"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 шілдеде № 13872 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 83-бабының екінші бөлігіне және «Қазақстан Республикасының құқықтық актілері туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9842 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашадағы № 232 (28455) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Әскери полиция органдарының гауптвахтасында сот үкімімен белгіленген мерзімге қамауға алу түрінде жазалауға қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотпен сотталған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері ұсталады.»;
      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «40. Гауптвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшілер:
      1) жататын орынмен;
      2) ұйқы кезінде төсек-орын жабдықтарымен: матрацпен, жастықпен, көрпемен, үш ақжаймамен, екі жастық тысымен, екі сүлгімен. Сондай-ақ әйел жынысты адамдарға гигиеналық сүлгі беріледі;
      3) тамақтану кезінде асханалық ыдыспен және асханалық жабдықтармен: табақпен, сапты аяқпен, қасықпен;
      4) жалпыәскери жарғылармен, кітаптармен, журналдармен және мерзімді басылымдармен;
      5) жуыну керек-жарақтарымен және жеке гигиеналық заттармен қамтамасыз етіледі.
      Гауптвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшілер камераларда тамақтанады.
      Түнгі уақытта барлық камералар кезекшілік жарықпен жарықтандырылады.»;
      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «43. Гауптвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 38/ҚБП бұйрығымен бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтау нормаларына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11435 болып тіркелген) сәйкес азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.
      Оларды тамақтандыруға тіркеу азық-түлік аттестаттары бойынша жүргізіледі.
      Азық-түлік аттестаттары жоқ сотталғандар гауптвахта балансында тұрған әскери бөлім командирінің бұйрығынан үзінді бойынша жабдықталымға алынады.».
      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «90. Сотталған әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсетудің өзге де мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысымен және денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полиция департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға;
      3) мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери полиция департаментінің қызметіне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
      ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты      В. Жұмақанов

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 сентября 2014 года № 319 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка и порядка содержания осужденных на гауптвахте органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 7 июня 2016 года № 51. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 июля 2016 года № 13872

      Примечание РЦПИ!
      Настоящий приказ вводится в действие с 01.01.2017 г.

      В соответствии с частью второй статьи 83 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года и пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года «О правовых актах Республики Казахстан», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 сентября 2014 года № 319 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка и порядка содержания осужденных на гауптвахте органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9842, опубликован в газете «Казахстанская правда» от 27 ноября 2014 года № 232 (27853) следующие изменения:
      в Правилах внутреннего распорядка и порядка содержания осужденных на гауптвахте органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. На гауптвахте ОВП содержатся военнослужащие Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан, осужденные судом за совершение уголовных проступков к наказанию в виде ареста на срок, определяемый приговором суда.»;
      пункт 40 изложить в следующей редакции:
      «40. Осужденные военнослужащие, содержащиеся на гауптвахте, обеспечиваются:
      1) спальным местом;
      2) постельными принадлежностями на время сна: матрацем, подушкой, одеялом, тремя простынями, двумя наволочками, двумя полотенцами. Лицам женского пола также выдается гигиеническое полотенце;
      3) столовой посудой и столовыми приборами на время приема пищи: миской, кружкой, ложкой;
      4) общевоинскими уставами, книгами, журналами и периодической печатью;
      5) туалетными принадлежностями и предметами личной гигиены.
      Осужденные военнослужащие, содержащиеся на гауптвахте, принимают пищу в камерах.
      Все камеры освещаются в ночное время дежурным освещением.»;
      пункт 43 изложить в следующей редакции:
      «43. Осужденные военнослужащие, содержащиеся на гауптвахте, обеспечиваются питанием, согласно нормам снабжения продовольствием, кормами, техникой, оборудованием и столово-кухонной посудой Пограничной службы, органов военной контрразведки и военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан на мирное время, утвержденным приказом Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 38/ДСП (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11435).
      Зачисление их на питание производится по продовольственным аттестатам.
      Осужденные, не имеющие продовольственных аттестатов, зачисляются на довольствие по выписке из приказа командира воинской части, на балансе которой находится гауптвахта».
      пункт 90 изложить в следующей редакции:
      «90. Иные вопросы оказания медицинской помощи осужденным военнослужащим регулируются Уставом внутренней службы Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, утвержденным Указом Президента Республики Казахстан от 5 июля 2007 года № 364 и законодательством Республики Казахстан в области здравоохранения.».
      2. Департаменту военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан обеспечить:
      1) в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) в течение пяти календарных дней после государственной регистрации направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации» Министерства юстиции Республики Казахстан для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, курирующего деятельность Департамента военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 1 января 2017 года.

      Председатель Комитета национальной
      безопасности Республики Казахстан
      генерал-лейтенант
      национальной безопасности                  В. Жумаканов