Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 83-бабының 2-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 26.07.2024 № 105/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полиция департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
2) 2014 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілерін ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9574 тіркелген, "Казахстанская правда" және "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 6 тамызда № 151 жарияланған) тиісті өзгертулер енгізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Әбіқаев |
№ 1 дана Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі (бұдан әрі – ҚАК) 83-бабының 2-бөлігіне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының (бұдан әрі – ӘПО) гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібін анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 26.07.2024 № 105/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Әскери полиция органдарының гауптвахтасында сот үкімімен белгіленген мерзімге қамауға алу түрінде жазалауға қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотпен сотталған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері ұсталады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 07.06.2016 № 51 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Гауптвахтадағы ішкі тәртіптеме сотталған әскери қызметшілерді ұстаудың режимін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
4. Гауптвахтадағы режимді қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі тәртіптеме сақталуы гауптвахтаның әкімшілігі мен қызметшілеріне жүктеледі.
5. Гауптвахтадағы ішкі тәртіптемені осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ӘПО бастығы анықтайды және бекітеді. Тәртіптемеде сегіз сағаттық үзіліссіз ұйқы, ұйқыдан тұру, әжетханаға бару, ас қабылдау, еңбек ету, тәртіптік іс-шаралар, ұйқыға жату әрекеттеріне уақыт қарастырылады. Тәртіптеме әрбір камерада мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінеді.
6. Сотталған әскери қызметшілерді ұстау тәртібі олардың құқықтарын қамтамасыз етуді, олардың өз міндеттерін атқаруын, оларды оқшаулауды, қабылдауды және орналастыруды, жеке тінтуді, саусақтардың таңбасын алуды, суретке түсіруді, тексеріп қарауды, тыйым салынған заттарды, бұйымдарды, азық-түлік өнімдерін алуды, материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етуді, азық-түлік өнімдері мен алғашқы қажеттілік заттарына ие болуды, сәлем-сауқаттарды, сәлемдемелер мен бандерольдерді қабылдауды және жөнелтуді, ақшалай аударымдарды қабылдауды, хаттар, өтініштер мен ұсыныстар қабылдауды және жөнелтуді, телефондық тілдесулерді, гауптвахтадан тыс жерге шығуды, діни жораларды жасауды, жұмыстарға қатыстыруды, газет-журналдарға жазылуды, медициналық-санитарлық қамтамасыз етуді, қыдыруларды, кездесулерді, тергеу әрекеттері мен сот отырыстарына қатысуды, ынталандыру мен жазалауды, жеке қабылдауды, қайтыс болған сотталғандардың денелерін беруді, сотталғандарды босатуды, сондай-ақ ҚАК қарастырған міндеттерді орындауды қамтиды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.04.2020 № 29/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Қамауға алынған әскери қызметшілерді ұстау "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 26.07.2024 № 105/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді әскери полиция органдарының гауптвахтасына қабылдау мен орналастыру
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Сотталған әскери қызметшілерді гауптвахтаға қабылдауды гауптвахта бастығы (оның орнын алмастыратын адам) немесе гауптвахта ауысымының бастығы тәулік бойы жүргізеді, ол гаупвахтаға жеткізілген адамдарды қабылдау үшін негіздеме болып табылатын құжаттардың барын тексереді, көрсетілген адамнан жауап алып, оның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген мәліметтермен оның жауаптарын салыстырады.
9. Сотталған әскери қызметшіні ӘПО гауптвахтасына сотталғанды жеткізген адам гауптвахта бастығына (оның орнын алмастыратын адамға) немесе ауысым бастығына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) әскери бөлімнің елтаңбалы мөрімен расталған сот үкімінің көшірмесін;
2) жазасын өтеу кезеңінде сотталған әскери қызметшіні барлық үлес түрінен алу туралы "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 55/ҚБП бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15679 болып тіркелген) көзделген тәртіппен расталған әскери бөлім командирі бұйрығының көшірмесін немесе одан үзіндіні;
3) медициналық кітапшасын;
4) азық-түлік аттестатын;
5) бөлім штабының лауазымды тұлғасы және сотталған әскери қызметшінің қолдары қойылған жеке заттардың тізілімі (екі данада).
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 26.07.2024 № 105/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Сотталған әскери қызметшілерді гауптвахтаға қабылдаған кезде осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың бар болуы, оларды дұрыс толтыру және оларға тиесілі хаттардың бар болуы тексеріледі, сондай-ақ жеке қарау жүргізіледі, сақтау мен пайдалануға тыйым салынған құжаттар, заттар, бұйымдар, құндылықтар, ақшалар және азық-түліктер алынады.
Сотталған әскери қызметші, сондай-ақ алынған және сақтауға қабылданған құжаттар, заттар, бұйымдар, құндылықтар, ақша сомалары және азық-түліктер туралы мәліметтер осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қамауға сотталған әскери қызметшілерді есепке алу кітабына (бұдан әрі – есепке алу кітабы) сотталған әскери қызметшінің қатысуымен енгізіледі.
11. Сотталған әскери қызметшіні гауптвахтаға қабылдау, сондай-ақ сақтауға қабылданған құжаттар, заттар, бұйымдар, құндылықтар, ақша сомалары және азық-түліктер туралы үш нұсқада қолхат жасақталады. Қолхаттың бірінші нұсқасы сотталған әскери қызметшіні гауптвахтаға алып келген тұлғаға, екіншісі – сотталған әскери қызметшіге, ал үшіншісі сотталған әскери қызметшінің жеке ісіне тіркеледі.
12. Сотталған әскери қызметшіден сақтауға қабылданған оның ақшасы және құндылықтары сақтау үшін гауптвахта бастығына тапсырылады. Жеке басын анықтайтын құжаттарда гауптвахта бастығының сақтауында болады.
13. Жеке дүние-мүлкі, заттар, бұйымдар, басқада заттар және азық-түліктер сақтау үшін қамауға алынған тұлғалардың заттарын сақтау камерасына тапсырылады.
14. Сотталған әскери қызметшіні гауптвахтаға қабылдаған кезде медициналық қызметші (фельдшер) оны дене жарақатын анықтау мақсатында тексереді. Ол туралы есепке алу кітабына қажетті жазба жазылады. Анықталған дене жарақаттары туралы лауазымды адамның қол қоюы арқылы сотталған әскери қызметшіні гауптвахтаға алып келген адамға хабарланады.
15. Дене жарақаттары анықталған жағдайда қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Медицина қызметкерін тәулік мерзіміне тарта отырып, нәтижелері гауптвахтаға жабылатын сотталған әскери қызметшінің медициналық кітапшасына тіркелетін медициналық куәландыру жүргізіледі. Тәулік мерзіміне сотталған әскери қызметшілердің дене жарақаттарын анықтаудың әрбір фактісіне байланысты гауптвахтаның бастығы жазбаша түрде прокурорға хабарлайды.
16. Сотталған әскери қызметшіні гауптвахтаға қабылдау кезінде медицина қызметкері (фельдшер) тері, жыныстық аурулардың, инфекциялық және басқа да аурулардың сыртық көріністерінің бар болуына, педикулезбен зақымдалуға аса көп назар аударады. Жаңадан келген сотталған әскери қызметшілерді қарау оларды камераларға орналастыруға дейін жүргізіледі.
17. Медицина қызметкері болмаған жағдайда гауптвахта бастығы (ауысым бастығы) гауптвахтаға жабылатын сотталған әскери қызметшіні шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігін анықтау үшін оның денсаулық жағдайы туралы тергеу жүргізеді.
Гауптвахтаға жабылатын сотталған әскери қызметшілердің денсаулық жағдайына байланысты шағымдары болған кезде гауптвахта бастығы (ауысым бастығы) шұғыл медициналық көмек бригадасын шақыртады.
Науқастың өміріне қауіп төніп тұрғанда, шұғыл медициналық көмек бригадасы ұзақ уақыт болмағанда немесе келу мүмкін емес кезде, гауптвахта бастығы (ауысым бастығы) ауруды айдауылмен жақын маңда орналасқан денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді қамтамасыз етеді.
Науқас станционарлық емдеуді қажет етсе, ол денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.
18. Гауптвахтаға қабылданған соң сотталған әскери қызметшілерге жазбаша түрде осы Қағидаларда көрсетілген олардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық шектеулері түсіндіріледі, сондай-ақ ішкі тәртіптеме және гауптвахтада ұсталу тәртібі көрсетілген ақпарат ұсынылады.
Әрбір камерада сотталған әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттері туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат ілінеді.
19. Гауптвахтаға жабылған сотталған әскери қызметшілер қатаң изоляция жағдайларында ұсталады, олар камераларға басқа негізбен отырғызылған сотталған әскери қызметшілерден бөлек орналастырылып, мынадай талаптарды сақтайды:
1) офицерлер сержанттар және сарбаздар құрамдарының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерден бөлек;
2) мерзімді қызметтің әскери қызметшілері 1) тармақшада көрсетілген әскери қызметшілер санатынан бөлек;
3) әйел-әскери қызметшілер еркектерден бөлек;
4) әр түрлі инфекциялық аурулармен ауыратын сотталғандар дені сау сотталғандардан бөлек ұсталады.
Гауптвахтаға қабылданған сотталғандарды камераларға жабуды гауптвахта бастығы немесе ауысым бастығы осы Қағидалардың 3-қосымшасындағы нысан бойынша камералық орналастыру жоспарына сәйкес орналастырады.
20. Гауптвахтаға жабылған сотталған әскери қызметшілер осы Қағидалардың 4-қосымшасы бойынша жалпы камераларды сипаттауда көрсетілген құлыптарға жабылған жалпы камераларда ұсталады.
21. Гауптвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшілер, сондай-ақ жеке камераларға да орналастырылады.
22. Гауптвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшілерді жеке камераларға орналастыруға ӘПО бастығы бекіткен гауптвахта бастығының дәлелді қаулысы бойынша мынадай жағдайларда жол беріледі:
1) сотталған әскери қызметшінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін;
2) гауптвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшінің басқа сотталғандар тарапынан өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпке байланысты бөлек ұсталу туралы жазбаша өтініші болған кезде;
3) басқа сотталған әскери қызметшілердің, гауптвахтаның кезекші жеке құрамы мен ауысымының абыройына және ар-намысына тіл тигізу;
4) гауптвахтаның кезекші ауысымы және ӘПО басқа лауазымды тұлғаларының заңды талаптарына бағынбау;
5) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттар мен бұйымдарды сақтау, жасау және пайдалану;
6) құмар ойындарға қатысу.
Гауптвахта бастығы келесі жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қауіпсіздік шараларының қолданылуы туралы прокурорды жазбаша нысанда хабардар етеді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.04.2020 № 29/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді жеке тінту, саусақтарының таңбасын алу, суретке түсіру және жеке заттарын тексеріп қарау
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Гауптвахтаға жабылған сотталған әскери қызметшілерге жеке тінту, саусақ таңбаларын алу және суретке түсіру, сондай-ақ олардың жеке заттарын тексеріп қарау жүргізіледі.
24. Сотталған әскери қызметшілерді жеке тінту мен олардың жеке заттарын тексеріп қарау оларда сақтау мен пайдалануға тыйым салынған заттар, бұйымдар, ас тағамдарын немесе аталған әскери қызметшіге тиеселі емес заттарды анықтау мақсатында гауптвахта бастығы (оның орнын алмастыратын адам) немесе ауысым бастығы жүргізеді.
25. Сақтау мен пайдалануға тыйым салынған заттарға өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін немесе қылмыс қаруы ретінде пайдаланылатын, қамау түрінде жазасын өтеуге кедергі келтіре алатын құжаттар, заттар, бұйымдар, құндылықтар, ақшалар және азық-түліктер жатады.
Гауптвахтаға жабылған сотталған әскери қызметшілерге осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша сәлем-саухат қабылдауға, ас тағамдарын, өзімен бірге алғашқы қажеттілік заттарын, аяқ киімдерді, киімдер мен басқа да өндірістік тауарларды сақтауға рұқсат беріледі.
26. Сотталған әскери қызметшілерді жеке тінту толық тінту және толық емес тінту болып екіге бөлінеді. Тінтуді тінтілетін адамның жынысына сәйкес адам жүргізеді. Жеке толық тінту:
1) сотталған әскери қызметшіні гауптвахтаға жабу және оны шығару кезінде;
2) жеке камераға жабу және одан шығару кезінде;
3) кездесу жүргізудің алдында және кездесуден кейін;
4) ішкі тәртіптеме мен ұстаудың тәртібін бұзған, қашу әрекетін жасаған немесе қашып кеткен, басқа да қылмыс жасаған сотталған әскери қызметшіні ұстаған кезде жүргізіледі.
27. Толық тінту мынадай тәртіпте жүргізіледі:
1) сотталған әскери қызметшіге пайдалануға тыйым салынған заттарды тапсыру ұсынылады, одан кейін бас киімін шешу, аяқ киімі мен киімін, ішкі киімге дейін шешу талап етіледі;
2) аяқ пен қол саусақтарының арасы, құлақтары мен ауыз қуысы, медициналық орамалар мен протездері қарастырылады. Орамалар мен протездерді қарастыру медициналық қызметшінің (фельдшердің) қатысуымен іске асырылады;
3) сотталғанға тиеселі заттар, киімдер, бас киім қаралады. Киімдердің жағалары, тігістері тексеріледі. Киімге тігілген заттар табылған жағдайда матасы жыртылады. Аяқ киімдердің супинаторлары, металлдық кездеме бедерлері алынады. Қажет болған жағдайда киімнің жеке бөліктері бізбен тесіледі, сонымен қатар жамаулар, өкше-тақалар, табандар және басқа да ақша, есірткі, психотроптық заттар тығуға оңай жерлер тексеріледі.
28. Сотталған әскери қызметшіні тыйым салынған заттарды тығуға негіз болған жағдайларда толық емес тінтуді гауптвахтаның кезекшілік ауысымы жүргізеді.
29. Толық емес тінту кезінде сотталғанға тыйым салынған заттарды алып шығу ұсынылады. Киімдер тиянақты тексеріледі. Сонымен қатар жеңдерде, жағалар мен қалташаларда, шалбарлардың жамауларында тыйым салынған немесе шабуыл жасау заттарының болмауы тексеріледі. Одан кейін қалталардың іші, бас киімдер, аяқ киім тексеріледі. Тінтілетін адам өзін күдікті ұстаған жағдайда немесе сотталғанның тыйым салынған заттарының болуы туралы ақпараттар болған жағдайда толық тінту жүргізіледі.
30. Тінту барысында ішкі тәртіптеме талаптарын және тұру тәртібін бұзған, қылмыс жасаған сотталған әскери қызметшіге қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарын иық еніне қою ұсынылады. Тінтуші тінтілетіннің артына тұрып, жоғарыдан төменге қарай тексереді. Қажет болған жағдайда, тінтілетін адам тінтушінің нұсқаулығымен қолдарын қабырғаға сүйеп тұрады.
31. Гауптвахтаға қабылданған сотталған әскери қызметшілердің заттарын қарау гауптвахтаға қабылдану кезінде немесе шығарылу кезінде, басқа камераға ауысу мен денсаулық сақтау ұйымына жөнелтілу кезінде өздерінің қатысуымен іске асырылады.
Заттарды қарастыру, яғни олардың конструкциялық бүтінділігін бұзбай тексеру, зат иесінің қатысуымен жүргізіледі.
32. Сотталған әскери қызметшілерді жеке тінту және оның заттарын қарау осы Қағидалардың 6-қосымшасындағы нысан бойынша хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға сотталған әскери қызметші мен оған жеке тінту және заттарын қарауды жүргізгенқан гауптвахтаның лауазымды тұлғасы қол қояды. Жеке тінту мен заттарды қарау хаттамасының көшірмесі сотталған әскери қызметшіге беріледі.
33. Гауптвахтаға қабылданған сотталған әскери қызметші хаттамаға қол қоюдан бас тартуы мен жеке тінту, заттарын тексеру тәртібіне жасалған шағымдары хаттамаға енгізіледі. Хаттама жеке іске тіркеледі.
34. Гауптвахтаға қабылданған кезде сотталған әскери қызметшілердің жеке істерінде олардың суреттері болмаса, оларды гауптвахта әкімшілігі суретке түсіреді. Олардың әрбіреуіне алты алтыдан (үшеуі алдынан, үшеуі қырынан), көлемдері 4,5х6, 6х9 см болатын фото карточкалар дайындалады.
35. Гауптвахтаға қабылданбай тұрып сотталған әскери қызметшілердің саусақтарынан таңба түсіріледі.
4-тарау. Сотталған әскери қызметшілерден сақтау мен пайдалануға тыйым салынған құжаттар, бұйымдарды, заттар, құндылықтар, ақшалар мен азық-түліктерді алу
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
36. Сотталған әскери қызметшіден табылған тыйым салынған құжаттар, заттар, бұйымдар, басқа да заттар, құндылықтар, ақшалар және азық-түліктер алынып, ол туралы осы Қағидалардың 6-қосымшасындағы нысан бойынша сотталған әскери қызметшіні жеке тінту және оның заттарын қарау хаттамасы жасалады.
37. Сотталған әскери қызметшіден, оның қамауда болу мерзімінде құжаттар, заттар, бұйымдар, басқа да заттар, құндылықтар, ақшалар және азық-түліктерді алудың әрбір фактісі бойынша заттардың иесін және пайда болуын анықтау үшін қызметтік тексеріс жүргізіледі.
38. Гауптвахтаға жабылған сотталған әскери қызметшінің арызы бойынша гауптвахтада сақтаудағы құжаттар, заттар, бұйымдар, басқа да заттар, құндылықтар, ақшалар және азық-түліктер оның жұбайына (күйеуіне) немесе жақын туыстарына беріледі.
39. Сотталған әскери қызметші қайтыс болған жағдайда, сақтаудағы оған тиесілі құжаттар, заттар, бұйымдар, басқа да заттар, құндылықтар, ақшалар және азық-түліктер оның жұбайына (күйеуіне) немесе жақын туыстарына беріледі.
5-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
40. Гауптвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшілер:
1) жататын орынмен;
2) ұйқы кезінде төсек-орын жабдықтарымен: матрацпен, жастықпен, көрпемен, үш ақжаймамен, екі жастық тысымен, екі сүлгімен. Сондай-ақ әйел жынысты адамдарға гигиеналық сүлгі беріледі;
3) тамақтану кезінде асханалық ыдыспен және асханалық жабдықтармен: табақпен, сапты аяқпен, қасықпен;
4) жалпыәскери жарғылармен, кітаптармен, журналдармен және мерзімді басылымдармен;
5) жуыну керек-жарақтарымен және жеке гигиеналық заттармен қамтамасыз етіледі.
Гауптвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшілер камераларда тамақтанады.
Түнгі уақытта барлық камералар кезекші жарықпен жарықтандырылады.
Сотталғандарды ұстауға арналған камералар санитариялық талаптарға сәйкес жабдықталады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.04.2020 № 29/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Сотталған әскери қызметшілерге аптасына екі реттен кем емес ұзақтығы 15 минуттан аспайтын уақытқа суға түсуге рұқсат етіледі. Моншаға түсу аптасына бір рет, гауптвахта бастығы бекіткен күнде және уақытта рұқсат етіледі. Моншаға түсу күндері ішкі киімді және төсек-орын тысы ауыстырылады, сондай-ақ сотталған әскери қызметшілер медициналық тексерістен өткізіледі.
42. Ұсыныстар, шағымдар, арыздар жазу үшін сотталған әскери қызметшілерге олардың өтініші бойынша жазуға қажетті заттар беріледі (қағаз, қалам).
43. Гауптвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 38/ҚБП бұйрығымен бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтау нормаларына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11435 болып тіркелген) сәйкес азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.
Оларды тамақтандыруға тіркеу азық-түлік аттестаттары бойынша жүргізіледі.
Азық-түлік аттестаттары жоқ сотталғандар гауптвахта балансында тұрған әскери бөлім командирінің бұйрығынан үзінді бойынша жабдықталымға алынады.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 07.06.2016 № 51 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің азық-түлік пен алғашқы қажеттілік заттарын сатып алуы
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
44. Сотталған әскери қызметшілер ай сайын азық-түлік пен алғашқы қажеттілік заттарын алу үшін өздерінің жеке шоттарындағы қаражаттарынан бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ақшаларын жұмсауға рұқсат етіледі.
45. Сотталған әскери қызметшілерге осы Қағидалардың 5-қосымшасындағы тізбеге сәйкес сәлем-сауқат арқылы азық-түліктерді, алғашқы қажеттілік заттарын, аяқ киім, киім және басқа да өндірістік тауарларды алуға және өзінде сақтауға рұқсат етіледі.
7-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің сәлем-сауқаттарды, жөнелтулер мен бандерольдерді алуы және жөнелтуі, сондай-ақ ақшалай аудармаларды алуы
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
46. Сотталған әскери қызметшілерге айына бір рет сәлем-сауқаттар қабылдауға, алғашқы қажеттілік заттары және мезгіл бойынша киімдері бар жөнелтулер мен бандерольдер қабылдауға рұқсат етіледі.
Жөнелтілуге рұқсат етілген заттардың тізбесі гауптвахтаның стендінде мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінеді.
47. Науқас сотталған әскери қызметшілер медициналық қорытындымен белгіленген дәрілік заттары мен медициналық белгіленген заттары бар сәлем-сауқаттарды және жөнелтулерді алады.
48. Жөнелтілуді алып келген адам осы Қағидаларының 7-қосымшасындағы нысанға сәйкес арызды екі нұсқада толтырып, қол қояды. Арыздың екі нұсқасы, жөнелтілу, жөнелтілуді жеткізіп салушының жеке куәлігін растайтын құжат гауптвахта қызметкеріне беріледі.
49. Жөнелтуді қабылдап, гауптвахта қызметкері келушіге оның жеке басын анықтайтын құжатын, мәлімдеменің алғашқы нұсқасын қабылдау туралы қолымен қайтарып, екінші нұсқасын сотталған әскери қызметшінің жеке ісіне қосып қояды. Жеке іске жөнелтілуді қабылдау туралы белгі қойылады. Арызға қол қоюдан бас тартқан кезде, ол туралы тиісті белгі қойылады.
50. Сәлем-сауқатта, жөнелтуден, бандерольде, хатта анықталған тыйым салынған заттар, оны жеткізіп салған адамға, қайтару себебі көрсетіле отырып, қайтарылады. Пошта арқылы осы Қағидалардың 5 қосымшасындағы Тізбесінде көрсетілмеген тыйым салынған заттар, бұйымдар, ақшалар мен бағалы заттар алынған жағдайда, ол заттар сотталған әскери қызметшінің сақтауда жатқан жеке заттарына қосылады.
51. Жөнелтілулер мынадай жағдайларда қабылданбайды және келушіге қайтарылады:
1) адресат иесі гауптвахтадан босатылғанда;
2) сотталған әскери қызметші қайтыс болғанда;
3) жөнелтілуді жеткізген адам өзінің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынбағанда;
4) жөнелтілулердің салмағы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында қарастырылған нормаға сәйкес болмауы;
5) жөнелтілулерді қабылдау арызы дұрыс ресімделмегенде;
6) сотталған әскери қызметшінің өзіне арналған жөнелтілуді қабылдаудан жазбаша бас тартуы болғанда
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.52. Сәлем-сауқат, бандероль немесе жөнелтілу сотталған әскери қызметшіге оларды қабылдағаннан кейін бір тәуліктен кем емес уақытта қолына беріледі.
53. Медициналық қорытындыға сәйкес сотталған әскери қызметшілер медициналық қажеттіліктер мен дәрілік заттарға ие болса, ол жөнелтілулер, бандерольдер мен сәлем-сауқаттар қатарына жатпайды.
54. ҚАК 108-бабының 4 бөлігіне сәйкес сотталған әскери қызметшілер айына екі реттен жиі емес ақшалай аударымдарын алуға ие бола алады, сондай-ақ ақша көлемі өзінде жалпы сома жиырма айлық көрсеткіштерден жоғары болмауы тиіс.
8-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің хаттарды, сондай-ақ шағымдарды, өтініштер мен ұсыныстарды алуы және жөнелтуі
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.04.2020 № 29/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
55. ҚАК 86-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес сотталған әскери қызметшілерге айына бір рет өз қаражатына хаттарды қабылдауға немесе жөнелтуге жол беріледі.
Сотталған әскери қызметші гауптвахтадан кеткеннен кейін оның атына келіп түскен хаттар үш жұмыс күнінен кешіктірілмей оның жазасын өтеу орны, қызмет өткеру орны не болмаса тұрғылықты жерiнің мекенжайы бойынша жөнелтіледі.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.04.2020 № 29/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 26.07.2024 № 105/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.56. Сотталған әскери қызметшілермен жіберетін және қабылдайтын корреспонденциясына бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 86 қбп бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9754 тіркелген) бекітілген сотталғандардың жіберетін және қабылдайтын корреспонденциясына бақылау жүргізу Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
57. Жаза өтеу мекемелердегі ерлі-зайыптылар немесе туыстар болып табылмайтын сотталғандардың арасындағы хат алмасу ҚАК 108-бабының 3 бөлігіне сәйкес гауптвахта әкімшілігінің рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
58. Сотталған әскери қызметшілердің ұсыныстары, өтініштері мен шағымдары осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сотталған әскери қызметшілердің ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын тіркеу кітабында тіркеледі.
Сотталған әскери қызметшілер сотқа, прокуратура органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға электрондық құжат түрінде жүгіне алады.
Гауптвахта аумағында және үй-жайында қолжетімді орындарға сотталған әскери қызметшілердің гауптвахта лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне шағымдар беруіне арналған арнайы пошта жәшіктері орнатылады.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.04.2020 № 29/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.59. Гауптвахтада осы Қағидаларының 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша гауптвахтаны инспекциялаумен айналысатын адамдардың ұсыныстары мен ескертулерінің кітабы жүргізіледі.
9-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің телефонмен сөйлесулері
Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
60. Сотталған әскери қызметшіге жұбайымен (күйеуімен), туған туысымен өз қаражаты есебінен телефон арқылы жұбайы (күйеуі), жақын туысы ауыр сырқатқа шалдыққан кезде, отбасына материалдық зардабын тигізген табиғи апаттарда және басқа да жеке қатынастағы жағдайларға байланысты сөйлесуге болады.
61. Осы Қағидалардың 60-тармағында көрсетілген жағдайлар орын алған кезде сотталған әскери қызметшілер үшін әрбір телефонмен әңгімелесудің ұзақтығы он бес минуттан кем емес болуы керек.
Телефондық байланыстар сотталған әскери қызметшінің немесе оның жұбайының (әйелінің), туыстарының жеке қаражаты есебінен іске асырылады.
62. ҚАК 109-бабының 1 бөлігіне сәйкес гауптвахта әкімшілігі сотталған әскери қызметшінің әлеуметтік байланысын қолдау үшін қолданыстағы телекоммуникациялардың құралдарын пайдаланады.
10-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің гауптвахта сыртына шығуы
Ескерту. 10-тарау алып тасталды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 26.07.2024 № 105/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің дiни рәсімдерді жасауы
Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
69. ҚАК 13-бабының 1 бөлігіне сәйкес гауптвахтада ұсталған сотталған әскери қызметшілерге ар ождан мен дін тұту бостандық құқығына кепілдік беріледі.
70. Діни рәсімдерді жасау ерікті болып табылады, және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 тамыздағы № 503 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9722 тіркелген) бекітілген бас бостандығынан айыруға сотталғандарға діни рәсімдерді атқаруға жағдайларды жасау бойынша Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
12-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді мекемені абаттандыру және өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстарға тарту
Ескерту. 12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
71. Сотталған әскери қызметшілер гауптвахтаның шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарына аптасына екі сағаттан аспайтын уақытқа тартылады.
72. Сотталған әскери қызметшілер камераларды, гауптвахтаның басқа да орындарын кезек тәртібімен жинастырады, сондай-ақ гауптвахта аумағын абаттандыру жұмыстарымен айналысады.
73. Сотталған әскери қызметшілер мекеме мен оның аумағын күзету мен бақылауға арналған инженерлік-техникалық құралдарын жөндеу мен пайдалануға байланысты жұмыстарды атқаруға жіберілмейді.
13-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің газеттерге және журналдарға жазылуы
Ескерту. 13-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
74. Гауптвахтада ұсталушы сотталған әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының байланыс бөлімшелері арқылы таратылатын газеттер мен журналдарға өз қаражаты есебінен жазылу құқығы беріледі.
75. Жазылуды ресімдеу үшін сотталған әскери қызметшілер гауптвахта бастығының атына арыз арқылы өтініш білдіреді. Өз қаражаты есебінен жазылуды ресімдеуге өтініш білдірген сотталған әскери қызметшіге абонемент бланкісі және жеткізу карточкасы беріледі.
76. Байланыс бөлімінде жазылуды ресімдеуді гауптвахтаның қызметкері сотталған әскери қызметшінің есеп шотындағы қаражат арқылы іске асырады.
77. Жазылуды басқа мекен жайға жіберу жазылушының қаражаты есебінен оның жазбаша өтініші бойынша ӘПО басшылығының рұқсатымен жүзеге асырылады.
78. Жазылуды сотталған әскери қызметшінің атына оның жұбайы (зайыбы) немесе туысқандары ресімдей алады.
79. Жазылу ресімделуі мүмкін басылымдардың саны шектелмейді.
80. Сауда желісі арқылы қабылданатын әдебиеттері бар бандерольдер сотталған әскери қызметшілер алуға жататын бандерольдер мен сәлем-сауқаттар санына кірмейді.
81. Жазба құралдары, әдебиеттер, сондай-ақ журналдар мен газеттер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес сақталады.
14-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді медициналық-санитарлық қамтамасыз ету
Ескерту. 14-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
82. Гауптвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшілер медициналық көмек алу үшін медициналық қызметкерге (фельдшерге) күн сайынғы камераларды аралау кезінде өтініш білдіреді, ал қатты сырқатқа шалдыққан жағдайда гауптвахтаның кез келген қызметкеріне өтініш білдіреді. Сотталған әскери қызметші көмек сұраған қызметкер оған медициналық көмек көрсету шараларын қабылдап, медициналық қызметкерді шақыртады.
83. Денсаулығына шағым білдірген сотталған әскери қызметші медициналық қызметкердің қорытындысы бойынша қажет болған жағдайда шұғыл білікті медициналық көмек алып, айдауылмен денсаулық сақтау ұйымының емдеу мекемесіне жөнелтілуі тиіс. Сотталған әскери қызметшіні денсаулық сақтау ұйымының мекемесіне орналастыру туралы ақпаратты гауптвахта бастығы прокурор мен әскери бөлім қолбасшылығына тез арада хабарлап, сотталған әскери қызметшіні күзету үшін айдауыл қояды.
84. Сотталған әскери қызметші ауыр сырқатқа ұшыраған немесе қайтыс болған жағдайда гауптвахта бастығы жазбаша түрде ол туралы сотталғанның жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына, прокурорға, әскери бөлім қолбасшылығына хабарлайды. Қайтыс болған адамның денесі патологоанатомиялық зерттеуден, сондай-ақ тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін оны талап еткен адамдарға беріледі.
85. Сотталған әскери қызметші жазылғаннан кейін сот шешімі өзгермесе, ол айдауылдың еріп жүруімен қайта гауптвахтаға жіберіледі.
86. Сотталған әскери қызметшілерге көрсетілетін амбулаторлық көмек камераларда жүргізіледі. Дәрі-дәрмектер дәрігердің тағайындауымен, көрсетілген мөлшерлерде жеке қол қою арқылы беріледі.
87. Ағымдық шығындарға арналған барлық дәрілік заттар және шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған мүліктер құлыппен жабылатын орын-жайлардағы арнайы шкафтарда сақталуы тиіс. Орын-жай мөрленеді.
Дәрілік заттарды науқасқа берер алдында олардың дәрігердің нұсқаулығына сәйкестігі мен жарамдылық мерзімі тексеріледі.
88. Медициналық қызметкер (гауптвахтаның фельдшері) сотталған әскери қызметшілердің күн сайынғы сыртқы тексерісін, сонымен қатар гауптвахтаға тергеу амалдарына немесе сот отырыстарына қатысқаннан кейін келгендерді дене жарақаттары мен инфекциялық ауруларын анықтау мақсатында тексереді. Инфекциялық науқастарды анықтаған кезде олар шұғыл түрде оқшауланып, кешенді эпидемияға қарсы шаралар іске асырылады. Дене жарақаттарын анықтау мақсатында қарастыру нәтижелері бойынша акт жасалады.
89. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның медициналық ұйымдар қызметкерлерімен куәландыруды жүргізу үшін дене жарақаттарын алған адам немесе оның заңды өкілі, адвокаты гауптвахта бастығының атына арыз жазады. Арыз бір тәулік ішінде қарастырылуға тиіс.
90. Сотталған әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсетудің өзге де мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысымен және денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 07.06.2016 № 51 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15-тарау. Күн сайын серуенге шығару
Ескерту. 15-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
91. Әр гауптвахта жанында гауптвахтада сотталған әскери қызметшілерді серуенге шығаруға арналған, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес серуендеу ауласының сипаттамасына лайық белгіленген үш метрден биік емес тығыз дуалмен қоршалған, үстінен металл тормен жабдықталған аула болады.
92. Сотталған әскери қызметшілер ҚАК 86-бабы 2 бөлігінің 6 тармағының талаптарына сәйкес күн сайын серуенге шығарылады. Серуендеуді жүргізу уақытын гауптвахтаның әкімшілігі күннің ішкі тәртібі мен ауа райы жағдайларын ескере отырып бекітеді.
93. Серуен камералар бойынша жүргізіліп, сотталған әскери қызметшілер осы Қағидаларда белгіленген талаптарды бұзған жағдайда гауптвахта бастығының (ауысым бастығының) шешімімен мерзімінен бұрын аяқталады.
94. Серуеннен босатылуды гауптвахтаның бастығы сотталған әскери қызметшінің өтінішінен кейін жүзеге асырады.
16-тарау. Сотталған әскери қызметшінің адвокатпен, туыстарымен және өзге де адамдармен кездесуі
Ескерту. 16-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
95. Сотталған әскери қызметшілерге ұзақтығы екі сағат қысқа мерзімді кездесулер беріледі.
96. Сотталған әскери қызметшінің туысқаны болып табылмайтын адамдарға кездесу осындай адамдар еркін нысанда өтініш бергеннен кейін ӘПО бастығының рұқсатымен беріледі.
97. Зайыбымен (жұбайымен), туысқандарымен немесе өзге де адамдармен сәлем-сауқат алу құқығымен қысқа мерзімді кездесуі гауптвахта қызметкерлерінің бақылауымен арнайы жабдықталған бөлмеде қандай да бір заттарды беруге жол бермейтін, бірақ осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес көзбе-көз сөйлесуге кедергі келтірмейтін бөліп тұратын аралық арқылы жүргізіледі.
98. Кездесу гауптвахта бастығы белгілеген жалпы кезегі тәртібінде беріледі. Кездесуге келген адамдар кездесу кезіндегі ережелер туралы ақпараттандырылады және егер осы Қағидаларда белгіленген талаптар бұзылған жағдайда кездесу тоқтатылатыны туралы ескертіледі.
99. Кездесуге жеке басын куәландыратын құжатсыз не болмаса мас жағдайда келген адамдарға, сондай-ақ рұқсаттамада көрсетілмеген адамдарға кездесуге рұқсат берілмейді. Кездесуге рұқсат берілмеген себебін келген адамға гауптвахтаның бастығы (смена бастығы) жариялайды.
100. Сотталған әскери қызметшімен оның жазбаша немесе ауызша өтініші бойынша адвокаттың білікті заңды көмек көрсетуі мақсатында берілетін кездесу санына шектеу қойылмайды.
101. Сотталған әскери қызметшімен кездесуге рұқсат алған адамдарға гауптвахтаға ӘПО бастығының рұқсатынсыз байланыс, техникалық құралдарын, компьютерлер, кино, фото, аудио, бейне аппаратурасын әкелуге және пайдалануға тыйым салынады.
102. Қамау жазасын өтеу мақсатына кедергі болатын тыйым салынған құжаттар, заттар, бұйымдар, басқа да заттар, құндылықтар, ақшалар және азық-түліктерді беру жағдайлары анықталған кезде кездесулер уақытынан бұрын тоқтатылады.
103. Кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда кездесудің жүргізілуіне жауапты гауптвахтаның қызметкері жазбаша түрде бұл туралы гауптвахта бастығына себебін көрсете отырып хабарлайды.
104. Сотталған әскери қызметкерлермен қысқа мерзімдік кездесуді тоқтатқан жағдайда (карантинмен, ерекше жағдайлар тәртібін енгізумен байланысты), гауптвахта бастығы ол туралы қылмыстық-атқарушылық қызмет саласында бақылау жүргізетін прокурорға хабарлап, ӘПО бақылау-өткізу пунктіне тиісті хабарландыру іледі.
17-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің тергеу әрекеттері мен сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету
Ескерту. 17-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
105. Гауптвахтадағы сотталған әскери қызметшіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізу үшін ӘПО басшылығы сотқа дейінгі тергеуді жүргізетін адамға жұмыс уақытында кедергісіз сотталған әскери қызметшімен тергеу амалдарын өткізуді қамтамасыз етеді.
106. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің (бұдан әрі – ҚІЖК) 209-бабы 2-бөлімінің талаптарына сәйкес кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқа кезде сотталған әскери қызметшілер жауап алуға тек күндізгі уақытта шақырылады.
107. Сотталған әскери қызметшілерге гауптвахтадан тысқары жерлерге тергеу амалдарына қатысу үшін немесе сот отырыстарына кетер алдында ыстық тамақ беріледі.
108. Сотталған әскери қызметшілерді гауптвахтаның кезекші ауысымының тапсыру-қабылдау кезеңінде, күн тәртібі бойынша ас қабылдау кезінде (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас), сонымен қатар кешкі уақытта (кешкі сағат жиырма екіден келесі күннің таңғы сағат алтыға дейін) сотқа дейінгі тексеру жүргізетін адамның шақыртуымен камерадан шығаруға ҚІЖК көзделген жағдайларды қоспағанда тыйым салынады.
109. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізетін адамның заңды талабымен гауптвахта аймағында тергеу амалдарын, амбулаторлық сот-психиатриялық және басқа да сараптамалар жүргізу үшін гауптвахтаның бастығы:
1) жабдықталған орын-жай ұсынады;
2) сотталған әскери қызметшіні жеткізіп, оны күзетуді қамтамасыз етеді;
3) тергеу амалдарына қатыстырылған басқа да адамдардың гауптвахта аумағына өтуін қамтамасыз етеді.
110. Істі апелляциялық инстанцияда қарастыру туралы, істі бір органнан басқа органға беру туралы хабарламалар сотталған әскери қызметшіге жарияланып, оның жеке ісіне тігіледі.
18-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді көтермелеу мен жазалауды қолдану
Ескерту. 18-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
111. Гауптвахтаға ұсталатын сотталған әскери қызметшілерге жақсы тәртіп сақтағаны үшін ҚАК 128-бабына сәйкес келесі көтермелеулер қолданылады:
1) бұрын салынған жазаның мерзімінен ерте алынуы;
2) алғыс жариялау;
3) қосымша қысқа мерзімдік кездесуге рұқсат беру;
4) мерекелік күндері бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алғашқы қажеттілік заттары мен азық-түліктер алуға қосымша ақшалай шығындар жасауға рұқсат ету.
112. Ішкі тәртіпті және гауптвахтада ұстау тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін сотталған әскери қызметшіге мынадай жазалау шаралары қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) сотталғандарды жалғыз адамдық камераға он бес тәулікке қамау.
113. Сотталған әскери қызметші гауптвахтадағы ішкі тәртіптеме және ұсталудың тәртібінің қағидаларын бұзған жағдайда, осы Қағидалардың 22-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, оған қатысты гауптвахта бастығы немесе оның орнына қалған тұлғамен ескерту түріндегі жаза қолданылады.
114. Сотталған әскери қызметші гауптвахтадағы ішкі тәртіптеме және ұсталудың тәртібінің қағидаларын қайталап бұзған жағдайда, осы Қағидалардың 22-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, оған қатысты гауптвахта бастығы немесе оның орнына қалған тұлғамен сөгіс түріндегі жаза қолданылады.
115. Сотталған әскери қызметшілерге жалғыз адамдық камераға ауыстыру түріндегі жаза осы Қағидалар 22-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда гауптвахта бастығының не болмаса оны алмастыратын адамның қаулысы бойынша қолданылады.
Әскери қызметшілерді жалғыз адамдық камерада ұстау мерзімі көрсетілген үй-жайларға нақты жабылған күннен бастап есептеледі.
Сотталған әскери қызметшілерге қатысты жалғыз адамдық камерада ұстауды жазалау шарасын қолдану туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.04.2020 № 29/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.116. Сотталған әскери қызметшіге жаза қолдану туралы қолхат арқылы жарияланып, жеке ісіне қосылады.
117. Ауызша жарияланғандардан басқа барлық көтермелеулер мен жазалар гауптвахта бастығымен жарияланып, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сотталған әскери қызметшілерді көтермелеу және жазалау кітабында тіркеледі.
118. Жалғыз адамдық камераға орналастыру туралы кезекші ауысым бастығының баянатымен гауптвахта бастығына мәлімденеді, ал ол өз кезегінде ӘПО басшылығына баяндайды.
19-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді гауптвахта бастығының жеке қабылдауы
Ескерту. 19-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
119. Сотталған әскери қызметшілерді гауптвахта бастығының жеке қабылдауы күн сайын, жұмыс уақытында мерекелік және демалыс күндерінен басқа күндері өткізіледі.
120. Сотталған әскери қызметшілердің жеке қабылдауы оларға хабарланған гауптвахта бастығымен бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.
121. Сотталған әскери қызметшілерді жеке қабылдауға жазуды гауптвахта қызметкерлері күн сайын камераларды аралаған кезде іске асырады. Олар жазбаша немесе ауызша түрде тіркеліп, осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Гауптвахта бастығының жеке қабылдауы туралы журналға (бұдан әрі – Жеке қабылдау журналы) тіркеледі.
122. Қабылдау берілген арыздардың кезегіне сәйкес өткізіледі. Қабылдау аяқталғаннан кейін сотталған әскери қызметшінің арызында және жеке қабылдау журналында оның нәтижелері белгіленеді. Арыз сотталған әскери қызметшінің жеке ісіне тігіледі.
123. Гауптвахта бастығының сотталған әскери қызметшінің туыстарын, зайыбын (жұбайын) немесе басқа да адамдарды жеке қабылдауы қызметтік бөлмеде, гауптвахтаның ақпараттар стендіне ілінген кестеге сәйкес өткізіледі.
124. Гауптвахта бастығының сотталған әскери қызметшілердің туыстарын, зайыбын (жұбайын) немесе басқа да адамдарды жеке қабылдауының нәтижелері жеке қабылдау журналында белгіленеді.
20-тарау. Қайтыс болған сотталған әскери қызметшінің мәйітін беру
Ескерту. 20-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
125. Сотталған әскери қызметшілердің қайтыс болуы туралы ӘПО басшылығы тез арада прокурорға, зайыбына (жұбайына) немесе жеке істе көрсетілген жақын туыстарына, әскери бөлім қолбасшылығына хабарлайды. Егер сотталған әскери қызметшінің зайыбы (жұбайы) немесе жақын туыстары гауптвахта орналасқан жерден басқа қалада немесе басқа елді мекенде тұрақтаса, онда хабарды телеграф арқылы хабарлайды.
126. Қайтыс болған сотталған әскери қызметшілердің денесі жақын маңда орналасқан денсаулық сақтау мекемесінің мәйітханасына сақталуға 7 күннен аспайтын уақытқа немесе уәкілетті органның қайтыс болу фактісін тексеру уақыты аяқталғанға дейін жолданады.
127. Денені беру қылмыстық істі өндіріске алған органның немесе адамның рұқсаты арқылы, зайыбының (жұбайының), жақын туыстарының жазбаша арызы бойынша өткізіледі. Денені алу үшін қабылдаушының жеке басын растайтын куәлігі болу керек.
128. Қайтыс болған адамның зайыбына (жұбайына) немесе жақын туыстарына қайтыс болу туралы куәлікті алудың тәртібі түсіндіріледі.
129. Егер қайтыс болған адамның зайыбы (жұбайы) немесе жақын туысқандары денені уақытында алып кетуге шамалары келмесе, олар ол туралы хабарлап, оны орнатылған мерзімнен көбірек уақыт сақтау үшін төлем жасау керек.
130. Көрсетілген мерзімде алып кетілмеген қайтыс болған сотталған әскери қызметшінің денесі мемлекет есебінен жерленеді.
21-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді босату
Ескерту. 21-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.10.2018 № 85/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
131. Сотталған әскери қызметшіні жазаны өтеуден босату ҚАҚ 161-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
ҰҚК әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Бекітемін
Әскери полиция органының бастығы
___________________________________
(лауазымы, қолы, тегі және аты-жөні)
20 ___ жылғы " ___ " __________
ІШКІ ТӘРТІПТЕМЕ
1. Сотталған әскери қызметшілер осы Қағидалардың талаптарын сақтайды және гауптвахта қызметкерлерінің нұсқауларын орындайды.
2. Гауптвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшілерге мынадай ішкі күн тәртібі белгіленеді:
Р/с | Өткізілетін іс-шаралардың атауы | Ұзақтығы | Өткізу уақыты | |
басталуы | аяқталауы | |||
1. | Тұрғызу | 10 мин | 6.00 | 6.10 |
2. | Сотталғандарды тексеру, төсек жабдықтарын тапсыру, сәкіні көтеру | 20 мин | 6.10 | 6.30 |
3. | Таңертеңгі жуынып-шайыну | 40 мин | 6.30 | 7.10 |
4. | Гауптвахтаның камералары мен орын-жайларын жинастыру | 40 мин | 7.10 | 7.50 |
5. | Таңертеңгі тексеріп қарау | 30 мин | 7.50 | 8.20 |
6. | Ертеңгі ас | 20 мин | 8.20 | 8.40 |
7. | Гауптвахта қызметкерлерінің камераларды аралап шығуы | 20 мин | 8.40 | 9.00 |
8. | Жуыну | 20 мин | 13.20 | 13.40 |
9. | Түскі ас | 40 мин | 13.40 | 14.20 |
10. | Жеке уақыт | 60 мин | 14.20 | 15.20 |
11. | Серуендеу | 90 мин | 15.20 | 16.50 |
12. | Шаруашылық жұмыстар өткізу | 90 мин | 16.50 | 18.20 |
13. | Жеке уақыт | 40 мин | 18.20 | 19.00 |
14. | Кешкі ас | 30 мин | 19.00 | 19.30 |
15. | Мерзімдік басылым мен журналдарды қарау | 50 мин | 19.30 | 20.20 |
16. | Гауптвахтаның камералары мен орын-жайларын жинау | 40 мин | 20.20 | 21.00 |
17. | Кешкі жуыну | 30 мин | 21.00 | 21.30 |
18. | Кешкі тексеру | 20 мин | 21.30 | 21.50 |
19. | Төсек жабдықтарын беру, сәкілерді түсіру | 10 мин | 21.50 | 22.00 |
20. | Ұйықтау | 22.00 |
Гауптвахта бастығы
___________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты жөні)
" __ " _______ 20___ж.
ҰҚК әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
20___ жылы қамауға сотталған әскери қызметшілерді есепке алу кітабы
Басталуы: 20__ ж. "__"_____
Аяқталуы: 20__ ж. "__"_____
Сыртқы беті
№ р.с, қамауға алынған күні мен уақыты | Лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Әскери бөлімнің нөмірі | Қандай сотпен сотталған | ҚК қандай бабымен сотталған | Қандай мерзімде және қандай камерада ұсталады | Сақтауға қабылданған құжаттар, заттар, бұйымдар, құндылықтар ақшалар және азық-түліктер | Қамаудың мерзімі қашан аяқталады | Сотталған әскери қызметшіні қабылдау барысында медициналық тексеріп қарау, моншада шомылу және дене қарауын жүргізу уақыты туралы жазба (медицина қызметкерінің қолы) | Босатылуы туралы жазба | Гауптвахтаға қабылдану барысында құжаттар, заттар, бұйымдар, құндылықтар ақшалар және азық-түліктерді тапсырғандығы туралы қолы | Қамау мерзімін өтеп гауптвахтадан шығу барысында құжаттар, заттар, бұйымдар, құндылықтар ақшалар және азық-түліктерді алғандығы туралы қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
ҰҚК әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Бекітемін
ӘПО бастығы
___________________________________
(лауазымы, қолы, тегі және аты-жөні)
_____ жылғы "___" _________________
Камераларға орналастыру жоспары
Бөлек ұсталатындар | Камераның нөмірі | Камерадағы орындардың саны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
ӘПО бастығының орынбасары ____________________________________
(атағы, қолы, тегі және аты-жөні)
Ескертпе:
1. Камераларға орналастыруды гауптвахта бастығы немесе ауысым бастығы жүргізеді.
2. Камерадағы орналастыру жоспары ауысым бастығында, кезекші бөлімде және ӘПО басшылығында болуы қажет.
ҰҚК әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларына 4-қосымша |
Жалпы камералардың сипаттамасы
Сотталған әскери қызметшілерді ұстайтын камералардың құрылымы сыртқы қоршаған ортадан және жапсарлас бөлмелерден сенімді оқшаулануды қамтамасыз етуі тиіс. Камералардың жоспарланған үлгісі есіктегі "көзек" арқылы олардың жақсы көрінуін қамтамасыз етуі қажет.
Камераға кіретін есік металл болуы қажет. Еденнен 95 см төмен емес биіктікте тамақ таратуға арналған желкөзі орнатылады. Камерадағы сотталған әскери қызметшілердің мінез-құлқын бақылау үшін кіретін есікке "көзек" орнатылады.
Камералардағы және жалпы пайдаланудағы орындардың (жуыну бөлмесіндегі, дәретханадағы) есіктері мен терезелері техникалық күзет құралдарымен жабдықталады. Осы орын-жайлардағы терезелерде, бұдан басқа, қажет болған жағдайда ішкі жағынан металл торқапшықтармен қапталған металл торлары болуы қажет.
Жалпы камера шайқалмалы орындықтармен, үстелмен, бір адамға 0,4 метр есебінен ағаш сәкімен, түкіргішпен, ауыз суы бар ыдыспен және сапты аяқпен жабдықталады. Камералардың барлық жабдықтары еденге бекітіледі. Барлық камералар радио хабар құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Офицерлер мен әйел-әскери қызметшілерді ұстауға арналған камераларда сәкі, үстел, орындық, жеке заттарға және туалет керек-жарақтарына арналған тумбочка, ауыз суы бар ыдыс және сапты аяқ, киім ілігіш және түкіргіш болуы қажет.
Барлық камералардың құлпы бірдей және бірккелкі кілттермен жабылуы тиіс. Бір кілт ауысым бастығында, екіншісі гауптвахта бастығында және үшіншісі ӘПО бойынша кезекшісінде сақталуы тиіс. Камералардың терезелерінің ішкі жағында терезе ойықтарынан кіруді шектейтін металл торлар орнатылуы тиіс.
Гауптвахта дәліздерінде туалет керек-жарақтары мен аяқ киім тазалайтын керек-жарақтарға арналған құлыпқа жабылатын шкафтар болуы тиіс. Шкафтардың кілттері гауптвахта бастығында (кезекші ауысымда) сақталады. Жылы күртешелер мен бас киім қамауға алынғандардың заттарын сақтау бөлмелерінде сақталады.
ҰҚК әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларына 5-қосымша |
Сотталған әскери қызметшілердің өзінде сақтауға, сәлем-сауқаттармен алуға болатын
азық-түліктің, киімнің, аяқ киімнің, бірінші кезектегі қажет заттар мен басқа да
өндірістік тауарлардың
ТІЗБЕСІ
Гауптвахтаға жабылған сотталған әскери қызметшілер келесі заттарды сәлем-сауқаттар арқылы алады, өзімен бірге ұстай алады және қамауға алынғандардың заттарын сақтау бөлмесінде сақтай алады:
1) азық-түліктер, жылу өңдеуді талап ететін, сақтау мерзімі өтіп кеткен немесе тез бұзылатын, сондай-ақ ашытқы, алкоголдік ішімдіктер мен сырадан басқа. Сотталған әскери қызметшіге өзімен бірге сақтауға рұқсат етілген азық-түліктер, алғашқы қажеттілік заттар, аяқ киім, киім мен басқа да өндірістік тауарлардың жалпы салмағы отыз бес килограммнан аспауы қажет;
2) темекі өнімдері, сіріңке;
3) белдік белбеулерсіз, аспа баусыз бір жиынтық киім (оның ішінде белгіленген үлгідегі) маусым бойынша бас киім, аяқ киім (тақасыз, металл нәлсіз және баусыз);
4) ішкі киім;
5) шұлық;
6) қолғап немесе биялай;
7) қол орамал;
8) дәретхана керек-жарақтары: (иіс, кір сабын, дәретхана қағазы, сусабын (ӘПО медицина қызметкерінің тағайындауы бойынша), тіс пастасы, тіс щеткасы, сабын мен тіс щеткасына арналған пластмасса қабы, кремдер, тарақ), жөке немесе жұмсақ ысқыш, электр немесе механикалық ұстара, бір реттік пайдаланылатын қауіпсіз ұстара (гауптвахтаның камераларынан тыс орналасқан қамауға алынғандардың мүлкін сақтауға арналған құлыппен бекітілетін арнайы шкафта сақталады);
9) көзілдіріктер және көзілдіріктерге арналған пластмасса қабы;
10) шұлықтар мен шұлық дамбалдар, үшкіл орамалдар, рейтуздар, белдік, дәке, мақта, бюстгальтерлер, шашқа арналған қыстырғыштар, гигиеналық керек-жарақтар (әйелдерге арналған);
11) шарикті автоқалам, оларға желі, қарындаштар;
12) хат жазуға арналған қағаз, пошталық конверттер, ашық хаттар, пошталық маркалар;
14) көркем және өзге де әдебиет, сондай-ақ мерзімдік басылымдар;
15) аталғандардан басқа, қылмыстық іске қатысты немесе олардың құқықтарын іске асыру бойынша заңды мүдделеріне қатысты құжаттарын, жазбаларын, сондай-ақ пошта жөнелту бланкілері, ақша, құнды заттарды, құжаттарды және басқа да заттарды сәлем-сауқаттарда ала алады және қамалған гауптвахтаның заттарды сақтау бөлмесінде сақтай алады.
Осы Тізбеде қарастырылмаған заттар тыйым салынған заттар болып саналады.
ҰҚК әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
Сотталған әскери қызметшіні жеке тінту жүргізу және оның заттарын қарау хаттамасы
201 _ ж. "___" ________ ____________________
(толтыру орны)
Тінту мен қарау басталуы: _____ сағ. _____ мин.
Тінту мен қарау аяқталуы: _____ сағ. _____ мин.
____________________________________________________________________,
(жеке тінту және қарау жүргізген адамның лауазымы, атағы, тегі,
аты, әкесінің аты)
_________________________________________________ орын-жайында ҚР ҚАК
98-бабының талаптарын сақтай отырып, сотталған әскери қызметші
_____________________________________________________________________
(сотталған әскери қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты)
жеке тінту және оның заттарына қарау жүргізгені туралы осы хаттаманы
толтырды.
____________________________________________________________________,
жеке тінту және қарау жүргізген адамның лауазымы, атағы, тегі,
аты, әкесінің аты)
Сотталған әскери қызметшіні _________________________________________
(сотталған әскери қызметшінің тегі, аты,
әкесінің аты)
жеке тінту және заттарына қарау жүргізу алдында, оған өз еркімен
гауптвахтаның ішкі тәртіптемесі қағидаларында көзделмеген, тыйым
салынған құжаттар, заттар, бұйымдар, басқа да заттар, құндылықтар,
ақшалар және азық-түліктерді тапсыру ұсынылып, ол мынадай жауап
берді:
_____________________________________________________________________
және өз еркімен берді:
1) __________________________________________________________;
2) __________________________________________________________;
3) __________________________________________________________.
Содан кейін_________________________________________________________,
(жеке тінту және қарау жүргізген адамның лауазымы, атағы,
тегі, аты, әкесінің аты)
Сотталған әскери қызметші______________________________________
(сотталған әскери қызметшінің тегі, аты,
әкесінің аты)
жеке тінту және заттарына қарауды жүргізуге кірістім.
Сотталған әскери қызметші мынадай киім киген __________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сотталған әскери қызметшіде мынадай заттар бар:________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сотталған әскери қызметші______________________________________
(сотталған әскери қызметшінің тегі, аты,
әкесінің аты)
жеке тінту және заттарына қарауды жүргізу нәтижесінде мыналар
анықталды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сотталған әскери қызметшіге жеке тінту және оның заттарын қарап
тексеру нәтижесінде мыналар алынды (гауптвахтаның ішкі тәртіптемесі
қағидаларында көзделмеген құжаттар, заттар, бұйымдар, басқа да
заттар, құндылықтар, ақшалар және азық-түліктерді):
1) _________________________________________________________;
2) _________________________________________________________;
3) _________________________________________________________.
Сотталған әскери қызметшіге жеке тінту және оның заттарын қарап
тексеру барысында түскен ескертулер_________________________________
Хаттама_______________________________________________ оқылды.
(өзі немесе жеке тінту мен қарау жүргізген адам
дауыстап)
Сотталған әскери қызметшінің ескертулері, қосымшалары,
арыздары:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сотталған әскери қызметші _____________________________________
__________________________________________ _______________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Жеке тінту және заттарды қарап тексеру туралы хаттаманың
көшірмесін алды:
201 _ ж. "___" __________ _____________________________________
(сотталған әскери қызметшінің тегі,
аты, әкесінің аты, қолы)
ҰҚК әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларына 7-қосымша |
Нысан
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________ тұратын
(тұрғылықты мекенжайы)
азаматтан (-шадан)___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Сотталған әскери қызметші:___________________________________________
(тегі және аты, әкесінің аты (егер болса),
туған жылы)
___________________________ үшін сәлемдемені қабылдауыңызды сұраймын.
Сәлемдемедегі азық-түлік (заттардың) тізімдемесі:
Р/с № | Азық-түліктің немесе заттардың атауы | Салмағы килограмм грамм | Саны | Ескертпе |
1 | ||||
Өтініш иесінің қолы _________________________
20 _ жылғы "__" _________
Сәлемдемені қабылдады _______________________________________________
(сәлемдемені қабылдаған қызметкердің қолы)
Сәлемдемені алдым ___________________________________________________
(сәлемдемені алған сотталған әскери қызметшінің қолы)
20 __ жылғы "____" __________
ҰҚК әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларына 8-қосымша |
Нысан
Сотталушы әскери қызметшілердің ұсыныстарын, өтініштерін
және шағымдарын тіркеу кітабы
Басталуы: 20__ ж. "__"_____
Аяқталуы: 20__ ж. "__"_____
Сыртқы беті
Р/с | Келіп түскен күні (жылы, айы, күні) | Өтініш берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және оның әскери қызметке қатысы | Өтініштің қысқаша мазмұны | Орындау үшін кімге және қашан берілді және орындаушының қолы | Орындау мерзімі | Қашан және қандай шешім қабылданды | Құжаттар тігілген іс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
ҰҚК әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларына 9-қосымша |
Нысан
Гауптвахтаны тексеретін адамдардың
ескертулер мен ұсыныстар кітабы
______________________________________
(әскери полиция органының гауптвахтасы)
Басталуы: 20__ ж. "__"_____
Аяқталуы: 20__ ж. "__"_____
Сыртқы беті
Р/с | Күні | Тексеруші адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атағы | Ескертудің мазмұны | Ұсыныстар | Орындау мерзімі | Қабылданған шаралар |
Ескертпе:
1. Кітап нөмірленеді, тігіледі, тиісті қолмен расталады және мөрмен бекітелі. Кітап гауптвахта бастығында (ауысым бастығында) сақталады.
2. Кітап гауптвахтаны тексеруге құқығы бар адамдарға қарауға және тісті жазбаларды енгізуге беріледі.
3. Тексеруші өз құзыреті шегінде барлық мәселелер бойынша негізгі ескертулер мен ұсыныстарды енгізеді.
4. Тексеруші белгілеген мерзімде, гауптвахта бастығы кемшіліктерді жойғандығы туралы ӘПО-ның бастығына баяндайды.
ҰҚК әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларына 10-қосымша |
Серуендеу ауласының сипаттамасы
Серуендеу аулаларын режимді аулада орналастыру және гауптвахтаға нығыз жалғасуы қажет. Серуендеуге шығарылатын әрбір қамауға алынғандарға сейілдеу ауласының 2,5-3 шаршы метрден (бұдан әрі - м2) болуы қажет. Сереуендеу ауласының ең аз мөлшері - 12 м2.
Серуендеу ауласы биіктігі үш метрден кем емес қалың дуалмен қоршалады. Серуендеу ауласының төбесіне металл рама бекітіледі, оған 17х17 сантиметрден артық емес тор көздері бар металл торлар орнатылады. Торлардың үстіне 5х5 сантиметрден артық емес тор көздері бар "Рабица" типті металл тор бекітіледі.
Серуендеу ауласының үстіне дуалды жағалай атмосфералық жауын шашыннан тасалау үшін ені 1,2 метрге дейін жеңіл қалқа орнатылады.
Серуендеу ауласының ортасында жерге мықтап бекітілген орындық орнатылады.
Серуендеу ауласы су көзімен қамтамасыз етілуі қажет.
Серуендеу ауласындағы барлық сотталғандар ұдайы бақылауда болу үшін серуендеу ауласында бақылаушы қызмет атқаруға арналған орын жабдықталады.
ҰҚК әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларына 11-қосымша |
Кездесуге арналған бөлменің жабдықталуы
Әр гауптвахта кабиналардан тұратын кездесуге арналған орындармен жабдықталады.
Әрбір кабина ені 140 сантиметр және ұзындығы 1 метрден кем емес металл каркастан орнатылады, қалқанды элементтерден, үстелмен және шалқаймалы орындықпен жабдықталады.
Кабиналар арасындағы қалқа әңгімелесуге арналған тесіктері бар органикалық әйнектерден жасалады.
Келушілерге арналған кабиналар ілмексіз жеңіл есіктермен жабдықталады.
ҰҚК әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларына 12-қосымша |
Нысан
Сотталған әскери қызметшілерді
жазалауды және көтермелеуді
есепке алу кітабы
Басталуы: 20__ ж. "__"_____
Аяқталуы: 20__ ж. "__"_____
Сыртқы беті
Жазаланған адамдарды есепке алу
Р/с |
Тегі, аты, әкесінің аты | Не үшін жазаланды | Жазаның түрі | Жазаны кім және қашан белгіледі | Ескертпе |
Көтермеленген ададмдарды есепке алу
Р/с |
Тегі, аты, | Не үшін көтермелеу жарияланды | Көтермелеу түрі | Көтермелеуді кім және қашан белгіледі | Ескертпе |
ҰҚК әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларына 13-қосымша |
Нысан
Гауптвахта бастығының жеке қабылдау журналы
Басталуы: 20__ ж. "__"_____
Аяқталуы: 20__ ж. "__"_____
Сыртқы беті
Р/с | Күні (жылы, айы, күні) | Келушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер болса) | Өтініштің қысқаша мазмұны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|