Механик (барлық атаулары)

      62. Монша-кір жуу комбинатының меңгерушісі (басшысы)

      63. Моторшы (барлық атаулары)

      64. Мыстаушы

      65. Наубайхана меңгерушісі (басшысы)

      66. Наубайшы

      67. Нұсқаушы (барлық атаулары)

      68. Оқытушы

      69. Оператор (барлық атаулары)

      70. Өндіріс меңгерушісі (басшысы)

      71. Провизор (фармацевт)

      72. Профессор

      73. Психолог

      74. Радиоэлектрондық аппаратураның және аспаптарының реттеушісі

      75. Рентген зерханашысы

      76. Референт

      77. Санитар

      78. Сарапшы (барлық атаулары)

      79. Слесарь (барлық атаулары)

      80. Слесарь-аспапшы

      81. Сылақшы

      82. Сырлаушы

      83. Суретші

      84. Тамақ жартылай фабрикаттарын жасаушы

      85. Тас қалаушы

      86. Ұста (барлық атаулары)

      87. Телефоншы (барлық атаулары)

      88. Техник (барлық атаулары)

      89. Технолог (барлық атаулары)

      90. Тігінші

      91. Тігінші (барлық атаулары)

      92. Токарь (барлық атаулары)

      93. Топ бастығы

      94. Тракторшы

      95. Фармацевт

      96. Фельдшер (барлық атаулары)

      97. Фрезерлеуші

      98. Химиялық су тазарту аппаратшысы

      99. Шаруашылық меңгерушісі (басшысы) (барлық атаулары)

      100. Шаруашылық басшысы (меңгерушісі)

      101. Шатырлаушы (барлық атаулары)

      102. Шебер

      103. Шеберхана меңгерушісі (басшысы)

      104. Экспедитор

      105. Электр газбен дәнекерлеуші

      106. Электр дәнекерлеуші (барлық атаулары)

      107. Электромонтер (барлық атаулары)

      108. Эколог

      109. Экономист

      110. Арашы

      111. Ағаштан жасалған бұйымдарды құрастырушы

      112. Станокшы-аралаушы

      113. Жылқышы

      114. Шина жөндеушісі

      115. Слесарь-жөндеуші

      116. Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

      117. Слесарь-сантехник

      118. Архивариус

      119. Газшы

      120. Газбен дәнекерлеуші

      121. Жүк тиеуші

      122. Аула сыпырушы

      123. Көмекші жұмысшы

      124. Баспашы-өрнек салушы

      125. Қызметтік орын жайларды тазалаушы

      126. Бағбан

      127. Етікші

      128. Статистик

      129. Әйнекші

      130. Басшысының хатшысы

      131. Қазандық машинисі (кочегар) немесе қазандық операторы

      132. Пеш жағушы

      133. Курьер

      134. Аударма жөніндегі редактор

      135. Тарату құрылғылары жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарь

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады